Қазақ тілі – қазақтың ана тілі, Бірақ оған адам аз бас иетін. Қазақ тілі – қазақтың дара тілі, Кейбіреулер түсінбес қасиетін. Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды, Орыс тілі сіңген ғой санамызға. Неге олар «тілім» деп қуынбайды, Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба? Бұл менің ұлтты сүйген .....
Мені бала кезімнен бастап «біз қайдан келдік, неліктен және неге біздің айналамызда көптеген қызықты оқиғалар болып жатыр?», деген сұрақтар көп мазалайтын. Менің кішкентай бөлмемде қабырғада әдемі кілем ілулі тұрды, мен оның өрнектеріне жиі қарап, оның әшекейлі оюларының әр миллиметріне таңғалып қызығатынмын. Сондықтан мен сурет салуға деген құштарлықты дамыта бастадым. Сондай-ақ өмірім музыкасыз өтпеді. Төр бөлмеден теледидарда балериналардың қатысуымен опера қойылып, оркестр музыкасы ойнады. Өнерге деген құлшынысым одан әрі арта түсті. Әртүрлі той....
Қазақ ақындарының ана тілі туралы жазған ең үздік шығармалары. Топтамада Мұхтар Шаханов, Тұманбай Молдағалиев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Қадыр Мырза Әли, Мұзафар Әлімбай сияқты қазақ әдебиетінің белді тұлғаларының туындылары бар.
Менің ана тілім - шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын,абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер- сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбатты тіл.Ақын С.Торайғыров ана тілімде:
Сүйемін туған тілді- анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін,- деп жырға қосқан.
Ана тілім - ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс.Амал не.., туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндер де аз емес.Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындар көрінген кезде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Пауетовскийдің "Туған тіліне жаны ашымаған адам- жәндік"деген сөзі ойыма еріксіз оралады......
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер Сабақ тақырыбы: Ана тіліне тағзым (Ана тіліне тағзым М. Әлімбаев Сүйемін С. Торайғыров) Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу; 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау. Сабақ мақсаттары: Барлық: өлеңді түсініп оқиды, мазмұнын түсінеді, өлеңге тақырып қояды; Көптеген оқушылар: өлеңнен қажетті ақпаратты түртіп алып оқиды; өлең бойынша сұрақтарға жауап береді; Кейбір оқушылар: өлеңнен негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды;.....
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. 3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру Көрнекіліктері: Тақырып жазылған плакат, шарлар, әр түрлі суреттер......
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым Сабақтың тақырыбы: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі 3-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың барлығы орындай алады: Өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды; Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Өлең үзінділеріне талдау жасайды; Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Шығарманың маңызды тұстары бойынша талдау жасап, өмірмен байланыстырады....