Жабайы жануарлар
Ақтау қаласы
«№21 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
жанындағы «Ақбұлақ» шағын орталығы
Тәрбиеші: Мекебаева Маншук Тасболатқызы
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Тарауы: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
Мақсаты: Жабайы аңдар тіршілігі туралы түсінік беру.
Білімділігі: Жабайы аңдарды бір-біріне ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Әрбір аңның және баласының атын дұрыс атауға жаттықтыру. олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.
Тәрбиелік: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет, математика.
Сөздік жұмыс: Жыртқыш, қауіпті, ін, апан, үңгір.
Билингвальды компонент: Аю - медведь, қоян - заяц, қасқыр - волк, түлкі - лиса, арыстан - лев.
Әдістері: СТО
Тәрбиеші:
- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болады, бізге көптеген қонақтар келіпті. Қане балалар барлығымыз орнымыздан тұрып келген қонақтармен амандасып алайық.
Салемдесу:
Балалар:
Салематсыздар ма!
Здравствуйте!
Гуд монинг!
- Енді, әдеттегідей шаттық шеңберге жиналып, бүгінгі күнге сәттілік тілейміз.
Шаттық шеңбер:
Армысың, шапағатты, Күн ана
Армысың қайырымды, Аспан ана
Армысың мейірімді, Жер ана
Армысың менің достарым.
- Өте жақсы, біз енді сабағымызды бастамас бұрын, төрт топқа бөлінеміз.
Топқа бөліну.
«Көжектер», «Тиіндер», «Кірпілер», «Қонжықтар» болып төрт топқа бөлінейік.
Сабақ барысы:
«Ой толғаныс»
«Ортадағы қаламсап» стратегиясы
Әр топта қаламда балалардың есімі жазылып тұрады.
Қаламсапты алу арқылы, тәрбиші балаларға сұрақ қояды.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Үш ай. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
Балалар: Су қатады, боран соғады, аяз болады, айналаның бәрін қар жауады.
Тәрбиеші: Қандай жабайы жануарларды білесіңдер?
Балалар: Аю, қасқыр, түлкі, тиін кірпі.
Тәрбиеші: Оларды неге жабайы жануарлар деп атайды?
Балалар: Өйткені олар орманда өмір сүреді, тамақтарын өздері тауып жейді, өздеріне тұратын үй іздейді.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар сендер жақсы жауап бердіңдер!
Мағынаны табу.
1 - тапсырма: «Жабайы аңдарды сипаттау»
1. Аю - жыртқыш аң, бірақ ешкімге тиіспейді. Аюдың екі түрі болады ақ және сұр. Ақ аю суда, салқын жерлерде мекендейді. Сұр аю орманда мекендейді. Жазда жеміс - жидек тереді. Аюлар күзде май жинайды, ал қыс бойы апанда, алақанын сорып ұйықтайды. Аюлар тоңғандықтан емес, жейтін қорегі таусылғаннан кейін ұйықтайды. Орманда мекендейді.
- Аю туралы қандай ертегі білесің?
2. Түлкі - ақылды, жыртқыш аң. Түлкінің терісі бағалы. Терісінен тымақ тігеді. Оны «түлкітымақ» дейді. Түлкі қыста ұйықтамайды. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Ол жүрген ізін құйрығымен сүртіп кетіп отырады. ол кез келген қиыншылықтың бәрінен аман есен құтыла алады. Сондықтан түлкіні қу дейміз. Түлкі інде тұрады. орманда мекендейді.
- Түлкі қандай ертегілерде кездеседі?
3. Тиін орманда тіршілік ететін кішкентай ғана жануар. Ол ағаш қуысында тұрады, жаз бойы қуысына жаңғақтар, саңырауқұлақтар жинайды, қыс болғанда жинаған азығымен қоректенеді. Тиіннің балаларын тиін деп атайды. Тиынның отызға дейін ұясы болуы мүмкін, әр ұяға ол жаңғақ, саңырауқұлақ шыршаның бүршіктерін жинайды. тиін қыста ұйықтамайды.
4. Қоян - қорқақ аң, орманда мекендейді. Қояндардың жауы көп. Сондықтанда қояндар күзде түлейді сұр жүні түсіп орнына ақ жүндер өседі себебі, қыста жылы аппақ үлпілдек тон киеді. Сол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды. Оларды қыста ақ қардан ажырату қиын - ақ. Қояндар өздеріне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды.
