Мақпал Тажмағамбетова

Мақпал Тәжмағамбетова (Мыса) – ақын

Мақпал Тәжмағамбетова – ақын, жазушылар және журналистер Одағының мүшесі. "Алақандағы бақыт", "Мен керекпін" және "Аспантаудың көктемі" атты үш кітап авторы. Ақсу ауданының 80 жылдығы және Мұқағали Мақатаевтың 80-жылдығына арналған республикалық байқауларда бірінші орын алған. Молықбай қобызшы, Майра Уәлиқызы, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы сыйлықтардың иегері. Былтыр Ресей жазушылар Одағының шешімімен білікті аударма үшін балқар ақыны Керім Отаров атындағы алтын медальмен марапатталған. Сонымен қатар Қазақстан Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» Республикалық байқауының бас жүлдегері атанған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әмір Қуат

Әмір Қуат – ғылым қайраткері, кәсіпкер, музыкант

Табиғаты шығармашылыққа жақын, ерте жасынан таланты мен музыка, ғылымға деген қызығушылығын көрсеткен. 6 музыкалық аспапта еркін ойнайды, өлең мен музыка жазады. Дегенмен ең басты қызығушылығы ғылым болып табылады. Әмір өлім мен жарақат алу санын төмендетуге бағытталған «БИОВ» қауіпсіздік техникасының авторлық жүйесін басынан бастап жасаған өз саласындағы аз адамның бірі. Елімізде өндіріс пен жұмыс орындарында жарақат алу мәселесі өте өзекті екені құпия емес. Әмір қауіпсіздік техникасы мәселесін қолайлы жағдай мен қауіпсіз жұмыс аймағын жасап қана қоймай, адамды өз-өзінен қорғау керек деп санайтын бірден-бір адам деп айтсақ қате болмас, себебі ең тәжірибелі, ең мінсіз және қауіпсіздік мәселесіне ең мұқият қарайтын жұмысшының өзі де қателесуі мүмкін. Бірақ сол қатені қай уақытта жіберетінін ешкім білмейді, Әмір Қуаттың ғылыми-зерттеу жұмысының мәні де осында.

Ғылыми қызметін 14 жастан, адам ағзасының биологиялық әлеуеті мен оларға гелиофизикалық факторлардың әсер етуін өткенді шолу арқылы болған оқиғалармен сәйкестендіре отырып зерттеуден бастаған. Зерттеулер нәтижесінде адам орны толмас қате жіберген кездегі заңдылықтарды тауып, оларды ғылыми жұмысында көрсеткен және түрлі қалалық, облыстық, республикалық конференцияларда таныстырып, бірінші орындарға ие болған. 2008-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында болған 1,2 млн өлім жағдайларын зерттеу салдарынан тамаша нәтижелер алынып, олар жүйенің жетілдірілуі мен тиімділігін арттыруға бағытталып, кейін «БИОВ» қауіпсіздік техникасы авторлық жүйесінде қолданылған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Мая Жұманбекова

Мая Жұманбекова – дизайнер

Мая Жұманбекова - арт-директор, «Mimioriki» балалар киімінің тұңғыш қазақстандық брендінің дизайнері (Алматы)

Мая 1976 жылы 1 мамырда дүниеге келген, барлық кеңестік балалар секілді бала кезінен жан-жақты болған, жүзумен айналысып, сурет салу, үй шаруашылығы, би, фортепиано үйірмелеріне қатысқан. Сурет салуға, тігіс тігуге және қуыршақтарды киіндіруге деген құмарлық оның болашақ мамандығын сол кезде-ақ анықтап берген!

Бала кезінде әжесімен бірге қуыршақтарға керемет көйлектер тігетін, ал анасы 20 жылдан астам уақыт «1 мамыр» тігін бөлімшесінде жұмыс істеп, үлкен тігін цехын басқарған. Мая анасымен бірге жұмысына барып, процесті бақылап, жіптер орамын жайып, мата кесінділерін зерттеп, қиялдап, түрлі киім үлгілерінің суретін салғанды жақсы көретін. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ердос Төлегенов

Ердос Төлегенов - журналист, әлемнің бірнеше елінде жарық көретін балаларға арналған “OYLA” ғылыми журналының негізін салушы

Интернет дамығалы газет-журналдың болашағына сенбейтіндердің саны көп. Тек Ердос Төлегенов олардың қатарынан емес. Ұзақ жыл “Эксперт Қазақстан” журналында қызмет еткен ол тек Қазақстанда емес, көптеген дамыған елдерде сұранысқа ие журналдың негізін салған.

