Таблетка өндірісінде қолданылатын қосымша заттар

Таблетка өндірісінде қолданылатын қосымша заттар


I. Байланыстырғыш заттар
Дәрілік заттардың көбінің бөлшектері арасындағы өзара ілінісу күші өте аз болады, сондықтан оларды таблеттеу үшін үлкен қысым тудыру керек. Бұл таблеткалық машиналардың тез тозуына және сапасы нашар таблеткалар алынуына себеп болады. Төмен қысымда қажетті ілінісу күшін қамтамасыз ету үшін таблеттелетін затка байла¬ныстыррыш заттар қосады. Олар бөлшектер арасымдары кеңістікті толтырып, бөлшектердің жанасу бетін ұлғайтады. Байланыстырғыш заттардың мәні, әсіресе, күрделі ұнтақтарды престегенде зор, өйткені олар машинаның жұмыс істеу нәтижесінде қатпарланып бөлініп кетуі мүмкін және таблеткалары ингредиенттердің мөлшері әртүрлі болып кетуі мүмкін.
Байланыстырғыш заттар құрғақ және сұйық болып бөлінеді. Құрғақ байланыстырғыш заттардың қолданылғанына онша көп болған жоқ. Технологияда құрғақ байланыстырғыш заттар ретінде полиэтилепоксид, амилаза, „таблетол" (крахмал, декстрин, амилопектин), микрокристалды целлюлоза белгілі. Бірақ олар өте аз. Сондықтан, көбінесе сұйық байланыстырғыш заттарды қолдамады. Сұйық байланыстырғыш заттар ретінде су, этил спирті, қант шырыны, крахмал клейстері (желімі), метил және ацетилцеллюлоза, натрий карбокси-целлюлоза, желатин ерітіндісі және т. б. ұсынылған.
Әдетте, байланыстырғыш заттардың тиімділігі таблеткалардың беріктігінің, ыдырағыштығының және кеуектігінің өзгеруі бойынша бағаланатын. Осы жерде байланыстырғыш заттардың әсерінің меха¬низмі теория жүзінде аз дәлелденгсн. Коллоидты емес байла¬ныстырғыш заттарды қолданғанда бөлшектердің ілінісуі осы престелуші заттардың бөлшектері арасында кристалдық көпір пайда болуы нәтижесінде жүреді деп еселтеледі.
Проф. Е. Е. Борзуновтың зерттеулері (1970-72 жж.) бойынша жоғарғы молекулалы заттардың әсерінің механизмі анықталып, оның теориялық сұрақтары дәлелденді. Оның ойы бойынша байланыстырғыш заттардың тиімділігі олардың тұтқырлығына емес, молекулалық салмағына байланысты болады. Борзунов Е. Е. және басқалар байланыстырғыш заттарды тиімділігі бойынша келесі қатарға орналастырады; метилиеллюлоза - оксипропилметилцеллюлоза - поливинил спирті (ПВО) - поливинилпирролидон (ПВП) - желатин - крахмал клейстері - ультра-амилопектин - Н-карбоксиметилцеллюлоза. Осыдан, нашар престелетін қатты заттар үшін тиімділігі жоғары байланыстырғыш заттар қажет, ал оңай престелетін созымды заттар үшін тиімділігі төмендеу байланыстырғыш заттар қолдануға болады. Ал меншікті беті, гидрофильдігінің және престелушілігінің дәрежесі байланыстырғыш заттардың мөлшерін анықтап, оны ғылыми негізде дәлелдеуге мүмкіндік береді.

