Бибігүл Сүйіншәлина Ақтанқызы (1991 жылы 4 шілде)

 Бибігүл Сүйіншәлина Ақтанқызы (1991 жылы 4 шілде)

Сүйіншәлина Бибігүл Ақтанқызы - актриса, кәсіби модель.
1991 жылы 4 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген.
Кішкентай кезінде ата-анасымен бірге Мәскеуге қоныс аударған. Еңбектегі алғашқы тәжірибесі – 2 жаста теледидар жарнамасында кішкентай жапон баласының рөлін ойнаған. 9 жаста НурМур «Жұлдызым» тобының музыкалық клипіне түскен. 15 жасында келісімшарт жасап Сингапурде және Тайландта модель болып жұмыс істеген. 2006 жылы ресейлік белгілі «Громовтар. Үміт үйі» телевизиялық сериалында Файка рөлін ойнаған. Осы рөлден кейін Бибігүлді басқа жобаларға да шақыра бастады. 2007 жылы режиссер Олег Фесенконың «Сага о хантах» фильміндегі рөлде ойнады. 2009 жылы қатарынан 3 фильмде: «Трубадур» – Зарина басты рөлінде, «Астана – менің махаббатым» – Маржан басты рөлінде, Әмір Қарақұловтың «Виртуальная любовь» фильмінде – Эля басты рөлінде ойнады. 2013-2014 жылдары ресейлік «Выжить после» 12 сериялық телевизиялық фильмінде Айжан рөлінде, барлығы Бибігүл 12 кино және сериалдарда ойнаған. Қазіргі кезде ол ресейлік мемлекеттік аграрлық университетінде спорттық ат баптау мамандығы бойынша сырттай дәріс алуда. Сонымен бірге, Берлин қаласында неміс тілін үйренеді. Фотосуретке түсіру және сурет салу өнерімен шұғылданады.
Тұрмыста. Жұбайы - Иван Бурмистров (2013 жылдан бері некеде).
Кинодағы рөлдері:
2007 — Громовтар. Үміт үйі / Громовы. Дом надежды (хикая) — Файка
2010 — Трубадур (қысқаметражды) — Зарина
2010 — Дәрігер Земский / Земский доктор. Жизнь заново (хикая) — Гюльчатай
2010 — Астана – махаббатым менің / Астана — любовь моя — Маржан
2012 — Бөрібалықтар / Пираньи (мини-хикая) — Айко, Лесницкийдің қызы
2012 — Балкон / Қатар әлемдер— әпкесі
2012 — Астана- жүрегім менің / Сердце моё — Астана — Дарина
2012 — Ғаламтордағы махаббат / Виртуальная любовь / Virtual love— Эля, дизайн департаментінің бастығы
2013 — Аман қалу / Выжить после (хикая) — Айжан
2013 — Гейзе (хикая)
2013 — Ол және ол / Он и Она
2014 —Өзіңді күт / Fake: Береги себя.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру