Ұсталған кезінде үйінен табылған ақшасы 5 сағат бойы саналған Ақтөбенің атақты олигархы уақытынан бұрын бостандыққа шықты. Атышулы Мейіржан Өндіргенов рақымшылыққа ілініп, оның жаза мерзімі қысқартылған деп хабарлайды ктк арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап "Мәңгілік ел жастары – индустрияға” атты арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдады. Аталған бағдарламаның мақсат-міндеттері туралы "Мәңгілік ел жастары – индустрияға” Мемлекеттік бағдарламасы Республикалық Үйлестіру Кеңесінің төрағасы, "Өрлеу” БАҰО” АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Абдуламитұлы Әбеновтен айтып беруін сұраған едік.
Биыл Алматыда орналасқан «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру орталығының ашылғанына 20 жыл толды. Табысты еңбек етіп келе жатқан білім беретін орданы мерейтоймен құттықтауға «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаева арнайы келді деп хабарлайды Алматы арнасы.
Рамазан – шүкірлікті талап ететін Алланың ұлы нығметі. Бұл айда мейірім төгіледі, күнәлар мен жамандықтар кешіріледі, сауаптар еселенеді, иман күшейеді. Рамазанда әрбір мұсылманның шаңырағында ауызашар беріледі. Мұндағы негізгі жүк әйел адамға артылады. Рамазан асқазанның мейрамы емес, бұл нәпсіні тыю айы. Рамазан айы келген сайын біз кереметтей дастарқан жаюда жарысып жатамыз. Бұл бір жағынан уақытыңызды алады. Ал, уақытыңызды тиімді үнемдесеңіз, есесіне құлшылыққа көбірек көңіл аударасыз. Сол себептен, өзіңізге жүк салмай.....
Зейнетақы қорындағы халықтың қасықтап жинаған ақшасының тағдыры жайлы бүкіл ел шулап жатса да, бір аптадан бері жақ ашпаған Ұлттық банк төрағасы кеше журналистерден әрең құтылғандай болды. Үкімет отырысынан шыққан Данияр Ақышев тілшілерді Алматыда өтетін баспасөз мәслихатына шақырумен ғана шектелді деп хабарлайды NUR.KZ, 31 арнаға сілтеме жасап.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қытайдан 3 млрд доллар қарыз алуға бекініп отыр. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ, Астана арнасына сілтеме жасап.
Елордадағы Бауыржан Момышұлы атындағы саябақта арнайы «ЭКСПО» орындықтары қойылды. Алайда олардың бірінде өрескел қате жіберілген, деп хабарлайды baq.kz тілшісі.