Алланың рахметі мол, қаһары қатты, Қарғады дерт жіберіп хайуанатты. Қырылып у жегендей түрлі аңдар, Әр жерде төбе-төбе болып жатты. Шошынып хайуандар келген дерттен .....
Зерттеудің өзектілігі: Батыс Рим империясы V ғасырда басқыншы варвар тайпалардың тепкісінен тоз-тоз болып ыдырауға мәжбүр болғанда, Византия IV—V ғасырларда уақытша болса да халықтар қозғалысын тежей алды, құлдардың, колондардың, кедей шаруалардың көтерілістерін жаншып тастап отырды және варвар тайпаларының басқыншылықтарына тойтарыс бере білді. Мұның мәнісі Византияның экономикалық жағынан күшті, әрі тұрақтылығында және ондағы үстем таптың саяси бірлігінің анағұрлым мықтылығында еді. Зерттеудің мақсаты: VI ғасырдың тарихшысы Прокопий Кесарийс-кий осынау патшаның жарқын да, бірақ қарама-қайшылыққа толы бейнесін кейінгі ұрпаққа қалдыра білген. Оның бір бойына мейірімсіз тирандық пен айлакер саясатшылдық та, қажымас реформаторлық пен діншіл-ғалымдық қасиеттер де қатар сыйысқан. Асқан ақыл және қайрат иесі, заң ғылымын жете меңгерген Юстиниан мемлекеттік істерді жан қиярлықпен жүргізе білген. Оның тегі араласпаған ісі болмаған: ол заң-дық және әкімшілік реформалар жасаған, құрылыс пен дипломатиялық жұмыстарды қатар жургізе білген, неше түрлі соғыс жоспарларын жаса-ған және сөйте тұра небір қиян-кескі діни айқастарға қатысып отырған. Зерттеудің міндеті: Атақ құмар, әрі айлакер залым, әрі мейірімсіз қатал Юстиниан, Прокопийдің айтуына қарағанда: «Жай әншейін жұмсақ үнмен ғана түк жазығы жоқ ондаған мың адамды қыруға бұйырғанда беті бүлк етпес еді». Юстиниан өз саясатында Рим империясының байырғы кұдіреттілігін қалпына келтіруді, императорлық өкімет пен үстемдік құрушы шіркеудің онсыз да шексіз билігін одан әрі нығайта түсу идеясын басшылыққа алды. ....
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастары, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттейді, отбасының дамуың Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерің қорғауды қамтамасыз етеді. Осы Занда пайдаланытын негізгі ұғымдар 1. неке – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен зандарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ; 2. жалған неке – отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке; 3. отбасы – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндетттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;....
1887 жылы Генрих Герц жарықтың әсерінен кез келген дененің бетінен электрондардың шығуы мүмкін екенін ашты. Бұл құбылысты фотоэлектрлік эффект, немесе фотоэффект деп атайды, ал фотоэффект нәтижесінде босатылған электрондар фотоэлектрондар деп аталады.
Фотоэффект заңдары Зерттеулердің анықтауынша: • Фотоэлектрлік токтың күші оны тудыратын электромагниттік сәулеленудің қуатына пропорционал. • Фотоэлектрондарды максималды кинетикалық энергиясы түскен жарықтың түскен жиілігіне пропорционалды өседі және жарық қуатына тәуелді емес. • Егер жарықтың жиілігі алынған дене үшін белгілі бір жиіліктен төмен болса (фотоэффектінің қызыл шекарасы), фотоэффект байқалмайды. Осы тәжірибелік нәтижелерді фотоэффект заңдары дейді. Фотоэффект заңдары электромагниттік сәулеленудің зат электрондарымен әсерлесу механизміне ешбір түрде сәйкес бола алмайды. Электромагниттік сәулелену зат бетіне түскенде, заттың үстінгі қабатындағы электрондардың бәрі бірдей мәжбүрленген тербелісті бастау керек. Оң зарядталған атом ядросы тартылысынан босау үшін қажетті энергиясы біраз уақыт болған соң ғана жиып алады. Сонымен фототоктың пайда болуы жарықтандыру басталған мезеттен біраз кешігуі керек. Тәжірибеде фототоктың ешкандай кешігуі байқалмайды. Классикалық теория бұған қоса фотоэффектінің қызыл шекарасы болуы және фотоэлектрондардың сәулелену қуатынан, яғни электромагниттік толқынның өріс амплитудасының тәуелсіздігін түсіндіре алады.
