Өндірісте шығарылатын таблеткалардың барлығы дерлік қосымша заттар қосу арқылы дайындалады. Тек аздаған тобы ғана қосымша заттарсыз дайындалады. Қосымша заттардың негізгі қолданылу мақсаты — бұл бір жағынан оңай дозаланатын және престелетін масса алу, екінші жағынан — дәрілік заттардың таблетка құрамынан қажетті жылдамдықпен бөлініп шығуын қамтамасыз ету. Таблетка құрамына енгізілетін қосымша заттардың негізгі мөлшерлері МФ XI басылымында „Таблеткалар" статьясында көрсетілген. Қосымша заттардың жалпы мөлшері дәрілік заттың мөлшерінің 20 процентінен аспауы керек. Тек толтырғыштардың қолданылатын мөлшерінде ғана ерекшеліктер бар, олардың таблеткадағы мөлшері белгіленбейді. Нормадан ауытқулар жеке статьяларда көрсетіледі. Мысалы, таблетка салмағынан тальктың мөлшері 3 %-тен, стеарин қышқылының, магний немесе кальий стеоратының мөлшері 1 %-тен, твин-80 — 1 %-тен аспау керек. Қазіргі кезде таблетка өндірісінде қолданылатын қосымша заттардың 150-ден астам түрі бар. Ал олардың тек 70 ғана мемлекеттік реестрге кіргізілген. Химиялық-фармацевтік өндіріс медицина қажеті үшін арнайы қосымша заттар шығармайды. Оларды химия, тамақ, тау-кен және т. б. өндірістерден алады. Осы заттар санитарлық-гигиеналық нормалары бойынша медицина қажетіне жарамайтынын атап айту керек. Сондықтан да болар, МФ XI — басылымына таб¬летка өндірісі үшін қосымша заттардың тек 23 түрі ғана енгізілді. Таблетка өндірісінде қолданылатын барлық қосымша заттарды олардың қолданылу мақсаты бойынша мына топтарға бөлуге болады: • байланыстырғыштар • антифрикциондық заттар • ыдыратқыш заттар • толықтырғыштар • бояғыш заттар • препараттың әсерін ұзартатын заттар....
Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда – бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді. Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ. Өндіріс процесі – тек қана үш факторлардың – адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К.Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін. Бірінші фактор жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі - өндіріс процесінің заттық факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере отырып, К.Маркс былай жазған: «Қоғамдық өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын – жұмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы үнемі оның факторы болып қалады». Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс-әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек. Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар. Өндіргіш күштер – бұл өндіріс құрал жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндретін адамдар. Өндіріс процесінде адамдар бір-бірімен қатынаста болады. Бірақ бұл қатынастар әртүрлі болады. Бір жағынан, бұл қатынастар: ұйымдастырушы, адамдарды орналастыру – техникалық-өндірістік қатынастармен байланысты. Екінші жағынан, бұл қоғамдық-өндірістік, яғни экономикалық қатынастар. Олар меншік сипатымен, меншік қатынастарымен анықталады. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың білігі өндіріс әдісін құрайды. Әрбір өндіріс әдісіне өзінің экономикалық (өндірістік) қатынастары сай келеді. ....