II. Антифрикциондық заттар

Олардың әсерлері әртүрлі болады да, ішкі және сыртқы кедергілерді басу үшін қолданылады.
Ішкі кедергіні (бөлшектер арасындағы үйкеліс) азайту үшін крах-мал, тальк, майсызданған сүт ұнтағы, ликоподий, каолин, бентонит, талькумин, бор қышқылы, аэросил және крахмалдың бірнеше түрлері қолданылады, ал крахмал түрлерінің ішінде әсіресе картоп крах¬малы аса әсерлі болады. Ішкі кедергіні басу үшін жақсы әсер ете отырып, осы заттардың көбісі ұзақ уақыт қолданғанда организмге зиянды әсер етуі мүмкін. Мысалы, тальк, каолин, бентонит және басқа да силикаттар асқазан-ішек жолдарының шырышты қабырын тітіркендіріп, гранулемалар пайда болуына себепкер болады, алкалоидтардың әсерін төмендетеді және т, б.
Таблеткалардың прессформадан итеріліп шығаруын жақсарту және олардың жабысып қалуын болдырмау үшін, сондай-ақ престеуші детальдардың ұзақ уақыт тозбауын қамтамасыз ету (сыртқы кедергі) үшін майлағыш заттар қолданылады. Оларға парафин, стеа¬рин, какао майы, кальций және магний стеараттары және т. б. жатады. Осылардан басқа силикон сұйықтары, поливинилпирролидон, полиэтиленоксидтер, синтетикалық балауыздар (воск) қолданылуын ұсынған болатын. Антифрикциондык заттардың әсерінің тиімділігі олардың дисперстігіне байланысты. Олардың дисперстігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым олардың таралуы және түйіршіктерді бүркеу мүмкіндігі жоғары болады.

III. Ыдыратқыш заттар

Дәрілік заттарды престегенде олардың кеуектігі өте төмендеп кетеді. Бұл таблетканың ыдырағыштығын немесе ерігіштігін баяулатып жібереді. Осыған байланысты дәрілік заттардың таблеткалар құрамынан қажетті жылдамдықпен бөлініп шығуы қамтамасыз етілмейді. Таблеткалардың ыдырағыштығын жақсарту үшін ыдыратқыш заттар қосылады.
Әсер ету механизмі бойынша ыдыратқыш заттар мына топтарға бөлінеді:
а) Адсорбтеуші және ісінуші заттар. Бұл топқа сумен дымқылданғанда, сұйықтықтың біраз мөлшерін сіңіріп, кебініп және көлемі үлкейіп кететін заттардың бәрі жатады. Осының әсерінен престелген бөлшектердің арасы ашылып, сұйықтықтың таблетка ішіне енуіне мүмкіндік туады. Осындай заттарға: амилопектин, бентониттер, альгин қышқылы және оның тұздары метил целлюлоза, натрий-карбок-симстнлцеллиолоза, крахмал, желатин жатады.
б) Газ түзуші заттар. Газ түзуші заттар ретінде лимон немесе шарап қышқылының натрий гидрокарбонатымен, лимон қышқылының кальций карбонаты мен коспалары қолданылады.
Әдетте, ыдыратқыш заттарды дайын түйіршіктерге қосады, бірақ кейде оларды қоспаға ыдыралдандырмай тұрып қосуға да болады. Ыдыратқыштардың біркелкі таралуы үшін, оларды түйіршіктеуге дейін қосқан дұрыс болар еді, дегенмен, түйіршіктерді ыдыралдаған және қептірген кезде ыдыратқыштын әсері біршама төмендеп кетеді.

IV. Сұйылтқыштар немесе толықтырғыштар
Олар өте аз мөлшерде (0,01-0,001 г) белгіленетін улы және күшті әсерлі дәрілер таблеткаларын дайындағанда қолданылады. Соңғы уақытқа дейін ең индифферентті толықтырғыш ретінде сүт қанты пайдаланылып келеді. Толықтырғыштар ретінде сахароза, лактоза, глюкоза, натрий хлориді, кальций гидрофосфаты, кальция сульфаты және т. б. заттар қолданылады. Престелушілігі және сусымалдыры жақсы толықтырғыштар тікелей престеу үшін қолданылады.
Кальций карбонатын қосу арқылы антиструмин, аэрон, димедрол, глицеррет қышқылы, кодеин фосфаты, кодеин негізі, папаверин г/х, папазол, пахикарпин гидройодиді, рутин, эфедрин г/х таблеткаларының технологиясы жасалып шығарылды. Алдын-ала есептеулер бойынша, қантты кальций карбонатымен алмастыру елімізге мыңдаған тонна қантты үнемдеуге мүмкіншілік береді екен. Бірақ кальций карбонаты дәрілік заттармен химиялық әрекеттесуі мүмкін, сондықтан бұл толықтырғышты қолдану ғылыми дәрежеде негізделу қажет. Мысалы, димедрол, эфедрин г/х, папаперин г/х таблеткаларындағы дәрілік заттар суда немесе асқазан сөлінде ерігенде кальция карбонатымен әрекеттесіп, осыран сәйкес негіз түзеді. Бірақ бұл негіз асқазан сөлінің қышқылымен оңай әрекеттеседі де, қайтадан сәйкес тұзға ауысады.