“Балаларым өскен сайын, оларға оқуға ұсынатын сапалы әрі қызықты қазақстандық басылымның жоғын түсіндім. Ал біздің бала кезімізде ондай журналдар бар еді. Айналамда да ғылымға қатты қызығатын жастар көп болатын. Сондықтан, мен біздің балаларымыз білімді, жаңалыққа құмар, мәдениетті және сыни ойлай алатын адам болып өскендерін қаладым”. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Тамила Муридова

Тамила Муридова - жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, ҚР халықаралық класстағы спорт шебері

Биыл Тамила жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден өткен әлем чемпионатында жеке біріншілікте қола жүлдеге ие болды. Ал бұл медаль Қазақстанның қыздар арасындағы семсерлесу бойынша әлем чемпионатында алған алғашқы жүлдесі.
“Қазақстанда семсерлесу спорты жайлы көп адам біле бермейді. Мен елімізде бұл спорттың дамығанын қалаймын. Мысалы, Италияның орта білім беретін мектептерінің бәрінде семсерлесу бойынша сабақтар бар. Біз үшін бұл арман, әрине. Бірақ осы спорт жайлы адамдар көбірек білсе, оған қызығатындардың да саны артары сөзсіз”, - дейді Тамила.

Тамила Муридованы семсерлесу залына алып келген жақын құрбысы екен. Біраз уақыттан кейін құрбысы спорттан кетсе де, Тамила жаттығуды жалғастырады. 12 жасынан спортта жүрген Тамила семсерлесуді ең әдемі спорт түрі санайды. “Керемет эмоция сыйлайды” дейді ол. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Сухраб Жапаров

Сухраб Жапаров – тіс дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты

Сухраб Жапаров Алматыда дүниеге келген. 1993 жылы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне стоматология факультетіне оқуға түскен. 1998 жылы университетті бітіріп, сол жерде балалар стоматологиясы кафедрасына 2 жылға клиникалық ординатураға түскен. 2001 жылы балалар стоматологиясы кафедрасына аспирантураға оқуға түсіп, бітірген соң кандидаттық диссертация қорғаған. Содан соң Мәскеуге докторантураға түскен.

«Менің әкем де, анам да дәрігер, сондықтан балалық шағымнан медицина, емделушілер және науқастар туралы әңгімелерді естіп өстім. Мен үнемі әдебиеттерді парақтайтынмын, әліппе орнына анатомия ақтардым, сондықтан менің дәрігер болудан басқа мақсатым болған жоқ», -дейді ол.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Дәурен Әділбай

Дәурен Әділбай - онколог

Дәурен Әділбай – онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ғылым жөніндегі директоры орынбасары. Еңбек қызметін 2005 жылы дәрігер болып бастаған. 2008 жылы Америка клиникалық онкологтарының қауымдастығы (ASCO) грантына ие болған, ол арқылы Хьюстон қаласындағы М.Д.Андерсен онкология орталығында бас және мойын хирургиясы бойынша тағылымдама өтуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ EAFO (Еуразиялық онкология федерацясы) гранты бойынша Милан қаласындағы Еуропалық онкологиялық клиникада көмей хирургиясы бойынша тағылымдамадан өткен. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Н.Н. Блохин атындағы Ресей онкологиялық ғылыми орталығында клиникалық ординатурадан өту барысында Еуропа онкология мектебінің (ESO) қолдауымен өткізілгн көптеген білім шараларының ұйымдастырушысы болған. Оның командасы мемлекет думасы депутаттарының қатысуымен темекіге қарсы форум өткізіп, онда РФ-ның БДҰ шектемелі конвенциясына қосылуы туралы тарихи шешім қабылданды.

2010 жылы ҚР денсаулық сақтау министрімен бірлесіп Шенжен қаласында өткен Бүкіләлемдік онклогия көшбасшыларының саммитіне (World cancer Leaders Summit UICC) қатысқанының арқасында ракқа қарсы күресте Қазақстанды әлемдік деңгейге шығарды. Сондай-ақ Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебін (ҚДЖМ) бітіріп, медицина магистрі академиялық дәрежесін алған. Оның «Онкологиядағы диагностика мен емдеу периодтық хаттамаларының сапасын бағалау» тақырыбы курста үздік деп танылып, М.К. Құлжановтың сертификатына ие болды. 2012 жылы Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен қалада Қазақстандағы екінші жоғары мамандандырылған бас және мойын ісігі бөлімін құру процсін басқарған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Иван Крепак

Иван Крепак – жас ғалым, техника жұмысшысы

Иван Крепак – мобильдік бағдарламаларды құрып, ойлап табушы және компьютерлік қауіпсіздік саласында маман. Ол бала кезінен экономикамен және IT-мен қызықты. Алғашқы табысын 7 жасында «КазКоммерцБанк» тың өнімінің жарнамалық дизайнын құрастырғаны үшін тапты.