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялы эканомикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат саласының мамандары ақпараттың қоғамда алатын орнының өсіп, ұлғайғанын бір ауыздан мақұлдайды. Бұған Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасын ақпараттандыру заңын» қабылдауы да дәлел бола алады. Соңға уақытта ақпараттың статусы өзгеріп, ол қоғамның қазіргі кездегі жақсы тұрмысын анықтайтан шешуші факторға және эканомиканың стратегиялық қорына айналды. Әлемдік бірлестіктегі, дәлірек айтқанда әлемдік нарықтағы Қазақстан Республикасының интеграциялау мәселелерінің жинағында қоғамды ақпаратпен жабдықтау басты мәселелердің біріне жатады. Қазақстан Республикасының жабдықтау бағдарламасы нарықтық мүдделерге және нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеулерге бағытталған. Ол жақын болашақта іске асырылатын шаралар жинағын және ақпараттың инфра –құрылымын тұрғызуға боғытталған. Ақпаратпен жабдықтау концепциясының басты идеясы қоғамның әлеуметтік –эканомикалық дамуына ақпараттың және ақпарат техналогиясының үдемелі әсер етуінін жете түсіндіру болып табылады. Осыған байланысты екі түсінікті –ақпаратты жетік білу мен компътерлендіру сауаттылықты анықтап айыру мәселесі туындайды. Бұл түсініктер бір –бірімен жиі ауыстырылады. Дегенмен, бірінші түсінік әлде қайда кеңірек. Ол тек ақпаратты қайда және қандай түрде сақталғанын біліп, тауып қана қоймай, одан да маңыздырақ түрде қандай ақпарат бар екендігін, оның қалай жіктеліп өңделгенін, әрі оны қалай пайдалануға болатынын және ең бастысы нақты жағдайдағы байлықты тұрғызуға оның қандай үлес қосуы мүмкін екендігі туралы айқын түсінікті қажет етеді. Ал бұл жалпы білімді ғана емес, арнаулы дайындақты да талап етіп болжайтын ақыл –ой жұмысы. Бір жағынан кез –келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондықтан, ғылымның әр саласындағы білімнің бүтіндей жиынтығын игере білетін және оған сәкес ақпараттық техналогиядан сауаттылығы бар мамандарды кеңірек және терең оқытып үйрететін шұғыл қажеттілік пісіп жетілді. ....
Үкімет басшысы «Трансмашхолдинг» жабық акционерлік қоғамының басшыларын қабылдады. Бұл күндері Павлодардағы «Химиялық өнеркәсіп» АҚ зауыты негізінде жаңа буын тепловоздары өндірісінің ілкі жобасы қолға алынып отыр. Үкімет басшысы, сондай-ақ тепловоздарды жерсеріктік байланыстар жүйесімен жабдықтау қажеттілігіне назар аударды. Үкімет басшысы «Трансмашхолдинг» жабық акционерлік қоғамының басшыларын қабылдады Үкімет басшысы Даниал Ахметов қыркүйектің 19-ы күні «Трансмашхолдинг» жабық акционерлік қоғамының басшыларын қабылдады. Кездесуде кәсіпорынмен ұзақмерзімдік ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Кездесу барысында атап көрсетілгендей, бұл күндері Павлодардағы «Химиялық өнеркәсіп» АҚ зауыты негізінде жаңа буын тепловоздары өндірісінің ілкі жобасы қолға алынып отыр. Кәсіпорынның жұмысына оң баға беріп өткен Үкімет басшысы, сондай-ақ тепловоздарды жерсеріктік байланыстар жүйесімен жабдықтау қажеттілігіне назар аударып өтті. Премьердің айтуынша, Қазақстанда әзірге бір ғана «ҚазСат» байланыс жерсерігі бар, бірақ болашақта біз жерсеріктер тобына ие боламыз. «Біз ғарыштық мүмкіндіктерімізді пайдалана білуіміз қажет», - деп атап көрсетті Д.Ахметов. Кездесуде сондай-ақ, жолаушылар вагондарын сатып алу мәселелері көтерілді. Сарапшылардың мәліметтері бойынша, алдағы 5 жылда тепловозға деген сұраныс 360 бірлікті құрайды. Өз кезегінде «Трансмашхолдинг» ЖАҚ өкілдері купе-вагондарды жасау ниеттерін білдірді. «Гасыр- Мангистау» ЖШС 2ТЭ10В, М, ТЭМ-1 және 2 сериялы тепловоздарды, Дженерал-Электрик Компаниясы дизелді-генераторлы қондырғымен, компьютермен жарақтандырып, жаңғыртылған 2ТЭ10МК сериялы тепловоздарды жөндеумен және техникалық қамтумен айналысады, осындай тепловоздарды өндіруде мынадай мәселелер шешіледі: 1. тепловоздарды жөндеу мен техникалық қамтуды ұйымдастыру және жоспарлау; 2. міндетті жұмыстар көлемдері; 3. жөндеу тәсілдері; 4. ақаулық белгілер; 5. деталдардың, құрастырылатын бірліктерді (тораптарды, агрегаттарды) және тұтастай тепловозды сынау нормаларының мүмкін шектері мен ең жоғарғы шектеулері;....