V. Бояғыш заттар
Бұл заттар дәрінің терапевтік тобын белгілеу, таблетка құрамына кіретін улы препаратты бөліп көрсету, кейде жарыққа сезімтал препараттарды жарықтың әсерінен қорғау, кейбір препараттарға тән жарымсыз түсін бүркеу және психологиялық эсер ететін таблетканың сырт түрін жақсарту мақсатымен қолданылады.
Қазіргі кезде әлемдік фармацевтік өндірісте желатинді капсулалар 100 %, дражелердің басым көпшілігі, ішуге арналған ерітінділердің 75 % және таблеткалардын 50 % мөлшері боялып шығарылады.
Медициналық препараттар және тағамдық өнімдерге белгілі түс беруге қолданылатын заттарды үш топқа жатқызуға болады: минеральды пигменттер, табиғи бояулар, синтетикалық бояулар.
Фармацевтік ирепараттарды бояуға қолданылу жиілігі бойынша табиғи бояулар — 6 %, минеральды бояулар — 27 %, синтетикалық бояулар — 67 % құрайды.
Минеральды пигменттер ретінде кальций карбонаты, титанның қос тотығы, темір тотығы және гидрототығы, медициналық көмір қолданылады. Олар фармацияда қатты дәрі түрлерін қабықшалармен қаптауға арналған қоспалар құрамына кіреді, қатты және жұмсақ желатинді капсулаларды бояу үшін қолданылады.
Табиғи бояуларға құрамында антоциандар, каротиноидтар, фла-воноидтар, хлорифиллдер жәнс т. б. бояғыш қасиеттері бар заттары болатын өсімдіктерден бөлініп алынатын бояулар жатады.

VI. Қосымша заттар және олардың таблеткалардың биологиялық тиімділігіне тигізетін әсері.
Соңғы уақытқа дейін қосымша заттар дәрілерді қабылдау, тасымалдау және сақтаудың ыңғайлы болуы мақсатымен оларға белгілі форма және көлем беруді қамтамасыз ететін индифферентті форма құрғыш заттар ретінде ғана қарастырылып келген болатын. Бірақ соңғы жылдары зерттеулер қосымша заттардың биологиялық рөлін түсіндіріп, олар туралы түсінікті түпкілікті өзгертті. Көптеген биофармацевтік зерттеулер индифферентті қосымша заттар жоқ және еш уақытта болған емес деген тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Кез келген қосымша заттарды қолдану олардың дәрінің технологиялық қасиеттеріне тигізетін әсерін ғана емес, ең алдымен сіңіру және бөліну процестеріне ықпалын тексеруді талап етеді.
Бірнеше мысал келтірейік:
1. Ең индифферентті және қолайлы (арзан) қосымша зат сүт қанты болып саналатыны белгілі. Ал, бірақ, осы сүт қанты тестосте¬рон таблеткасының сінуін жылдамдатып, изониазид және пентобарбитал таблеткаларының әсерін баяулатады.
2. Асперин таблеткасын дайындау қиындығы бүкіл әлемге белгілі. Көптеген қосымша заттар аспиринді салицил қышқылын бөле ыдыратады, ал бұл қышқыл асқазанның шырышты қабығын өте қатты тітіркендіреді. Осы аспиринді таблеттегенде, қосымша зат ретінде кальций стеараты қолданылғанда, онда бос салицил қышқылының мөлшері осы таблетканы крахмал мен тальк қосып дайындағандағыға қарағанда 14 есес артық бөлініп шығатыны дәлелденген.

