Астанадағы ЭКСПО орындығы жұрттың күлкісін келтірді (фото)

Астанадағы ЭКСПО орындығы жұрттың күлкісін келтірді (фото)

Елордадағы Бауыржан Момышұлы атындағы саябақта арнайы «ЭКСПО» орындықтары қойылды. Алайда олардың бірінде өрескел қате жіберілген, деп хабарлайды baq.kz тілшісі.

Жаңа орындықтар қала көркіне сән береді. Алайда орындықтағы өрескел қате жұрттың назарын өзіне қаратты. Онда әріптердің орны ауысып, «EXPO» сөзі «EPXO» болып кеткен.

Мұны желі қолданушылары қызу талқыға салуда. Кейбірі орындықтар «Қытайда жасалған шығар» десе, енді біреулері «Асықсаң – Instagram-ды күлдіресің» деп қалжыңдауда.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру