Берілген Курстық жұмыста қарастырылып отпырған Іле өзені Қапшағай шатқалы бекетінің жалпы физико-географиялық жағдайына, климаттық факторларға, гидрологиялық зерттелгендігі және су режимінің жалпы жүру кезеңдері жайында сипаттама берілген. Жұмыстың басты мақсаты-өзенің су режиммінің сипаттамаларын есептеу. Су өтімінің қамтамасыздық қйсығын тұрғызыу, ең жоғарғы, орташа, ең кіші су өтімдері бойынша су өтімінің қамтамасыздық қисығы, біріккен гидрограф тұрғызу арқылы типтік гидрограф тұрғызылды. Жұмысты орындау барысында көптеген мәлметтер ....
Іле ойысы – Жетісу Алатауы, Іле Алатауы,Ұзынқара және Шу-Іле тауларының аралығында ендік бағытта созылып жатқан кең көлемді тау аралық тектоникалық ойыс. Ойыс батысында биік емес Қапшағай горстына (776 м) келіп тіреледі. Бұл горст ойысты Балқаш ойысынан бөліп тұрады және Жоңғар Алатауын Шу - Іле тауларымен қосады. Ал, шығысында Қытай террриториясына кіріп Талкин және Чапчаль жоталарына дейін созылған. Барлық жоталар, сонымен қатар Қапшағай горсты беткейлерімен Іле ойысына қарайды, олар жер бедерінде тік беткейлермен кемерлер түрінде көрінетін жарылу сызықтармен шектелген. Ойыстың таумен көмкерілген жағалаулары полеозойдың күрдслі дислокацияланған массивті кристаллды жыныстарынан тұрады. Іле өзенінің оң жағалауындағы Қалқан және Ақтау тауларында көрінеді. Іле ойысының басқа аумақтары ұзақ тектоникалық майысуды дәлелдейтін мезозой - кайнозойдың шөгінді жыныстарымен борпылдақ шөгінділерінен тұрады. Курстық жұмысымның өзектілігі: Курстық жұмыс Іле ойысының географиялық орыныныуң, жер бедерінің геотектоникалық құрылысының климаты мен органикалық дүниесінің негізгі ерекшеліктерін анықтауымен өзекті. Курстық жұмысымның мақсаты: - Іле ойысының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен органикалық дүниесінің таралуына ;түзетін әсерін; ....
Іле Алатауында өсетін өсімдіктердіңарасында біраз түрлері улы өсімдіктерге жатады. Олардың ішінде өзінің улылық қасиеттерімен зияндылығы адамдарға, үй жануарларына, құстарға әсер етіп уландыратыны бұрыннан белгілі. Улы өсімдіктердің улылығы оның құрамындағы алколойдты заттардың мөлшеріне байланысты. Соңғы жылдары улы өсімдіктердіңуы медицинада емдік дәрі-дәрмек жасауға, ауруды емдеуге көп пайдалануда, сондықтан улы өсімдіктерге көп көңіл бөліне бастады. Шығыста бұрыннан-ақ улы өсімдіктерді халық медицинасында көп пайдаланған, олардан дәрі-дәрмек жасалынған. Бұл милиондаған жылдар бойы бірінен-біріне беріліп отырған, улы өсімдіктерді біреуінің сабағын, екіншісінің жеміс, үшіншісінің тұқымын, кейбіреулерінің тамырын пайдаланған. Олар тамаққа қоспа ретінде, кейде уланған кезде, жүйке жұқарғанда пайдаланған. Кейбір жағдайларда шығында болған. Ондай өсімдіктер улы-деп аталып есте сақталған. Улы өсімдіктерді емдік жолға пайдаланумен қатар қастандық іс-әрекеттерде де пайдалану іске асырылған.Улы өсімдіктердіңпайдалы жақтары күннен-күнге анықталып көбеюде. Бірақ әліде улы өсімдіктердік көптеген түрлері әлі толық анықталған жоқ. Олардың пайдалы түрлері зерттеуде өсімдіктердің инсектицитті қасиеттері бар түрлері қазіргі кезде 1000 асады. (35) Көптеген басқада мемлекеттерде улы өсімдіктердің түрлерін зерттеу әліде жалғастырылуда. 1960 жылдардан бастап Құрама штаттағы ұлттық рақ институтында 29 мың өсімдік түрлеріне 103 мың экстракттар алынған. Соның 3 мыңы ісік ауруларына және басқада ауруларға қарсы пайдаланған. ТМД елдерінде де осындай жұмыстар дәрігерлік институттарда жүргізілуде. ....
Іле Алатауы жотасы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі биік таулар тізбегі. Батыстан шығысқа қарай 350 км-ге созылып жатыр, ені 35-40 км-ге жетеді. Жотаның көтеріңкі жері орта бөлігіндегі Қаскелең мен Түрген өзендері аралығы. Орташа биіктігі 400м. Ең биік жері - Талғар шыңы (4973м). Орталық бөлігінен Іле Алатауы аласарып шығыста – Сөгеті, Бұғыты, батыста Қастек, Кіндіктас, аласа тауларына ұласады. Таулы жота күшті дислокацияланған протерозойдың, төменгі палеозойдың шөгінді жыныстарының (құмтас, тақтатас, әктас) және гранит, гранодиориттерден, конгломераттардан түзілген. Ол таулардың көптеген жүйелерінен және тау аралық ойпаттардан, сонымен қатар өзінің пайда болуында таулы жер бедерінің дамуымен байланысты тау алды жазығы белдеуінен тұрады. Ең алғашқы зерттеушілер бұл кең аймақты Іле өлкесі деп атаған. Оның шекараларын әр автор әр түрлі келтіреді. П.П.Семенов Тянь-Шаньский жотаны шығысында Шарын өзені мен, ал батысында Шу өзені мен шектелген. Н.Г.Кассин (1930ж.) оның батыс шекарасын Қастек асуы меридианы бойынша, ал шығыс шекарасын Шарын өзені арқылы жүргізген. Солтүстігінде жота тау алды жазығымен, ал оңтүстігіндегі нақты бейнеленген шекаралары – Шілік және Шоңкемен өзендерінің аңғарлары болып табылады. Батысында жотаны Қастек өзенімен және сол атаудағы асу мен шектеуге болады, одан кейін ол орографиялық жағынан да, геологиялық құрылымдық қатынаста да жеке массив болып есептегенде 90 км-ге жетеді. Шығысында жота Шарын өзенімен шектеледі. Аталған шекаралардағы жотаның ара қашықтығы 260км., Алматы қаласы меридианы бойынша ені-45км., ал тау етегі жазығымен қоса есептеген де 90 км-ге жетеді. Қарастырылып отырған аумақтың жалпы ауданы 18000км шаршы шамасында. Іле Алатауының жер бедері өте күрделі болып келеді. Жотаның ең биік шыңдары оның орталық бөлігінде орналасқан, 130км ара қашықтықтағы теңіз деңгейінен 4000 м-ден асатын белгілерге ие. Орта сілеміне жалпы ұзындығы 90км-ге жететін Сарытау және Торайғыр таулары, ал оңтүстігіне ара қашықтығы 50км-ге жететін Далашық таулы үстірті жатады. Бұл сілемдер Сөгеті, Жалаңаш, Асы және Жіңішке тауаралық ойыстарын шектейді. Көріп отырғанымыздай, Іле Алатауы алты жотадан және кең тау аралық ойпаттардан тұратын, таулардың толық жүйесін құрайды. Сонымен қатар, оның солтүстік беткейінде тау алды, яғни екі аласа таулы – қырқалы саты бөлінеді, ал төменде еңкіш тау етегі ....
Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстанда алғашқы құрылған парктер қатарына жатады.Бұдан екі жыл бұрын оның құрылғанына 15 жыл толғанына байланысты үлкен конференця болды. Қазақстан орман шаруашылғы қызметкерлері елеулі шара өткізді. Парктің үлкен қала іргесіндегі экологияны сақтаудағы, халықтың демалысын ұйымдастырудағы және биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы жетістіктеріне көңіл бөлініп оның келешегі жөнінде келесі мәселелер қозғалды. Талғар филиялы Іле Алатау мемлекеттік ұлтық табиғи паркінің үлкен бір бөлімшесі болып табылады.Ол парк құрылған күннен бастап құрамына кіргізілді және осы парктің негізгі мақсатарын нәтежелі орындауға ат салысып отыр. Сондықтан біз Талғар филиялының қызметінің техникалық және экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасауды дипломдық жүмысымыздың негізгі тақырыбы етіп алдық . Дипломдық тақырыбымыз Талғар филиалы қызметінің соңғы 5-6 жылдық қорытындыларын қамтиды. Онда алдымен осы филлиалдың жалпы мәліметтері анықталып (орналасуы, табиғи климаттық және экономикалық жағдайы), одан соң нақы қызметтері (түрлері, аумағы, көлемі, өзгеруі мен көбею қарқыны) мен оларға жұмсалған шығындар талданады. Қызметкерлер саны, олардың әлеуметтік жағдайы (жалақы мөлшері), филлиал бойынша жұмсалған қаржы сомалары, олардың өсу қарқыны мен тиімділігі де есептеледі. Талдаулар қорытындыға ұласып, филлиал қызметінің жақсы жақтары мен кемшіліктеріне көңіл бөлінеді және шама-шарақымызға қарай бар кемшіліктерді жою жолдарын көрсетіп, оның жұмысын жақсарту туралы ұсыныстар бердік ....
Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстанда алғашқы құрылған парктер қатарына жатады.Бұдан екі жыл бұрын оның құрылғанына 15 жыл толғанына байланысты үлкен конференця болды. Қазақстан орман шаруашылғы қызметкерлері елеулі шара өткізді. Парктің үлкен қала іргесіндегі экологияны сақтаудағы, халықтың демалысын ұйымдастырудағы және биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы жетістіктеріне көңіл бөлініп оның келешегі жөнінде келесі мәселелер қозғалды. Талғар филиялы Іле Алатау мемлекеттік ұлтық табиғи паркінің үлкен бір бөлімшесі болып табылады.Ол парк құрылған күннен бастап құрамына кіргізілді және осы парктің негізгі мақсатарын нәтежелі орындауға ат салысып отыр. Сондықтан біз Талғар филиялының қызметінің техникалық және экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасауды дипломдық жүмысымыздың негізгі тақырыбы етіп алдық . Дипломдық тақырыбымыз Талғар филиалы қызметінің соңғы 5-6 жылдық қорытындыларын қамтиды. Онда алдымен осы филлиалдың жалпы мәліметтері анықталып (орналасуы, табиғи климаттық және экономикалық жағдайы), одан соң нақы қызметтері (түрлері, аумағы, көлемі, өзгеруі мен көбею қарқыны) мен оларға жұмсалған шығындар талданады. Қызметкерлер саны, олардың әлеуметтік жағдайы (жалақы мөлшері), филлиал бойынша жұмсалған қаржы сомалары, олардың өсу қарқыны мен тиімділігі де есептеледі. Талдаулар қорытындыға ұласып, филлиал қызметінің жақсы жақтары мен кемшіліктеріне көңіл бөлінеді және шама-шарақымызға қарай бар кемшіліктерді жою жолдарын көрсетіп, оның жұмысын жақсарту туралы ұсыныстар бердік ....
Дайын өнім негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, паспорты, сертификаты және басқадай құжаттармен куәландырады, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары міндетті түрде актімен рәсімделеді. Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім деп» аталатын активті инвентарлық шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айнаплым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады. Дайын – өнім өзіндік құны есептік кезең аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Дайын өнім қабылдау тапсыру накладной бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістеледі. Қабылдау – тапсыру құжаты (накладной) цехта 2 дана етіп жазылады. Дайын өнім қоймаға тапсырылғаннан кейін, накладнойдың 1 данасы қоймада, екінші данасы цехта қалады. Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысын жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында «өнім шығару жиынтығы» деген құжаттың нысаны қолданылады. Осы жиынтық бойынша бір айдағы өнімді кірістеуге болады және оған тиісті накладной қоса тіркеледі. Көптеген белшек сауда кәсіпорындарында тауар есебін ұйымдастырудың күрделі жағдайынан алшақ болу үшін тауардың сату бағасы бойынша есеп әдісін пайдаланады. Өйткені ол сатылған тауардың есептік бағасы бойынша сомасын жеңіл анықтауға мүмкіндік береді, ол үшін бүкіл сомадан чек бойынша жиынтық сомасын алып тастаса, айырмасы саудадан түскен түсім болып саналады. Осы жағдайда, тауардың да қалдығын кез келген кезеңге анықтау мүмкіндігі туады. Бұл тәсіл тек қана көтерме саудаға тән деп ойлауға болмайды, оны бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар да штрих кодтарының көмегімен жүзеге асыруына болады. Тауарлар сатылғаннан кейін тауар бағасы ҚҚС сомасынан «тазартылады», яғни табыс сомасы шығарылады, ол үшін ҚҚС сомасын қызылмен жазады. ҚҚС жалпы табыстан есептелінеді де, тауарлар түскен және кірістелген кезде шегерімге қойылған сомаларды алып тастағаннан кейін қалғаны бюджетке аударылады ....
