Адам – ерекше жаратылыс . Дүние есігін ашқаннан бастап, ол дараланады, яғни өзіне ғана тән қасиеттер ала бастайды. Басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы ақыл- есінің жоғалары және бір- бірімен түсіне, сөйлесе алатындығында . Әр адам – бөлек бір әлем. Олардың ешқайсысы бір- біріне ұқсамайды. Біреуі түр – келбетімен, енді біреуі мінезімен дараланып жатады. Тіпті біз ұқсас деп қарастыратын егіздердің өзін ата - анасы, достары олардың ерекшеліктеріне қарап оңай ажыратады. «Мал аласы сыртында , адам аласы ішінде » -......
Белок-жер шарындағы өмірдің кілті.Белоктар - әр қырлы биологиялық катализаторлар, оларсыз организмде бірде-бір биохимиялық процестер жүрмейді.Организмде белоктар зат алмасу процесінде азайып жұмсалады да, олардың қоры әр қашан да толықтырылып тұрады.Организмнің 1/5 бөлігі белоктан тұрса және 2/3 бөлігі қатты қалдықтан тұрады, сол себепті адам организмі белок резерві онша көп болмайды.Сондықтан күнбе-күн ьелокті тамақты аминоқышқылдармен жолықтырылып отырылады, олар адамзаттың қоректенуі үшін табылмайтын және басқамен ауыстырылмайтын қорек болып есептеледі.Негізгі ауыстырылмайтын амин қышқылдарымен тамақты толықтыру белокті құрамының толық бөлінуіне талап етеді (аргенин,метионин, лезин, гисьяин, фенил-аларин,летсин,вомен,турифтедан,теонин). Егер адам организмі белокпен бірге 8 негізгі аминқышқылын қабылдау керек болса, ал бала организмі оған қосымша тағы екі аминқышқылын талап етеді (аргинин,гистидин). Егер,ұзақ уақыт тамақта белок аз болса онда ол денсаулыққа зиян тигізеді, яғни салмақты азайтады, қанның мөлшерінің азаюна себепші болады, жұмысқа қабілеттілікті төмендетеді және т.б. Ал егер тамақта белок көп болса ол да әрбір ауруларға себепші болады. Сондықтан адамның тамағында нағыз белоктардың болғаны абзал. Орта жастағы адамға күніне 80-100г белок қажет, немесе 1.6-1.3 г белок 1кг дене салмағына қажет. Белок қабылдау нормасы адамның жасына,жұмыс тәртібіне,денсаулығына байланысты болады.....
Сабақтың тақырыбы : XXI –ғасыр қожасында қандай дағды қалыптасу керек. Өткізілген уақыты : 01.03.2016 ж Сабақтың мақсаты: 1. Жас жеткіншектерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру.
2. Оқушылар бойына ұлттық намыс пен рух, ақыл мен парасат....
Адамгершілік – рухани тәрбие маңыздылығы Бала тәрбиесі – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Әр жас өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі де, жауапты сала, ол – білім беру жүйесі. Осы заман талабына сай білім беру жүйесі жеке тұлғаның рухани - адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне өзінің басым бағдарын аудара бастады.
Дер кезінде адамгершілік құндылықтары қалыптаспаса, бұл қасиеттер адам дамуына тек кедергі болып қана қоймай, сонымен қатар жасөспірімдік шақта бала дамуында әлеуметке қарсы мінез - құлықтың болуына әсерін тигізеді. «Шаттық шеңбері», «Тыңдайық - ойланайық», «Ойнайық», «Сергіту сәті», «Әңгімелесейік» деген тәсілдерді қолдана отырып, бала бойына адамгершілік тәрбиесін дамытуға тырысамын. «Шаттық шеңбері» рәсімін өткізу арқылы балалардың қызығушылығын арттыра отырып, сабақты қандай көңіл - күйде орындайтындарын бақылау, ой жүйелілігіне баланың ойын тұрақтандыру, ойларын жинақтап, бір арнаға тоғыстыруға мүмкіндік беретін және тәрбиеші балалармен бірге амандасып, тақпақ оқып, ән айтатын, жылы сөздер сыйлайтын маңызды шеңбер болып табылады. «Тыңдайық - ойланайық» атты ұйымдастыру түрі бұл - өмірдегі жағдаяттар, шығармадағы кейіпкерлер мен өмірдегі адамдар арасындағы қарым - қатынасты салыстыру, ата - бабадан қалған асыл сөздерді түсіндіре отырып балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруге пайдасы өте зор......
Жігіттік шаққа ену үшін біз, ер азаматтар бойымыздағы ер кісіге тән қасиеттерді сараптап, әлсіздігімізді мойындап, оларды кейін түзеуге бет алуымыз шарт. "Мен мінсіз емеспін". "Менің мінім көп, өзіме осы жәйтті қайта-қайта айтамын!" Дәл осы қасиеттер көбімізде жетіспейді...