Электромагниттік толқынның (жарықтың) элементар бөлшегі- фотон (грекше phos, photas- жарық). Фотон зарядсыз (нейтрал) бөлшек. Ол вакуумде c=3·10м/с жылдамдықпен тарайды. Оның энергиясы (ε) жиілігімен (ν) анықталады: ε=hν/c, оның тыныштықтағы массасы m=0. Фотон электромагниттік әсерлесуді тасымалдайтын бөлшек. Зарядталған бөлшектердің фотондарды шығаруы немесе сіңіруі барлық электромагниттік процестердің негізі болып табылады. Фотон туралы ұғым кванттық теория мен салыстырмалы теорияның даму барысында пайда болды. 1905 жылы А.Эйнштейн фотоэффект құбылысының заңдылықтарын түсіндіру үшін 1900 жылы неміс физигі М.Планк ашқан жарық кванттары туралы ұғымды пайдаланды. Жарықтың фотондардан (кванттардан) тұратындығы люминесценциялық құбылыстар мен фотохимиялық реакциялар арқылы дәлелденді. “Фотон” терминін ғылымға 1929 жылы америка ғалымы Г.Льюис енгізді. Фотон бозондарға жатады. Оның меншікті импульс моментінің (спинінің) қозғалыс бағытына проекциялары S=±1. ....
Осы Заң ақпараттандыру саласындағы қатынастарды, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді дамыту мен қорғауды реттейді, ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік органдардың құдыретін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ақпараттандыру - ақпараттық технологияларды жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану негізінде ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс; 2) ақпараттық ресурстар - ақпараттық жүйелерде бар, тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен біріктірілген және ақпаратты пайдаланушылардың мүдделілігін туғызатын электрондық жүйелендірілген ақпарат (ақпараттық деректер базалары); 3) уәкілетті орган - ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 4) ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор - мемлекет бірден-бір қатысушысы болып табылатын, мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуді және оларды қалыптастыруды, дамытуды және сүйемелдеуді ұйымдық-техникалық жағынан қолдауды жүзеге асыратын ұйым; 5) ақпараттық жүйе - ақпараттық процестерді іске асыруға арналған ақпараттық технологиялардың, ақпараттық желілердің және оларды бағдарламалық-техникалық жағынан қамтамасыз ету құралдарының жиынтығы; 6) ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау - ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оған тосқауыл қою жөніндегі заңсыз іс-әрекетті қоса алғанда, ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге заңсыз қол жеткізуді болғызбауға бағытталған құқықтық, экономикалық және ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешені; 7) ақпараттық процестер - ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпаратты жасау, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу, беру, пайдалану және тарату процестері; 8) ақпараттық қызметтер көрсету - пайдаланушыларға олардың сұратуы бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді беру жөніндегі қызмет; 9) ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық қызметтер көрсетуді пайдаланушы - ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен немесе тараптардың келісімі бойынша пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе ұйым; 10) ақпараттық жүйелерді иеленуші - ақпараттық жүйелерге меншік құқығын және (немесе) өзге де құқықтарды иеленетін жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе ұйым; 11) ақпараттық ресурстарды иеленуші - ақпараттық ресурстарға меншік құқығын және (немесе) өзге де құқықтарды иеленетін жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе ұйым; 12) жасырын мәліметтер - мемлекеттік құпияларды құрамайтын, Қазақстан Республикасының заңдарына немесе тараптардың келісіміне сәйкес қол жеткізу шектелген ақпарат; 13) құжатталған ақпарат - материалдық жеткізушіде өзін бірдейлендіруге мүмкіндік беретін реквизиттермен қоса тіркелген ақпарат. ....
Олар көбіне-көп тарих қойнауының шырғалаң шатқалдарында шырмалып, цивилизация дамуының сарабдал жолдарының түрлі себептермен тыс қалып қойды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранында жазылғандай: «Жаралған намыстан қаһарман халықпыз Азаттық жолында жалындап жаныппыз. Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз». Ол мыңжылдық тарихымен ерекшелігі және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен әлем назарына ілінді. Ұлы Далада, көшпелі цивилизацияның негізін құраған, қыпшақтар даңқының үстемдігінің ерте құлдырауы, тиісінше Қазақтың құқықтық мәдениетінің беделі мен ролінің құлдырамауына соқтырмағандығы таң қаларлық жағдай. Бұл қайшылықты Қазақ ата заңының аумағы кең даланың «еркіндік» қабілетінің сақталуымен «оқшау» орналасуымен түсіндіруге болады. Дегенмен де, ортағасырлық қазақ даласындағы мәдени-шаруашылық тоқыраудың белең алуы, өркендеп өскен басқа елдерден көш-құрым артта қалуы қоғам дамуына да әсерін тигізбей қоймады. Ұланбайтақ Орталық-Азия аумағы тарих сахнасының соңғы шебіне ысырылып тасталды да, ұзақ ұақыт бойына ұмыт қалды. Жат елдердің көшпелілер даласына отарлау саясатының іске асуымен байланысты қазақ қоғамы тарих бетіне қайта ене бастады. Бұл өзгерістер қазақ құқығының кейінгі тағдырында да және оған баға беруден де көрініс тапты. Ол жоқтан бар етіп, біреулердің ойдан шығара салған қиялы болған жоқ. Сондықтан да халық арасында: «Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің ары, білімі бар» деген түсінік қалыптасқан.....