1 қыркүйек - білім күні, алғашқы қоңырау

Құрметті оқырмандар! Алғашқы қоңырауға балабақшада мектепте балалар айтатын тақпақтар мен өлеідер жарияланды. 1 қыркүйекте білім күнінен арналған тақпақтарды айтып ата-аналарыңызды қуанта аласыз!

Тақпақтар
Толық

1 Қыркүйек - Білім күні (Бастауыш | Алғашқы қоңырау)

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу
2. Қонақтардың орналасуы
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару.
4. Салтанатты жиынды ашу, мектеп директорына сөз беру
5. Әнұран шырқалады.
6. Құттықтау сөз (қонақ, ата-ана,ұстаз)
7. Ән жолданады.
8. 1- сынып оқушыларының әдеби монтажы
9. Салтанатты жиынның жабылуы.
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Биылғы оқу жылы қалай басталады?

Алты айға созылған пандемия салдарынан 2020-2021 оқу жылы қалай басталатыны бастауыш сыныптарда оқитын, әсіресе бірінші сыныпқа баратын балалары бар ата-аналарды алаңдатқан болатын. Алайда министрлік тарапынан оңтайлы амалдар ойластырылып, білім беру саласына бірқатар өзгерістер енетіні мәлім болды.
Жаңалықтар
Толық

ДНҚ молекуласының құрылысы және қызметі. ДНҚ құрылымы(бірінші және екінші реттік құрылым). (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: ДНҚ молекуласының құрылысы және қызметі. ДНҚ құрылымы(бірінші және екінші реттік құрылым).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: ДНҚ құрылысы мен оның қызметі арасындағы байланысты орнату
Сабақ мақсаттары: Оқушы біледі:
- ДНҚ негізгі құрылымын
Оқушы түсінеді:
- ДНҚ құрылысының оның қызметімен байланысын
Оқушы жасай алады:
- ДНҚ моделін жасайды......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)

Биыл карантинге байланысты мешіттерде Ораза айт намазы жамағатпен оқылмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов мәлімдеді деп хабарлайды nur.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық

"Анамдай болып кетті". Болат Назарбаев бірінші әйелі туралы айтты.

Youtube желісіндегі Aina арнасына сұхбат берген Қазақстанның экс-президенті, қазір биліктегі "Нұр Отан" партиясының және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев бірінші әйелі туралы айтты. Оның сөзінше, бірінші әйелі қара шаңырақта тұрады. "Мен әскерден келгеннен кейін марқұм ағам Сатыбалды "Бірінші май" деген ауылда тұратын. Бауырым екеуміз Үштөбеде жүргізуші болып жұмыс істедік. Сол совхозда Гүлжанды кездестірдім (ред. бірінші әйелін айтып отыр).
Жаңалықтар
Толық

Әрқашан бірінші!

Біздің еліміз – жас мемлекет. Тәуелсіздік алғанымызға небары 28-ақ жыл болды. Осы 28 жылда елімізді басқарып, оның аяғынан нық тұруына өзіндік үлесін қосқан тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы ой толғауымды жазу мақсатында қолыма қалам алдым.

Өзі ауылдық жерде дүниеге келсе де, ел басқару дәрежесіне дейін көтеріле алған, елін көркейткен бұл тұлға туралы жазарым көп. Қарапайым жұмыскер ретінде еңбек жолын бастағандықтан болар, Әбішұлы Назарбаев қарапайым халықты түсініп, халықтың ойымен санаса білді. «Кез келген мемлекеттің қуаты халқында» деген сөздерді ұран етті. Бір шаңырақ астында 130-дан аса ұлт пен ұлыс өкілдерін сыйғыза алды. Бірлігімізді біздің қаруымызға айналдырған біртуар азаматтың көрегендігіне таң қаласың. Бұл кез-келген адамның қолынан келе бермес.

Елбасы бір сұхбатында: «Көптеген елдерді араладым. Табиғаты ғажайып талай өлкенің сұлулығына көз құмарымды суардым. Бірақ, бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…»-деп еді. Бұл Отан-анасын, туған жерін жанындай сүйетін перзенттің, нағыз патриоттың сөзі. Халқымыз жырлап кеткен батырлар дәл осындай болса керек. Елім деп, жерім деп күрескен атом бомбасы сынды зұлым күшті жеңген батырдай елестеймін мен оны......
Эсселер
Толық