Социологияның ғылым ретінде қалыптасуы қоғамды зерттеу барысында қалыптасқан дәстүрлер негізінде өрбіді. Ежелгі грек және ежелгі шығыс ойшылдарының еңбектерінде жалпы философиялық мәселелермен бірге қоғамның тууы мен мәні, оның ұйымдасуы мен дамуы туралы мәселелер қарастырылады. Ежелгі оқымыстылар шынайы қоғамға тән сипаттамаларды анықтап қана қоймай,әлеуметтік процестерді “улгілеу” принциптерін қалыптастыруға негіз қалап , жекеленген әлеуметтік фактілер мен процестерге, қоғам құрылысына, адамдар, әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы байланыстар мен қатынастарға нақты эмпирикалық талдау жасауға тырысты. Әрбір дәстүр социологияға қоғам мәселелерінің, социологиялық білімді жетілдірудің, құру және қолданудың, зерттеу пәні мен нысанын анықтаудың өзіндік зерттеу әдістерін әкелді. Социологияның ғылым ретінде тууы XIX ғасырдың ортасында француз оқымыстысы Огюст Конт (1798-1857) есімімен байланысты, өйткені ол тұңғыш рет “Социология” терминін енгізген, алайда оның қалыптасуына Батыс Еуропа (Г.Спенсер, К. Маркс, Э. Дюркгейм, М. Вебер және т.б.) мен Американың (А. Смолл, Дж. Винсент, В.Томас, П.Сорокин, Т.Парсонс және т.б.) көптеген оқымыстылары айтарлықтай үлес қосқан. Социология пәні мен нысанын негіздей отырып, О. Конт сол кездегі ғылым жүйесіне иерархиялық баспалдақ түрінде түсінік береді, оның ойынша, бұл білімнің қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға жалпыдан өзіндік ерекшелікке қарапайым дамуының тарихи процесін логикалық жүйемен бере алады. Білім дамуындағы әр басқыш, Конт бойынша, -өзінің алдыңғысының алғы шарт ретінде есептейтін – жоғары тәртіптегі ғылым болып саналады. Онда негізгі ғылымдардың иерархиясы төмендегіше көрінеді: математика, астрономия, физика, химия, биология (соңғы терминде- О.Конттың үлесі) және социология. Берілген сызбадан көрінетіндей, социология басқа да ғылымдардың заңдарына негізделеді. Конт социологияның өзіндік, бұл заңдардың түрін өзгертеріндей және индивидтердің бір-біріне өзара әсерінен шығатындай қасиеті бар екендігіне айрықша мән береді. Бұл өзара әсер адамзат қауымында әр ұрпақтың келесісіне өтуі нәтижесіенде күрделене түседі. Осылайша, социология ғылыми білімнің дамуын қорытындылай отырып, қай кезде де өмір сүрген нысандардың ең күрделісін зерттейді. Мұндай нысан қоғам және индивидтердің бір-біріне әсері болып табылады. Қоғам жағдайы лайықты әсер еткенде ғана адам өзін жеке тұлға ретінде таниды. Адамның қоғамда бірнеше әлеуметтік ұстанымы болады , оның әрқайсысының белгілі бір құқығы, міндеттері болады, ол мәртебе (статус) деп аталады. Қоғамда алған әлеуметтік мәртебесіне сәйкес, адам қоғамда әлеуметтік роль атқарады. Роль дегеніміз- адам мәртебесімен көрінетін күтілетін мінез-құлық. Әр мәртебеге бірнеше роль енеді. Берілген мәртебеге әсер ететін рольдердің жиынтығы рольдер жиынтығы деп аталады. Белгілі бір әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған рольдер мен мәртебелердің ірі бірлестігі әлеуметтік институттар (отбасы, дін, білім беру, экономикалық , саяси жүйелер және т.б.) деп аталады. Арнайы институттар (латынша –institutum-нұсқама, мекеме) мен ұйымдар құра отырып, қоғам сол арқылы өзінің өмір сүруінің маңызды салалары мен мәселелерін әлеуметтік өзара қарым- қатынас түрлерін нақтылап, бекітеді, оны берілген қоғамның әр мүшесі үшін тұрақты және міндетті етеді.....