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының экономикасы әртүрлі меншіктік-құқықтық нысандарындағы қызмет атқарушы ұйымдардың көптүрлілігі ретінде сипатталады. Кәсіпкерліктің жаңа түрлерінің пайда болуы жалпы халық шаруашылығының барлық салаларын қамтиды. Нарықтық қатынастардың дамып, нығая түсуі мен өзара бәсекелестіктің ерекше қаркын алуы кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды күрделендіруде. Қазіргі кезең талабына сәйкес ақпараттың уақыттылығы, сенімділігі, мәнділігі, маңыздылығы шешуші роль атқарып отыр. Кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуы мен оның нәтижелері жөніндегі мәліметтерді жинап, өңдеп, пайдаланушылардың ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз етуші бірден-бір жүйе - бухгалтерлік есеп. Бухгалтерлік есеп жүйесі дегеніміз - кәсіпкерлер мен ұйымдардың операциялары мен жағдайлары жөніндегі ақпаратты жинау, тіркеу және топтастыру жүйесі болып табылады. Қазақстан Республикасының президенттері болатын міндеттегі тіркеуден өтуі қажет заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер және де Қазақстан Республикасында тіркелген, бірак президенттер болып саналмайтын заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілеттіліктері бухгалтерлік есеп жүргізуге және қаржылық қорытынды есепті құрастырып, сәйкес орындарға тапсыруға міндетті. Бұл кәсіпкерлер мен ұйымдар бухгалтерлік есепті жүргізуде және қаржылық қорытынды есепті құрастыруда заңдық және әртүрлі нормативтік-құқықтық негіздерге сүйенеді. Олардың катарында Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылык корытынды есеп жөніндегі" заңын, Халықаралық қорытынды есеп стандарттарын, Ұлттық есеп стандарттарын, Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспарын атауға болады. Бухгалтерлік есеп - экономикалық ғылымдар ішіндегі өз алдына бөлек зерттеу пәні бар, оны зерттеп, талдайтын, даму жолдарын анықтайтын, шаруашылық есептің ұйымдастырылуы мен орындалуын жүйелендіретін әдіс-тәсілдері бар ерекше гылыми сала. Мұндағы зерттеудің негізгі объектілері -шаруашылық қорлары мен олардың қорлану көздері. Яғни, бухгалтерлік есеп жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі - әрбір ұйымның шаруашылық қорлары мен қорлану көздерінің нақты қалдықтары мен олардың қозғалысының есебін қажетті талаптар көлемінде ұйымдастыру. ¥йымдардың өнімдер өндірудегі (қызметтерді атқару, жұмыстарды орындаудағы) аса маңызды объектілері - шаруашылык корлары болып табылады. Шаруашылық қорлар құрамына негізгі құралдар, материалды емес активтер, тауарлық-материалдық игіліктер, ақша қаражаттары, инвестициялар, дебиторлық қарыздар кіреді. Тауарлық-материалдық құндылықтар олардың ішіндегі ең бір көлемдісі болып табылады, себебі, бұл игіліктер өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрастырады, өндіріліп шығарылатын дайын өнімдердің өзіндік құнының басым бөлігі ретінде олардың бағасын анықтауға негіз болады. Дайын өнімдерді (жұмыстар, қызметтерді) сату' нәтижесінде алынған табыс сомасы қандай да болмасын шаруашылық субъектісінің негізгі табыс көзі болып табылады. Яғни, өндірілетін дайын өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өзіндік кұнын азайту кәсіпорын ерекше маңызға ие болады. Дайын өнімдер (жұмыстар, қызметтер) сатудан алынған табыс сомасы мен оларды өндіруге жұмсалған шығындар кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық ....
Дала зонасы Қазақстанның біраз территориясын яғни Республика жер көлемінің 26 % ініен астамын алып жатыр. Дала зонасы орманды далазонасыың оңтүстігінен басталып, батыстан шығысқа қарай 2200 км ге созылған кең алқапты қамтиды шамамен 54 – 50С с.е аралығында орналасқан. Дала зонасына Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстүртінің солтүсігі , Мұғалжар тауы бүтіндей дерлік, жалпы сырттың сілемдері , каспий маңы ойпатының солтүстік шеті, орал етегі (жем) үстірті, сарыарқаның солүстігі және орталық аудандары жатады. Дала зонасының жер бедері әкімшілік аумақтық жағынан Батыс Қазақстан, Ақтөбе , Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарын қамтиды. Даланың климаты континентті. Жазы ыстық және құрғақ келеді, ал қысы қатаң, қар аз болады. Қаңтардың орташа темпаратурасы 16-18 градус шілде айында солтүстігінде +18 тан оңтүстігінде +23 градусқа дейін жетеді. Жылына 300 мм ге дейін жауын шашын түседі бірақ мұның мөлшері солтүстіктен оңтүстіке қарай азайа береді. Климат жағдайлары егін шаруашылығымен шұғылдануға толық мүмкіндік береді. ....