Қазақстандық келіншектер перзентхана қызметкерлерінің араны ашылғанын айтып дабыл қақты
Қазақстандық қыз-келіншектер арасында перзентті дүниеге әкелуге ерекше дайындалып, босанатын перзентханасы мен дәрігерін жан ұшыра іздеп, олардың қалтасын алдын ала қампайтып қою сәнге айналған.
Оның қаншалықты дұрыс немесе бұрыс екенін ешкім дөп басып айта алмайды. Бірі мұны жөн десе, кейбірі оны жемқорлық деп, одан өздерін аулақ ұстауға тырысады.
Көпбалалы ана перзентхана қызметкерлеріне ренжулі
Төртінші сәбиін дүниеге ауыр жағдайда әкелген көпбалалы ана перзентханалардағы жемқорлықтың ашық түрде жүретінін айтып, nur.kz порталы арқылы медицина қызметкерлеріне деген ренішін білдірді.
Ақшаң болмаса, сөзің жүрмейді екен
Гүлнара Иманбаева - Алматы облысының тұрғыны. Ол қазіргі таңда перзентхана қызметкерлерінің араны ашылып кеткені соншалық, «көздері бірнәрсені тілеп тұрады», - дейді. Ол өзін босандыруы үшін дәрігердің қолына ақша ұстатуды жөн көрмеген.
Тоғыз ай бойы көз дәрігерлері Гүлнар Иманбаеваға өзі босануына рұқсат бермей келген. Оған облыстық перзентханада кесарь тілігі арқылы босандырып алатындарын алдын ала айтып қойған. Алайда ота белгіленген күннен толғағы бұрын жеткен келіншекті жедел жәрдем жергілікті ауруханаға жеткізеді. Ондағы ақ халаттылар келіншекті әбден әуреге салған.
«Қазір барлық жерде ақша болмаса, сөзің жүрмейді екен. Мен толғағым келіп, ауылдық ауруханаға жеткізілдім. Олардың нені күткені белгісіз. Айырбастау картамда маған көз дәрігері өзім босануыма болмайтынын, кесарь тілігі отасы жасалуы тиіс екенін анық көрсеткен. Соны көре тұра, олар соңына дейін күтті. Күйеуім қалада түнгі ауысымда жұмыста болатын. «Қиналғанымнан, ол таңертең келеді, рахметімді айтамын», - дедім. Дәрігер маған екі қолын көтеріп, өзіне қанша сома керек екенін саусақтарымен көрсетті. Қалтамда бір тиын ақша болған жоқ. Үш балам мектепке барады», - дейді көпбалалы ана.
Қаладан күйеуі келгенше толғақ қысып, бір тәуліктен аса қиналып жатқан Гүлнара Иманбаеваны амалы таусылған акушерлер табиғи жолмен босандырып алған.
Оның айтуынша, сұраған ақшасын сол сәтте ұстатқан жағдайда олар ешқандай сөзге келместен, толғақ келмесе де, оны шақырып тудырып алатын еді.
Мүлде көзім көрмей, суқараңғы болып қалар едім
«Көзім алыстан көрмейді (-7). Бұрын басымнан жарақат алған тұста көздің ұсақ қантамырлары жарылған. Екі рет лазерьмен ота жасатқанмын. Сондықтан табиғи жолмен босануға болмайтыны о бастан өзіме де белгілі еді. Босанған уақытта енді бір тамырлар жарылса, мүлде суқараңғы болып қалушы едім. Олар мені облыстық перзентханаға рәсімдеуді созып жүріп алды. Әйтеуір, бір Алла сақтап, аман-есен босандым», - дейді Гүлнара Иманбаева.
Ақша ұстатсаң, медбикелер аяқ-қолыңды уқалап, шайыңды әкеп береді
Көпбалалы ана ауылдық перзентханада өзімен қатар босанған келіншектің ақша беріп, қалай босанғанын айтып берді.
«Менімен қатар ауруханаға түскен келіншек дәрігермен алдын ала келісіп, 50 мың теңге ұстатыпты. Айы-күні жеткен оны толғақ шақыратын дәрі беріп, сол күні-ақ босандырып алды. Медбикелер оған шайын демдеп әкеп беріп, он минут сайын палатасына кіріп, жағдайын сұрап қояды. Қайта-қайта кіріп, аяқтарын уқалап, әлгі келіншекке кеңестерін айтып қоятынын қайтесіз», - дейді ол.
Емханадағы дәрігерлер мейрамдарда сыйлық дәметіп отырады
Бес баланың анасы Жазира Тұрғамбаева да осы жайттарды растап отыр. Ол тіпті өзі тіркелген емханадағы гинеколог дәрігерлердің де мейрам сайын бірнәрсені дәметіп отыратынын айтады.
«Гинекологтың қабылдауына барғанда, мейрамдарға сыйлық күтіп отырады. «Бүгін мейрам ғой, сыйлықсыз келгеніңіз қызық екен», - деп ашықтан ашық өзіңді ұялтады. Сыйлықпен, қапшықпен барсаң сенің асты-үстіңе түсіп, бар көңілімен қарайтыны рас», - деп ағынан жарылды көпбалалы ана.

КӨРНЕКІ ФОТО: BOMBA.CO, PANDALAND.KZ
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: алдын, айтып, дейді, беріп, ауруханаға, босандырып, екенін, Гүлнара, көпбалалы, дүниеге, толғақ, сыйлық, арқылы, жүрмейді, перзентханада, дәметіп, бірнәрсені, отырады, мейрам, сөзің