Жан жылуым - Анамшым

 Жан жылуым - Анамшым

Жан жылуым - АНАШЫМ
Аналар мерекесін насихаттап. Және оларға деген құрметті арттыра түсу топ ішінде өтетін сыныптан тыс іс шара

Құрметті қонақтар, аналар, тәрбиешілер, әжелер және кішкентай бүлдіршіндер. Баршаңызды келе жатқан 8 - наурыз халық аралық әйелдер күнімен, көктемнің келуімен МАД «А» тобының бүлдіршіндері шын жүректен құттықтайды. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жұмыста табыс, көктемдей құлпырып жүре берулеріңізге тілектеспіз. Осы мерекеге арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нұрын берді ақ сүтің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

Ал енді бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Тәрбиеленушілер бір бірінің қолынан ұстап топқа билеп кіреді.

Көктем мезгілінің көрінісін көрсетеді.
Диас:
Мен көңілді көктеммін
Гүл боп қарда егілем,
Дән болып жерге егілем
Жаңбыр болып жауамда
Нұр болып көктен төгілем.

Рахмет балалар көктемнің қандай боларын сезіндік.
Тәрбиеші:
Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай - салада ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.

Қой маңырап,
Төл жамырап,
Жайлау малға толады.
Бөбектерім,
Айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

Данияр:
Анам маған үлкенді сыйла деген
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен
Үлкендерден ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем,
- деп алғашқы құттықтау сөз кезегін ата ана кеңесінің төрайымы Зура әжеге береміз.
Қазақ елінде тұрып, көк тудың астында еркін ойнап күлгеніміз ұзағынан болсын деген тілекпен «Құттықтаймын мама» әнін топтың орындауында қабыл алыңыздар
Тәрбиеші: Ару көктем енді біздің бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашала. Ал енді балалар бүгінгі аналар күнге арналған құттықтауларымызды бастайық.

Аяжан
Сыйлайыншы гүлімді
Теріп алған даладан
Мейрамыңыз бүгінгі
Құтты болсын анажан.
Сізге бүгін сый құрмет
Жан анашым мерейім
Қаласаңыз би билеп
Ән де шырқап берейін. .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру