Жан жылуым - Анамшым

Жан жылуым - АНАШЫМ
Аналар мерекесін насихаттап. Және оларға деген құрметті арттыра түсу топ ішінде өтетін сыныптан тыс іс шара

Құрметті қонақтар, аналар, тәрбиешілер, әжелер және кішкентай бүлдіршіндер. Баршаңызды келе жатқан 8 - наурыз халық аралық әйелдер күнімен, көктемнің келуімен МАД «А» тобының бүлдіршіндері шын жүректен құттықтайды. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жұмыста табыс, көктемдей құлпырып жүре берулеріңізге тілектеспіз. Осы мерекеге арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нұрын берді ақ сүтің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

И дыбысы мен әрпі

Әдіс - тәсілі: жұбақтар, сұрақ - жауап, ребустар, суретпен жұмыс.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, ғажайып сәті,
(Дымбілмес) әліппе – дәптер, жұлдызшалар, текшелер.
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастаймыз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Өнерлі екен он саусақ

Мектепалды даярлық сыныбына арналған 32 сағаттық «Өнерлі екен он саусақ» вариативті сабағы авторлық бағдарлама. Бұл бағдарлама әдістемелік бірлестікте қаралып, мектептің педкеңесінде (28. 08. 2013ж. хаттама №1) бекітіліп, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кеңесінде келісілді.
Бұл құрылған бағдарлама «Коллекция идей» Ресей журналдары, «Айгөлек» журналдары қолданылды. Аталған еңбекте балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, көркем жапсыру, қол еңбегі, бейнелеу өнеріне үйретудің әдістері мен жолдары ұсынылып отыр. Көркемдік тәрбие беруде балалардың эстетикалық сезімдері, көркемдік талғамдары, қоршаған ортаны көркем ой арқылы қабылдау және мінез - құлық мәдениет дағдылары қалыптасады. Табиғи материалдармен жұмыс жасау - балалардың қиялын дамытуға, шығармашылықпен еңбек етуге ықпалын тигізеді. Өздері жасаған жұмыстарын бір - біріне сыйлық етіп ұсынуға, мерекелерде ата - аналарына, достарына сыйға тартуға, топ бөлмелерін безендіруге қолайлы. Әрі мұндай жұмыстың тәрбиелік мәні зор......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Г әрпі және дыбысы

Мақсаты: а) Оқушыларға «Жеті лақ» ертегісі арқылы «Г» әрпі және дыбысы туралы түсіндіру. «Г»- нің баспа және жазба түрін көрсетіп ұғындыру.
ә) Олардың ақыл - ой қабілетін, сөздік қорларын, шығармашылықтарын арттыру. Байланыстырып сөйлеуге үйрету.
б) Оқушыларды ұқыптылыққа, мейірімділікке, сезімталдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қасқырдың үйі, пеш, ағаштар, слайд
Барысы:
- Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Г» әрпі және дыбысы. Мақсатын айтып кетемін.
- Ал ендеше балалар сабағымызды бастаймыз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Тірі және өлі табиғат

Білімділік: Балаларға қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру. Олардың бір - бірімен байланысы жайлы мағлұмат беру, танымдық әрекетін шыңдау.
Дамытушылық: Сөздік логикалық қабілеттерін, ой - қиялдарын, қызығушылық сезімін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойларын толық жеткізе білуі, дүниетанымын кеңейтіп, табиғатты қорғауға, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд суреттері жануарлар, өсімдіктер аңдар, жемістер, көкөністер.

1. Ұйымдастыру кезеңі:
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Көңілді спорттық жарыс

Мақсаты: Балаларды ойын түрлерімен таныстыру және дұрыс орындай білуге үйрету.
Балалардың спортқа деген қызығушылығы арттырылады.
Ойын барысында шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиеленеді.
Көрнекі - құралдар: 2 кішкентай доп, 2 үлкен доп, 2 қап, шығыршық, бас орамал, себет.
Әдіс - тәсілдер: көрсету, түсіндіру.
Түрі: ойын, сайыс.

Барысы
І. Оқушыларды ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе
Құрметті ата - аналар, балалар, қонақтар бүгін мектебімізде үлкен спорт мерекесін тойлағалы отырмыз. Біздің арамызда көңілділер, мықтылар, ептілер, батырлар көп екен, соған байланысты біз даярлық сынып араларында КӨҢІЛДІ СТАРТ атты спорттық жарыс өткіземіз.
Құрметті қонақтар енді ортаға сайыскерлерді шақырамыз!
(Әділ қазылар алқасымен таныстыру) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Көңілді старт

Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, қонақтар, мектепте үлкен мереке. Бізде тәрбиеленуші балалардың ата - аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың балаларымен бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде, жылдам, епте, ұйымшыл және қөңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай отбасыларына сәт сапар тілейміз! Сайысқа қатынасатын ата - аналардың кеуделеріне өз белгілері қыстырылған. Алдымен жүргізуші сайыс әділқазылармен таныстырады, және сайысқа қатысушылармен танысу.
1. Сайысқа қатысушылармен жеке – жеке таныстыру.
2. «Кім жылдам» эстафетасы
3. «Қаппен секір» эстафетасы
4. «Асық ату» эстафетасы
5. «Жалауды тез жеткіз» эстафетасы
6. «Жүйрік ат» эстафетасы
7. «Допты шеңберге лақтыру» эстафетасы .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Жыл мезгілдері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларға жыл мезгілдері туралы, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер жайлы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Табиғаттың әсем көрінісін қызықтай білуге, қоршаған ортаны сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларға жыл мезгілдері жайлы мағлұмат бере отырып дүниетанымын, ой - өрісін, сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, жұптық, жеке жұмыстар, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: үлгі суреттер, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, Жапсыру .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Ынтымақ мерекесі

Мақсаты: 1 Мамыр Қазақстан халқының ынтымақ күні туралы түсінік беру.
1 Мамыр мерекесі туралы өлеңдер оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Елімізде тұратын ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым - қатынаста болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: мерекеге арналған сюжетті суреттер.
Кіріспе бөлім.
Шаттық шеңберін құру. Дөңгелене тұрып, «Достығымыз жарасқан» әнін орындау. Бір - біріне мерекеге арналған тілектер тілейді.
Негізгі бөлім.
Дәптердегі ұлттар достығы бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізу. Жұмыс сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру әдістері арқылы өтеді.

Сөздік жұмысын жүргізу.
Ынтымақ – адамдар арасындағы бірлік.
Мереке – салтанатты той, мейрам......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Ё дыбысы және әрпі

Мақсаты: Балаларды ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөле білу, сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілетін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру.
Қостілді құрам: шырша - елка, шахтер - шахтер, кірпі - ежик.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Қысы - жазы бір түсте.
Ол не? (ШЫРША)
- Шырша сөзін орысша қалай айтамыз?
- Елка.
Е дыбысы және әрпі туралы мағлұмат беру.
Е - дауысты дыбыс, екі дыбыстан жасалған, Й+О=Ё, орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
- Елка сөзінің бірінші дыбысын кім айтады?
Елка сөзіне дыбыстық талдау жасату, буынға бөлгізу.
Сергіту сәті. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық