Әр адам – қайталанбас тұлға
9 сынып, Звенигородка орта мектебі
Ерейментау ауданы
Жетекшісі: Дюсенбаева А.Т.
Адам – ерекше жаратылыс . Дүние есігін ашқаннан бастап, ол дараланады, яғни өзіне ғана тән қасиеттер ала бастайды. Басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы ақыл- есінің жоғалары және бір- бірімен түсіне, сөйлесе алатындығында .
Әр адам – бөлек бір әлем. Олардың ешқайсысы бір- біріне ұқсамайды. Біреуі түр – келбетімен, енді біреуі мінезімен дараланып жатады. Тіпті біз ұқсас деп қарастыратын егіздердің өзін ата - анасы, достары олардың ерекшеліктеріне қарап оңай ажыратады.
«Мал аласы сыртында , адам аласы ішінде » - дегендей бір– біріміздің жан дүниемізді түсінбей жатамыз, осыдан түсініспеушілік пайда болады . Алайда адамдар арасында достық махаббат , түсінушілік деген керемет қасиеттер бар. Бірақ қазіргі ХХІ ғасырда біз көбіміз заңға жүгінеміз . Ал заң алдында да бәріміздің құқымыз тең .
Қанша адам болса мына жер бетінде.
Соншама болар мінез , талант , тағдыр.
Бір тұлғада бірнеше қыр селбесуде.
Бәрін қоста талантыңның отын жандыр.
Әр адам – қайталанбас дара тұлға.
Мен әлсізбін деген ойдан арылыңдар.
Әлемге жылы шуақ таратуға.
Асық досым сеніңде құқығың бар.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: адам, тұлға, шығарма, эссе