Экономика адам баласы табиғат игіліктерін жинаудан өмірге керекті игіліктерді, керекті заттарды жасауға көшкен кезде және сол жерде пайда болады. Сонымен, ресурстарды адам еңбегін пайдалана отырып өзгерту арқылы кез-келген экономикалық өнім алу өндіріс деп аталады. Оқулықтар мен ғылыми еңбектерде «өндіріс» түсінігі тар шеңберде көрінеді, кәсіпорындардың материалдық заттар мен өнім өндіруіне дейін төмендейді. Бұндай ыңғаймен келісу қиын. Біріншіден, материалды өндіріспен қатар қызмет, еңбек өндірісін де айту қажет. Экономиканы «материалды өндіріске» және «өндірістік емес» салаға бөлу заңды болмас, сонымен қатар материалдық өндіріс саласында еңбекті өндірістік деп, ал басқа салаларда өндірістік емес деп бөлуге де болмайды. Сондықтан да жасалатын өнім түрі «өндірістік немесе өндірістік емес» деген талқылаудың критерийі болмауы керек. Екіншіден, қызметтің қайсыбір түрін өндіріске жатқызуды «не өндіреді?, кім үшін өндіреді?, қалай өндіреді?.» деген сұраққа жауап алумен қатаң түрде байланыстыруға болмайды. Өнім адамның қол еңбегі көмегімен немесе машина операциялары көмегімен жасалады ма, өзі үшін немесе басқалар үшін өндіріледі ме, қандай тәсілмен өндіріледі, бұның бәрі өндірістік процесс пе деген талқылауға маңызды әсер етпеу керек. Осылайша өндіріске процестерді жатқызудың екі критерийі шығады: 1) жаңа өнімді жасау немесе осындай өнімді жасауға бағытталған мәліметті, энергияны, материалды қайта өңдеу және қолда бар өнімнің сапасын өзгерту; 2) керекті өнімді алу мақсатында жұмсалған еңбек, оны құруға қатысқан адам еңбегі; Түсініктірек айтқанда адамдар жасаған мәлімет, заттар, энергия немесе оларды ез еңбегімен өзгерту болған жерде өндіріс орын алады. Өндіріс адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін керекті игіліктерді алудың басты қайнар көзі болып есептеледі. Өндірісте аяқталған және өзінің пайдалану саласына түсетін өнім «ақырғы өнім» деп аталады. Ақырғы өнімнің үй шаруашылығында пайдаланатын, тұрғындардың қажеттілігін тікелей қанағаттандыру мақсатында жұмсалатын бөлігі «тұтыну тауарлары» деп аталады. Керекті шикізатты алудан ақырғы өнімді алуға дейінгі өзара байланысты процестер жиынтығы өндіріс деп аталады. ....
Кәсіпорындардың шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды: тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады. Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесінде айқын шек қоятын шығындар олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белігісіне қарай 3 түрге бөлінеді: • өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар; • өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары; • өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждықтарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырады.
Өндіріс шығындарының жіктелуі
Сыныптау белгілері Шығындардың бөлшектенуі 1. Экономикалық элементтер 2. Өзіндік құнның статьялары 3. Технологиялық процестерге қатыстылығы 4. Құрамы 5. Өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсілі 6. Өндірістік процестегі ролі 7. Мақсатқа сәйкес жұмсау 8. Жоспарға қатысу мүмкіншілігі 9. Өнімнің көлеміне қатысы 10. Шығу мерзімділігі 11. Дайын өнімге қатысы Шығындардың экономикалық элементтері Өзіндік құнның калькуляция статьялары Негізгі, қосымша Бірэлеметтік, кешенділік Тікелей, жарнама Өндірістік, өндірістен тыс Жоспарлы, жоспарсыз Тұрақты, ауыспалы Күнделікті, бір жолғы Аяқталмаған өнімге кететін шығындар, дайын өнімнің шығындары Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.....
