Қыз ұзату тойы: Қызға құттықтау, тілектер

Құрметті тойға жиналған ағайын-жұрт, достарымыз бен жолдастарымыз!

Шынымды айтсам, сіздердің алдарыңызда шаңырағымыздан ұшырғалы отырған ақ көгершіндей аяулы қызыма қандай ақ жол, сәт сапарлық тілек тілерімді білмей толқып тұрмын. Ең дұрысы, негізгі сөзімді қызыма арнағаным жөн сияқты…. Үйіміздің сәні, әкең екеуіміздің аялап өсірген қызғалдағымыз, сүйікті де сүйкімді қызым менің! Кеше ғана «іңгәлап» өмірге келгенің де,тұлымшағың желбіреп жүгіріп жүргенің де, шашыңа ақ бантик тағып алғаш мектеп табалдырығын аттағаның да, жоғарғы оқу орнына түскенде «Мама, Папа! Мен студент атандым!» деп қуаныштан жүрегің жарыла сүйінші....

Құттықтау, тілектер
Толық

Үй иесіне, шаңыраққа, дастарханға баталар мен тілектер

Бата берерде әркім «Иә, құдайым», «Иә, Алла», «Иә, жаратқан» секілді бағыштау сөздерін әр батаның алдынан қосып айтуға ерікті.

Уа, жаратқан ием құдірет
Тілегімді қабыл ет!
Иманымды кәміл ет!


Мазмұны:

Баталар | Құттықтау, тілектер
Толық

Шаңыраққа байланысты жақсы баталар, тілектер

Қоныс тойы құтты болсын!  Іші тек құтқа толсын!  Келін алып, қыз ұзатып Жаратқанның адамзат баласына сыйлаған барлық бақытын осы үйдің шаңырағында тойлай беріңдер! Отбасы деген Отандарың ортаймай, Кәрі болып қартаймай, ауырдым деп жантаймай, шуылдағана немере мен шөбереге айқайлай қуанышты ғұмыр кешіңдер!



Шаңырақтарыңның шаттығы құтты болсын! Терезесінен нұр төгіліп, шаңырағынан жыр төгіліп, табылдырыққа жетпей мұң көміліп, ақ пейілді әкелер сыр сөгіліп тұрсын! Үйіңде тек той болсын! Баланың былдыры үзілмесін!  Балалардың қос тірегі, мақтанышы болып ауырмай, сырқамай тек қана бақытты күндер өткізіп жүре беріңдер!

Баталар | Құттықтау, тілектер
Толық

Аға, көке, тәтеге туған күнге тілектер

Құрметті оқырмандар! Егер ағаңызды, көкеңізді немесе тәтеңізді құттықтағыңыз келсе, осы тілектерді ұсынамыз! Аға деп Қазақстанның оңтүстік аймақтарда тәте деп айтады, ал көке деп ағаны солтүстік аймақтарда айтады.

Құттықтау, тілектер
Толық

Алғыс ризалық сөздер

Құрметті оқырман, алғыс және ризалық сөздерді ұсынамыз! Тағы да жазылмаған сөздерді білсеңіз, астына жазыңыз...

Құттықтау, тілектер
Толық

Құттықтаулар мен тілектер

Әлемнің бар жақсылығын, тұнығын, асылын, ізгілігін тілейміз. Әрбір жалдарыңыз жемісті, ойларыңыз арайлы, күндеріңіз нұрлы болсын.    Шаңырақтарың шаттыққа толып, бақытқа бөленіп, қуаныштан жадыраңыздар.




Жарқыраған нұрлы жүзіңізден ешқашан қуаныш кетпесін. Шаңырағыңыз шаттыққа толсын. Әр ісіңіз сәттілікпен өріліп, сізге Алланың нұры жаусын.    Аяулы ұстазымыз болып, арамызда жадырап-жайнап, аман-есен жүре беріңіз. Біз сіздің үмітіңізді әрдайым ақтауға тырысамыз.

Құттықтау, тілектер
Толық

Мұғалімдер туралы үздік құттықтаулар мен тілектер

Қазақстанда ұстаздар күні дәстүрлі түрде қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Мектеп оқушылары, олардың ата-аналары, түлектер мұғалімдерге құттықтау жолдайды.

Сізге ең құнды нәрсе - балаларды сеніп тапсырады, сіз оларды жақсы көресіз және оларға қажетті білім бересіз. Сіздің кәсібіңіз оңай емес, бірақ сіздің бүкіл өміріңіз бен бақытыңыз сонда. Біздің ұстазымыз болғаныңызға мың алғыс! Сізге қуаныш және сәттілік тілейміз. Мұғалімдер күнімен!

Құттықтау, тілектер
Толық