2014 жылы Иван Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Физика-Математикалық бағытына оқуға түсті. Сол жерде биологияны тереңдетіп оқуға қызығушылығы оянды. Екі жылға жуық ол биология пәні бойынша олимпиадаларға белсенді түрде қатысып, жеңімпаз атанды. Осыдан кейін South Kent School (АҚШ, Коннектикут) мемлекетінде табиғи ресурстары және табиғи қолдануды мемлекеттік грант негізінде тегін оқуға мүмкіндік алды. Қазақстанға оралған соң, биологиямен айналысуды жалғастырды.

«Мектепте алғаш рет құрастырушы техник үйірмесі ашылғанда, менін бірінші дәрежелі қызығушылығым роботтехника және бағдарламалаудың тілі болды. Құрастырушы техник үйірмесіне өту үшін, іріктеу байқауынан өту керек болды. Бұл іріктеу байқауында әр үміткерге маған таныс емес Python бағдарламасының тілінде бағдармалық құпия сөз жазып, шешетін тапсырма берілді. Мен 4 минут ішінде тапсырманы орындап, осы үйірмеге өткен алғашқылардың бірі болдым. Негізгі оқуымнан кейін, роботтехникалық зертханасына барып, микробасқарушылықты бағдарламалауды, hardware-жобаларын құруды, компьютерлік лазерлік станкпен және 3D басып шығарғышты қолдануды үйрендім.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Алмаз Ибрагимов

Алмаз Ибрагимов – репродуктолог дәрігер, «Экомед Астана» адам репродукциясы клиникасының медициналық директоры. Еліміздің репродуктология саласындағы жарқын тұлғасы, күшін, білімін, уақытын аямайтын, 365/7/24 режимінде жұмыс істейтін, жасампаздығымен, жаңа көзқарастарымен, мықты логикасымен, сыни және инженерлік пайымымен ерекшеленетін жас ғалым, талантты дәрігер

Бедеулікпен ауыратын емделушілердің күрделі психологиясын ерекше түсіне отырып, олар үшін үнемі байланыс аясында, бір де бір қоңырау немесе хабарламаны назардан тыс қалдырмайды, өзінің шамадан тыс жұмысбастылығына қарамастан, мүмкіндігі бола салысымен оларға кері хабарласады және қиын сұрақтарына жауап беруге уақыт табады. Оның және ол басқаратын мамандар тобының көп жылдық еңбегінің нәтижесі – бедеулікті жаңа репродукциялық әдістермен емдеуден соң 4 мыңнан аса баланың дүниеге келуі! Емделушілер арасында Еуропа, АҚШ, араб елдерінен келген ерлі-зайыптылар бар, бұл олардың еліміздің репродуктологиясына деген сенімдерін білдіреді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әлібек Әлмадиев

Әлібек Әлмәдиев – музыкант

Әлібек талантты әнші, музыкант, домбыра, саксафон, гитара және фортепиано тартады. Қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде еркін сөйлейді. 2011 жылы 17 жасында халықаралық «Фабрика звезд» музыкалық байқауында финалист болған, кейін «Туған елiм», «Біргемiз» әндеріне танымал патриоттық клиптер түсірген.

Әлібек Бекболатұлы Әлмәдиев – Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Гнесиндер атындағы Ресей музыкалық академиясының «магистр» үздік дипломдарының иегері, Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы қорының стипендиаты, Республикалық «Дарын» талантты жастар орталығының түлегі, Ұлттық Дельфий ойындарының алтын жүлдегері, халықаралық және отандық музыкалық байқаулардың, ғылыми олимпиадалардың, эстрадалық және патриоттық әндер фестивалінің «Қазақстан дауысы», «Золотой микрофон», «Феличита», «Надежды Европы», «Россия-Казахстан: 21 век. Новые имена», «Хочу к Меладзе» және т.б. телевизиялық музыкалық бағдарламалардың лауреаты мен дипломанты. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық