Президенттің конституцияға түзету енгізу жайлы бастамасы елімізде қызу талқыланып жатыр. Біраз билігін парламент пен үкіметке теңдей бөлгісі келіп отырған Нұрсұлтан Назарбаев халықтың ұсыныстарын тыңдауға 30 күн уақыт бөлді деп хабарлайды КТК арнасы.
Елімізде жылдан жылға жоғары оқу орнын бітіріп, қайда «тетік тауып қаланарын» білмей жүрген жастар көбейіп барады. Біреулер оған себеп жұмыс орындарының тапшылығы десе, енді бірі жастардың жалқау болып бара жатқанын тілге тиек етеді. Қалай десек те, бүкіл қоғамды жайлаған парақорлық пен тамыр-таныстық нағыз мамандардың жұмыссыз қалуына себеп болып отырғанын айтқан жөн.
2017 жылдың 25 қаңтар күні сағат: 21:45-те және 23:00-де «Kazsport» телеарнасы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада Алауының жағылуы мен эстафетасын «Универсиада-2017. Алау Эстафетасы. Күнделік» бағдарламасында көрсетеді.
Олар - бейбіт күннің батырлары. Олар күнделікті адам өмірін ажалдан арашалап, ешкімге жар салмай-ақ, ерлік жасайды. Ортамызда жүрген хирург мамандардың өмірі - мүлде бөлек әлем. Әсіресе, адамның ана құрсағына біткен сәттен бастап соғатын жүрегін тоқтатып қойып, оған ота жасайтын кардиохирург мамандардың ісі - нағыз ерлікке пара-пар екеніне дауласу қиын.
2017 жылға арналған өндірістік күнтізбе ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.