Қоян ағаштардың қуысында қыстайды.
- Қоян нені жақсы көреді?
5. Арыстан - үлкен, мықты, әдемі үлпілдек жүні бар. Оның тістері және тұяқтары өткір. Ол жылдам жүгіреді. Арыстанның басы денесіне қарағанда үлкен. Арыстан көздеген жемтігін құрығына түсіріп, қанжығасы майланғанда ақырып, айбат шегетін жалғыз аң сондықтан оны аң патшасы дейміз. Арыстан ыстық елде мекендейді.
- Арыстанды ертегілерде не деп атайды?
6. Қасқыр - жыртқыш аң. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды. Орманда қасқыр үңгірде мекендейді.
2 - тапсырма: «Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймаймыз»
1. Тұмсығы ұзын аң?- піл
2. Баласын қалтасына салып жүретін аң?- кенгру
3. Арадан қорқатын аң?- аю
4. Ең ұзын мойын...(керік)
5. Ыстық елде мекендейтін аң?- арыстан
6. Мысыққа ұқсайтын аң...(жолбарыс)
7. Сүйкімді аң не? (тиін)
- Балалар, орманда тіршілік етіп, өз қорегін тауып жейтін жануарларды «жабайы аңдар» дейміз. Олардың жүндері қалың болғандықтан қыста тоңбайды
- Балалар, осы жабайы аңдардың ішінен орманда мекендемейтін бір аң бар. Ол қандай аң?
- Иә, ол - арыстан екен. Арыстан - ыстық елде мекендейді.
3 - тапсырма: «Балаларын ата»
- Балалар, енді жабайы аңдардың баласын атаңдар.
1. Қасқырдың баласы -/бөлтірік/
2. Аюдың баласы -/қонжық/
3. Түлкінің баласы -/мыршай/
4. Қоянның баласы -/көжек/
5. Арыстанның баласы -/абдан/
6. Жолбарысты баласы -/шөнжік/
7. Тиіннің баласы -/тиін/
8. Кірпінің баласы/ кірпі/
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы – қырлы жерлермен
Ытқып – ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
4 - тапсырма: «Жабайы аңдар туралы тақпақтар айту»
Тәрбиеші:
Кәрі еменнің түбіне
Бір - біріне үңіле
Айтысуға жиналды
Жан - жануар біріге.
Данияр:
Түлкі айтты. Түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Бұлаң - бұлаң, құйрығым
Текке өтпейді бір күнім.
Нұрахмет:
Әй, түлкіжан, мақтанба
Сиқырланып ақталма
Күшіңді сенің көрейін
Қасекең келе жатқанда.
Алюша:
Балпаң - балпаң, басамын
Алтын қырдан асамын
Аю деген ағаңмын
Аңшы көрсем қашамын.
Арлант:
Мен кірпімін, кірпімін
Көрінбей тұр кірпігім
Балаларға ұнайды
Жүретінім түртіліп.
Сәтбек:
Қайшы құлақ қоянмын
Ақшыл түске боялдым
Сытыр еткен бұтақтан
Елең етіп ояндым.
Алюша:
Жолбарыспын жыртқышпын
Бәрінен де мықтымын
Ормандардағы аңдардың
Жайратып салар күштімін.
Муслим:
Мен - мықты арыстан.
Аңдардың патшасы.
Жауымның алысқан
Күл болған қаңқасы
Бір көргенді білгін
Мен алып пілмін
аспаймын саспаймын
Жамандыққа баспаймын
А.Данияр:
Мен тиінмін, тиінмін
Аңды көрсем бекінем
Талдан - талға секірем.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы – қырлы жерлермен
Ытқып – ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
Автор орындығы:
Ортаға әр топтан 1 баладан шығып балалар орындық үстіне отырып бір-біріне сұрақ қойады.
Орындық үсіндегі бала жауап береді.
- Бұл Автор орындығы стратегиясы деп аталады.
- Балалар бүгінгі сабақтан біз не үйрендік, сабағымыз қалай өтті, сендерге ұнады ма?
Сабағымызда қорыта келгенде біз бүгін не үйрендік?
- Ендеше балалар сіздерге сабақ ұнаса бүгінгі сабақта ортадағы смайлик арқылы Өте жақсы, орташа, ұнамады деп тәрбиешіні бағалайсыздар.
Тақтаға смайликпен белгілеңіздер.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жабайы, жануар, балабақша, сабақ жоспары