3 сынып оқушыларына арналған тақпақтар

3 сынып, тақпақ, балалар, балабақша, 3 класс, тақпақтар, оқушы, кішкентай

Көктемде
Бүршік жарып ағаштар
Құстар ұя салады.
Сылдыраған бұлақтар
Ағып бара жатады.




Балықтар
Су астында балықтар
Сазан, шортан, бекіре,
Неше түрлі балық бар
Шошытасың секірме.



Ойын
Ойын маған ұнайды,
Көп ойнауға болмайды.
Күні бойы доп қусаң,
Ақыл-білім қонбайды.



Аяз Ата
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз Ата келгенде
Билейміз, ән саламыз.



Машина
Үлкен болып өскенде
Машина алам мен де.
Бірақ ол үшін әрине
Оқу керек күнде де.



Ақша қар
Ақша қар, ақша қар,
Аппақ болып қонасың.
Тоса қалсам қолымды
Алақаныма толасың.



Сиыр
Көк сиыр бұзау туғанда,
Қамап қойдық қораға.
Көк сиыр тұрды мөңіреп,
«Қайда менің балам», — деп.



Құлыншақ.
Құлыншақ, құлыншақ,
Шапқылайсың даламен.
Дос болсайшы құлыншақ,
Мен сияқты баламен.



Туған күн
Туған күнім бола берсе,
Қуанамын күнде мен.
Үйге қонақ тола берсе.
Шай жасауға үлгерем.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 4
  1. Оқырман назым
    Оқырман назым 31.03.2023 22:04
    1 + 3 -
    4сыныпка олен барма
  2. Оқырман Марлен
    Оқырман Марлен 08.06.2022 00:27
    4 + 5 -
    Мен тапак аиткы. Келеды
  3. Оқырман Мадина
    Оқырман Мадина 11.05.2022 21:18
    2 + 2 -
    4 класқа басқа тақпақтар барма?
    1. Оқырман Айзере
      Оқырман Айзере 06.11.2022 10:02
      0 + 2 -
      Жоқ