Несіпбек Айтұлы (Оразбай басында)

Құлазитын секілді Тұнай тауы,
Ескі қыстау көргенді мұңайтады.
Өшкен ошақ,
Өлген үй,
Тозған мұржа
Сұрағанға сыздықтап сыр айтады.
Білеуленіп булықса қантамыры,
Оразбайдың мұнда өтті барша күні.
Аң шықпаса,
Басына жан шығармас,
Шұнай еді меншікті....
Өлеңдер
Толық

Несіпбек Айтұлы (Соңғы жұлдыз сырғығанша)

Сайрашы тамылжытып, таң бұлбұлы,
Бір ауық жеңілдесін тағдыр жүгі.
Үніңмен үмітімді жалғай тұршы,
Үлбіреп үзілгенше жанның гүлі.

Жұтайын төксең-дағы жырды қанша,
Төбемнен соңғы жұлдыз сырғығанша.
Күн шығып, құстар шулап.....
Өлеңдер
Толық

Несіпбек Айтұлы (Бас)

Эрмитаждың түкпірінде хан басы,
Жарылқасын жалғыз ғана Алласы.
Ақ сүйекте ап-айқын боп тұр білем,
Қырғыздардың қылышының таңбасы.

Тұқым қуған сатқындыққа таң қалам,
Мәңгі тірі жаны сірі оңбаған.
Намыстанам, қапаланам......
Өлеңдер
Толық

Несіпбек Айтұлы (Қабанбайға шағыну)

Сыйындым аруағыңа, батыр баба,
Медет бер алысқа да, жақынға да.
Қу сөзден қурай орған заржақ емен,
Отырып таз басындай тақырда да.

Азырақ арыз айтсам жайсыз көріп,
Түнеріп жауар күндей шатырлама.
Қара бұлт қылаң бермей.....
Өлеңдер
Толық

Несіпбек Айтұлы (Құланойнақ)

Құлан жоқ.
Аты ғана – Құланойнақ.
Меңіреу.
Мелшиеді ұлан аймақ.
Шегеді аяқ бассаң сес көрсетіп,
Түбінен тобылғының жылан айбат.

Құландар, қайдасыңдар аңыздағы?
Аңырап сөзде қалдың......
Өлеңдер
Толық

Несіпбек Айтұлы (Қазағым)

Армысың, асыл жұртым, арман елім,
Тау асып, тасты басқан, тарлан елім!
Ту ұстап, тұлпар мінген бабалардың
Жұртында жұрнағы боп қалған елім!

Ноқтаны басыңдағы бақтай көріп,
Өзіңді күні кеше алдап едің.
Азуын айға білеп....
Өлеңдер
Толық

Несіпбек Айтұлы (Ана тілім)

Қыран құстай аспандап ана тілім,
Көтерілсе, қауырсын-қанатымын.
Шалатұғын қиырдан не болмаса,
Жарқылдаған көзінің болатымын.

Самғау ғана жарасар көк құсына,
Тегеуріні менмін ғой, топшысы да.
Уа, Тәңірім, бар болсаң.....
Өлеңдер
Толық

Несіпбек Айтұлы (Күлтегіннің көктасы)

Ұлы таулар, тебірен, жата бермей шалқалап,
Ұлы дала рухына басын иді шартарап.
Тәңірінің біздерге көктен түскен сыйындай,
Көктас көшіп келеді тарихымды арқалап.

Аруағыңнан айналдым, бабаларым, хас батыр,
Көз жасындай мөлдіреп қасиетің.....
Өлеңдер
Толық