Тірі және өлі табиғат
Білімділік: Балаларға қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру. Олардың бір - бірімен байланысы жайлы мағлұмат беру, танымдық әрекетін шыңдау.
Дамытушылық: Сөздік логикалық қабілеттерін, ой - қиялдарын, қызығушылық сезімін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойларын толық жеткізе білуі, дүниетанымын кеңейтіп, табиғатты қорғауға, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд суреттері жануарлар, өсімдіктер аңдар, жемістер, көкөністер.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
2. «Сұрақ - жауап»ойыны.
- Балалар табиғат дегеніміз не?
- Табиғат - бізді қоршаған орта.
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Табиғат тірі және өлі болып бөлінеді.
Тірі табиғат - олар өседі, қоректенеді, тыныс алады, тұқым шашады. Оларға адамдар, жан - жануарлар, өсімдіктер, құстар, жемістер, көкөністер, балықтар жатады. (слайт суреттері)
Өлі табиғат - қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды. Оларға су, тас, тау, күн, ай, құм жатады. Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүрмейді.
Сондықтан олар бір - бірімен тығыз байланысты.
3. «Не жаман, не жақсы?»сөздік дидактикалық ойын.
4. Сөздік жұмыс. (Тақпақ жаттау, 2 рет қайталау)
Табиғатым - тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
5. Жеке тапсырма.(Суреттен тірі табиғатты жасыл, өлі табиғатты қызылмен бояу)
6. Қызықты сәт. Есік қағылады. (Түлкі қонаққа келеді)
- Балалар, мен орманда тоңып қалдым. Аңдардың бәрі жылы киімдерін киіпті, ал мен жыл мезгілдерін білмеймін, қыста киетін киімді ажырата алмаймын. Маған көмектесіңдерші.
- Балалар, көмектесеміз бе?
- Олай болса, мен сендерге жыл мезгіліне байланысты сұрақтар қоямын. Кім тапса, сол жыл мезгілі болады.
- Аққала жасап, сырғанақ теуіп ойнайтын қай жыл мезгілі?
- Қар еріп, құстар келетін қай мезгіл?
- Күн ысып, суға шомылатын қай мезгіл?
- Жеміс - жидек пісетін, Астық жинайтын қай мезгіл?
«Жыл мезгілін байланысты киімді тап» ойыны.
Түлкі балаларға рахметін айтып, кетеді.
7. Халық болжамдары.
- Түнде қырау түсс, күндіз қар жауады.
- Қарға қақылдаса, қар жауады.
- Өрмекші бұрышқа тығылса, жел болады.
- Жылқы аунаса, күн бұзылады.
8. Көктемгі отырғызу. (Ыдысқа балалармен гүл егу)
- Балалар, қазір мынау ыдысқа жер саламыз, одан кейін гүлдің тұқымын саламыз да, жермен жабамыз. Енді су құямыз.
- Көрдіңдер ме балалар, тірі табиғат өлі табиғатсыз өспейді.
- Біздің гүліміз өсу үшін не керек екен?
- Су. жер керек.
- Енді еккен гүлімізді терезенің алдына қойып, күнде кезекпен суарып, бақылап отырамыз.
9. Өздерін бағалау.
- Балалар мына шырша жай тұрған жоқ.
- Балалар сендердің алдарыңда жұлдызша және дөңгелек пішіндер тұр. Бүгін сабаққа өте жақсы, белсенді қатыстым деген бала жұлдызшаны, ал орташа қатыстым деген бала дөңгелекті шыршаға іледі. Өздеріңді бағалап көріңдерші.
- Қараңдаршы шыршамыз қандай әдемі болды.
10. Қорытынды.
- Тас өсіп көбейе ме?
- Сусыз тіршілік бол ма?
- Біз қандай табиғатқа жатамыз? .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мектепалды Тірі және өлі табиғат дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Тірі және өлі табиғат