Өнер адамға туа бітетін өте сирек қасиеттердің бірі. Жасынан қазақ ән-жырына құштар боп өскен азаматтардың бірі – Ғафу Қайырбеков. Қазақтың қай ақынын алсақ та Абайға еліктемей, одан бағдар, нәр алмай өтпеген. Сол сияқты Ғафу ағамыз Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген. Осы да оның еліктеуіне жол сілтеген, үлгі берген деуге болады. Ресей – әдебиет-мәдениеті ерте дамыған ел қатарында болғандықтан, біздің жанашыр жазушымыз, қазақ халқының мәдениеттілігіне үлес қосу үшін орыс жазушыларының өлеңдерінен аудармалар жасады.......
КІРІСПЕ Курстық жұмыстың көкейкестілігі Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезім мен өз еліне деген сүйіспеншілігін, адамгершілік сезімдерін дамытуға тиіспіз», - деп атап көрсеткен. Елбасының осындай міндеттерін орындау үшін мектеп табалдырығынан аттаған оқушылардың бойына имандылық, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерімен бірге сабырлылыққа, қайырымдылыққа, талаптылыққа, терең ойлылыққа т.б. қасиеттерге сабақта, сабақтан тыс кезде көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушы бойына дарытуымыз керек. Көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің іс - әрекеті, бейнелері, оқиғалары баланы санқилы сезімге түсіріп ойландырады, қуантады, кейбіреуінен аулақ болуға жетелейді. Сондықтан диплом жұмысымды жазуда педагог, жазушы, балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен алдына қойған мақсаттары жайлы, сол мақсатты орындау жолындағы қыруар еңбектерін оқушы қауымға түсіндіруді мақсат еттім. Ыбырай шығармаларын бастауыш сыныптан бастап оқыту арқылы оқушыларды еңбек сүюшілікке, оқу, өнерге ұмтылушылыққа, Отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық т.б. жақсы мінез – құлықтарға тәрбиелеуді алдыма мақсат етіп қойдым. Курстық жұмыстың мақсаты....
Кіріспе. Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолданар ісіміздің бірі де, бірегейі де – ұрпақ тәрбиесі. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілімен мәдениетіне мойын бұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру - бүгінгі күннің бастысы. Кімді және қалай тәрбиелеу керек бұл қоғамның маңызды мәселесі. Адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі адам кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі, сол елдің мақтанышы. Мектеп қабырғасында тәрбиеленген жас тәрбиелі, білімді, мәдениеті, дене тәрбиесі мықты болуы шарт. Тәрбиелілік - иман жүзді, адамгершілікті, өзін өзгенің орнына қойып түсіне білуі. Білімділік - ғылым негіздерін бағдарламалық деңгейде білу, ой еңбегінің негізі қағидаларын меңгеру. "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Ол келешекте адамның өміріне опат әкеледі"- деп Шығыстың аристотелі атанған Әбу Насыр – Фараби бабамыз айтқандай қазір тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды. Білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл, елі мен жерін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу " мектептің қоғам алдындағы борышы. Халқымыздың белгілі ақыны Мұзафар Әлімбаев ол туралы былай дейді: ....
Кіріспе. Философия тарихындағы адам проблемасы. Адам мәселесі философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туғаны дәлел бола алады. Атақты философтар Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқау сезімдерінде жатыр деп болжам жасады. /1./ Философияның мәселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға субъективтің (адамның) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Адамның сана-сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатынасы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі дүниесіне тигізетін әсері қандай-осының бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады. Философиядағы адам мәселесі (оның шығу тегі, мәні, табиғаты және қоғамдық өмірдегі ролі) фундаментальдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды. Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің заманымызға дейін жеткен мифтер (аңыз, әпсаналар) мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. ....
Кіріспе Ағзадағы барлық жасушалар, ұлпалар мен мүшелер бір – бірімен байланысып , олардың қызметі және сыртқы ортамен қарым – қатынасы жүйке және гуморальді жолмен реттеулі арқылы іске асады. Нейрогуморальді реттеу жүйесі біртұтас, тығыз байланысқан механизм. Нерв және гуморальді жүйе бір- бірімен тығыз байланысын келесі мысалдар дәлелдейді: - Биоэлектрлік процестердің табиғаты физико – химиялық, иондардың трансмембраналық жылжуы; - Нерв жасушадан келесі нерв жасушаға , немесе атқарушы мүшеге қозу медиаторлар арқылы іске асады; - Нерв және гуморальді жүйенің тығыз байланысы гипоталамо-гипофизарлық деңгейінде айқын байқалады. Орталық нерв жүйесінің ішкі секреция бездерінің қызметін реттеу гипоталамус арқылы жүзеге асады. Гипоталамус афференттік жолдары арқылы орталық нерв жүйесінің басқа бөлімдерімен байланысқан, атап айтсақ , жұлын , сопақша ми, ортаңғы ми, таламус, базальдік түйіндер, ми қыртысының белгілі аймақтарымен . Сондықтан гипоталамусқа бүкіл ағзадан ақпарат келеді, содан барлық ішкі секреция бездеріне жіберіледі. ....