Шығындарды есепке алудың және өнімнiң өзіндік құнын калькуляциялаудың белістік өдісі өнiмді жаппай өндіретiн кәсiпорындарда колданылады, онда бастапқы шикізат дайын өнiмге дейiн рет-ретімен технологиялык өңдеуден өтеді Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын кәсшорындарында металлургиялық, химиялық, мұнай өндеу және басқа да салаларда колданылады. Мысалы, мата тоқу кәсiпорындарында үш қайта жасау — иіру, тоқу және әрлеу саласы, қара металлургияда — домен пеші, болат балқыту, прокат, былғары өндірісінде — күлді, тері илеу жөне әрлеу саласы бар Дайын өнiм немесе шалафабрикат шығарумен аяқтайтын технологиялық процесті бөлістік әдіс деп атайды Бөлістік әдісте өндіріске кеткен шығындар олардың әрбір кезеңі, фазасы, ауысымы, яғни бөлісі бойынша есептелінеді Әрбір белістен кейiн шалафабрикат шығарылады, ал түптеп келгенде — дайын өнiм алынады Бөлiніс тізбесі пайдаланылатын жабдықтар, өндіріс процесстерінің арасындағы үзіліс-іркілістер; шығарылатын шалафабрикаттардың, өнiмнің сипаты мен басқа да өзiне тән жағдайлары ескеріле отырып, технологиялық процесстер туралы деректердін негiзінде белгiленеді Бұл орайда, бөлініс жөніндегi шығындарды жоспарлау мен есепке алуды, аяқталмаған өндірісті есепке алу мен бағалауды ұйымдастыру, өзі өндірген шалафабрикаттар мен дайын өншдердің өзiндік кұнын калькуляциялау мүмкіндігi ескерiледі Тікелей шығыстар (шикiзат, негiзгi материалдар, шалафабрикаттар, өндіріс жұмысшыларының жалақысы т б) әдетте, бөлістер бойынша, ал әрбір бөлістердщ ішінде — әзірленген өнім түрлері бойынша есепке алынады (шалафабрикат немесе дайын бұйым)....
Отбасы – ерекше педогогикалық жүйе. Әлеуметтану ғылымы отбасын тұтас қоғамдық ағзаның бөлігі, әлеуметтік – тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық салада орын алған өзгерістері міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Отбасы моральдық, психологиялық жаңаруы барысында созылмалы, оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып келеді. Сондықтан да, отбасында жаңа қатынастар, жаңа моральдық ұғымдар орнығуы экономикалық салаға қарағанда баяу қарқынмен іске асады. Өйткені отбасын болжамдаудың қиындығы қайта құруларға, негізгі әлеуметтік - экономикалық факторлармен бірге биологиялық, психологиялық және демографиялық факторларға байланысты. Отбасылық өмір байланыстары жан-жақтылығымен сипатталады. Олар әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық – экономикалық адамгершілік және психологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңдері оның қызметінің сипаты және ауқымының өзгеруімен байланысты. Ол қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады. Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар: - ұрпақтар алмасуын қамтамасыз ететін бала туу, өсіру қызметі; - білім, шеберлік рухани құндылықтарды кейінгі ұрпақтарға жеткізетін тәрбиелік қызмет; - өндірістік – шаруашылық қызмет; - жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі; Ата-ананың қызметі - отбасының үйлесімді өмірін, олардың зейнет жасындағы игілігін қамтамасыз етеді. Тұрмысты ұйымдастыру қызметі отбасы тұрмысы психологиялық тұрғыдан алғанда ең жайлы тұрмыс болып есептелінеді. Отбасының қызметін, оның көп түрлілігімен байланыстыратынын ескеріп, қазіргі отбасы қауымының бағыттарымен бір қатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу және ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызметін іске асыруына көмектеседі. Ауылдық және қалалық отбасы қауымындағы ерекшеліктер олардың әлеуметтік жағдайына байланысты болмақ. Мысалы: ауылды жердегі бала ауылдастарының қатаң бақылауында болады. Бұл бір жағынан жағымды құбылыс болғанымен, екінші жағынан мұндай әлеуметтік бақылау шектеушілік сипатымен тұлғаның еркін дамуына кедергі жасауы мүмкін. Ал қалаларда мұндай бақылауға шектеу көп кездесе бермейді. Ата –аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы, ата-аналардың білімі жағары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Дегенмен, мұндай ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбіне қадағалаусыз да болып жатады. ....