VII. Таблеткалардың сапасын анықтау
Фармацевтік өндірісте шығарылатын таблеткалар сапасына МФ XI басылымы бойынша бірқатар талаптар қойылады.
Таблеткалардың сырт түрі. Таблеткаларды көзбен шолып бақылайды. Таблеткалар дөңгелек немесе басқа формалы, тегіс не¬месе дөңес бетті, шеттері бүтін болуы керек. Беттері жылтыр және біртекті, жеке мақалаларда баска нұсқаулар болмаса, түсі біркелкі болуы тиіс.
Орташа салмағы және жеке таблеткалардың салмағындағы ауытқулар. 20 таблетканы 0,001 г дәлдікпен өлшейді, алынған нәтижені 20 бөледі, сонда орташа салмағы анықталады. Сонан соң 20 таблетканы жеке-жеке өлшеп, олардың әрбірінің салмағымен салыстырады. Жеке таблеткалар салмағындағы ауытқулар төмендегідей болуы керек: салмағы 0,1 г және одан темен + 10 %; салмағы 0,1 г жоғары және ± 5%. Дражделген қабықшалармен қапталған таблет¬калар салмағында орташа салмағынан ± 15 % ауытқулар болуы мүмкін. Дәрілік заттың дәл дозалануы. Дәрілік заттардың таблеткадағы сандық мөлшерін ұнтақталған таблеткалар навескасында анықтайды (20 таблетка). Қабықшамен қапталған таблеткалар саны жеке мақалаларда көрсетіледі.
Дәрілік заттардың мөлшеріндегі ауытқулар болуы келесі шамада рұқсат етіледі: 0,0001 г дейін — ± 15 %; 0,001 г — 0,01 г дейін — +10 %; 0,01 г — 0,1 г дейін — + 7,5 %; 0,1 г және одан жоғары — ± 5 %; баска нұсқаулар жеке мақалаларда көрсетіледі.
МФ XI басылымы қалыптасқан талаптармен қатар, жаңа талаптар қояды, соның ішінде дәрілік заттардың дозалануының біркелкі болуын бақылау. Бұл көптеген дәрілік заттардың жоғарғы биологиялық активтігі оларды өте аз терапевтік дозаларда қолданылуын қамтамасыз етуіне байланысты (0,005 г және одан темен).
Дәрілік заттың мөлшерінде орташа мөлшерінен ± 15 % ауытқу жіберіледі, бірақ ол бірде-бір таблеткада ± 25 %-тен аспауы керек. Егер 10 таб¬летканың екеуінде ауытқу 25 % болса, онда қалған 20 таблетканың әрқайсысында дәрілік заттың мөлшерін анықтайды. Бірде-бір таб¬леткада ауытқу + 15 %-тен аспауы керек.
Таблеткалар бетінің біркелкілігі. Таблекталардың түсі таблеттелуге арналған дәрілік заттардың түсіне сәйкес болуы тиіс. Драждел¬ген немесе арнайы боялған таблеткалардың түсі бояғыш заттардың түсіне сай болуы керек. Таблеткалар біркелкі дақсыз болуы тиіс, дегенмен кейде бұл талап орындалмай қалады, өйткені таблеткалар бетінде дақ пайда болады. Бояулары біркелкі болмайды, таблеткалар бетінде мозаика тәріздес болуы мүмкін. Таблеткалардың мозайкалық түрі түйіршіктерді жеткіліксіз кептіру, дұрыс сақтамау, боялған заттарды таблеттегенде тиісті араластыру болмау және фракциондық құрамының біркелкі болмауы салдарынан тууы мүмкін. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру