4 сынып оқушыларына арналған тақпақтар

Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.



 Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Тақпақтар
Толық

1 сынып оқушыларына арналған тақпақтар

Балауса көкпеңбек,

Көктем бұл шырайлы.

Күн шуақ көктен кеп,

Төккені ұнайды.


Тәп-тәтті қырдағы бүлдірген,

Таңдайға балдай боп жағатын.

Бүлдірген тереміз бір-бірден,

Біреуі ауызды табатын.

Тақпақтар
Толық

Мектеп жасындағы есту қабілеті дамуы бұзылған баланы инклюзивті ортада әлеуметтендіру жолдары

 

Есту қабілеті бұзылған балалардың бірнеше ерекшеліктері бар. Есту қабілеті бұзылған балалары есте сақтау үшін көмекші құралдарды қолданады. Еліміздің қоғамдық өмірінде болып жатқан өзгерістер мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендірудің объективті жағдайларын айтарлықтай өзгертеді.Бұл мақалада осы процестердің анықтамалары келтірілген, сонымен қатар мектеп – жасындағы оқушыларға психологиялық - педагогикалық сипаттама берілген.

kz
Толық

Жабайы жануарлар

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Тарауы: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
Мақсаты: Жабайы аңдар тіршілігі туралы түсінік беру.
Білімділігі: Жабайы аңдарды бір-біріне ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Әрбір аңның және баласының атын дұрыс атауға жаттықтыру. олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.

Балабақша сабақ жоспары
Толық

Томирис

Томирис есімінің мағынасы - шығу тегі түркі тілі. Мағынасы "Темірді қирату", "Темірді майыстыр", яғни "темір" ~ мағынасы/----аудармасы емес...      Темірдей мықты/сонымен қатар Қайратты/Қайсар болсын деп қойған.(Қыз бала, Ұл бала бәрібір, кімге болмасын..) ...ал КөнеИран тілінен "Томруз"  - үйшіл / домашняя - деген мағынаға ие.

Есімдер мағынасы
Толық

Азамат

АЗАМАТ есімінің мағынасы – араб тілінен енген есім. Енгенде де қазақ арасына әбден сіңісті болып кеткен сөздердің бірі. Қазақ ішінде көп ұшырасқанымен, арабтар, жалпы, өзге түркілер мен мұсылман арасында мұндай ат кездеспейді. Араб тіліндегі нұсқасы – «аъзамат». Оны қазақша аударғанда «ұлы, дара, жоғары дәрежелі» деген мағынаны береді. «Ел аузында жүрер, халқына пана болар нағыз жігіт болсын» деген ниетпен қойылатын ныспы. Ел ішінде жиі кездеседі.

 
Есімдер мағынасы
Толық