Ай-ай, бозым (бірінші нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)
Балға табы кетпейді темірдегі,
Сенің бейнең өшпейді көңілдегі.
Қырғауылдың мойнындай мың құбылған,
Қылығыңды қайтейін іңірдегі.
Ай-ай, бозым,
Келе алмадым жер шалғай,
Жалғыз өзім-ау.
Қонақ үйге келмейді от алғалы,
Етіңді ас, көжеңді қотар-дағы.
Мойынындай аққудың мың құбылған,
Қылығыңды қайтейін жатардағы.
Ай-ай, бозым,
Келе алмадым жер шалғай,
Жалғыз өзім-ау.
Сенің бейнең өшпейді көңілдегі.
Қырғауылдың мойнындай мың құбылған,
Қылығыңды қайтейін іңірдегі.
Ай-ай, бозым,
Келе алмадым жер шалғай,
Жалғыз өзім-ау.
Қонақ үйге келмейді от алғалы,
Етіңді ас, көжеңді қотар-дағы.
Мойынындай аққудың мың құбылған,
Қылығыңды қайтейін жатардағы.
Ай-ай, бозым,
Келе алмадым жер шалғай,
Жалғыз өзім-ау.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ ауыз әдебиеті Ай-ай бозым (бірінші нұсқа) өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Ай-ай бозым (биринши нуска) казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ай-ай бозым (бірінші нұсқа)