Балабақша сабақ жоспары


ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ

Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»
Мақсаты: жыл мезгілдерін ажыратуға үйрету.
Білімділік: Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Сұрақ-жауап арқылы ойлауын қазақ,орыс,ағылшын тілінде сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға,достыққа тәрбиелеу
Әдіс-тәсілі: Әңгімелесу,сұрақ-жауап,түсіндіру,тапсырмалар орындау
Көрнекіліктері: Үлгі суреттер,луллия шеңбері, үлестірмелі карточкалар
Қажетті құралдар: Қайшы,желім, түрлі-түсті қағаздар,қылқалам,түрлі-түсті қарындаштар
Блингвалды компонент: Жыл мезгілдері-времена годы
Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Әсем әуенмен балалар топқа кіріп, шеңбер болып тұрады.
-Балалар бізге шуағын төккен күнмен,мейірімді жер анамен,қайырымды аспан ата мен ж/е тобымызға келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Шаттық шеңбері!
-Армысың шуақ күн
-Жылуыма жылу қос
-Міне менің қолым бос
-Күлімдеген күн мейірімді
-Кіршіксіз ақ қар мейірімді
-Таза мөлдір су мейірімді
-Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді
Аяулы анам мейірімді
-Қадірлі әкем мейірімді
-Әлпештеген әжем мейірімді
-Еркелеткен атам мейірімді
-Жылы жүзді ұстазым мейірімді
-Тату-тәтті достарым мейірімді
Балалар үш тілдіе амандасады. Балалар әуенмен топқа кіреді шеңбер бойына тұрып өлең жолын орындап үш тілде сәлемдеседі
Өлең жолдарын қимылмен орындайды.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

ГҮЛДЕРДІ СУҒАРУ

Мақсаты: Бақша гүлдері мен бөлме гүлдерін ажырата білуге меңгерту. Гүлдерге деген қамқорлық қарым-қатынасын дамыту. Балаларды табиғатқа қамқорлық көрсетуге және аялай білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бақша гүлдері, бөлме гүлдерінің суреттері. Сөздік жұмыс: раушан, бөртегүл, қалампыр, геран. Билингвизм сыңары: гүлдер-цветы. Алдын-ала жасалатын жұмыстар: су құйғыш, тас, құм, топырақ, су, гүлдің көшеті.
Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Армысың, мейірімді – Аспан ата, Армысың, қайыпымды – Жер ана, Армысың, шұғылалы-Нұрлы күн. Армысың, балабақша- дос жаран. Балалар қимыл қозғалыспен шаттана жасайды. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ

Мақсаты: Гимнастикалық орындықтың үстімен жүруге, бір қатарға қойылған заттар арасынан жыланша ирелеңдеп жүруге үйрету. Жаттығуларды орындау барысында дене сұлулығын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Балалар спорт залына саппен кіреді.

Сапты түзеп тұрады. Тәрбиешімен амандасады.

Сәметсіздерме, балалар!
Саламатсызба!
Балалар , бізге қонақтар келіп қалыпты, қонақтармен амандасып алайық
Балалар: Біз бақытты баламыз,

Шыныға да аламыз.

Туған елдің көгінде ,

Шамшырақ болып жанамыз!

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Ал, балалар жаттығуымызды қайталап, денемізді шыңықтырып алайық......
Балабақша сабақ жоспары
Толық

МАТЕМАТИКА ЕРТЕГІ ӘЛЕМІНДЕ

Мақсаты: Заттарды санау,салыстыру,іскерліктерін дамыту. Балаларға 1-ден 5 –ке дейінгі сандарды кері және тура санауға жаттықтыру,геометриялық фигураларды ажырату. Шығармашылық,логикалық ойлау қабілеттерін,қиялын,танымдық процестерін,саусақ маторикасын дамыту. Ақыл ой әрекетінің тәсілдерін меңгеру. Театр түрлері арқылы кейіпкерлерді ажыратуға үйретіп,белсенділігін,қызығушылығын арттыру. Көрнекілігі: сандар,театр қуыршақтары,үйшік, дидактикалық материалдар,таяқшалар,сиқырлы сандықша т.б. Билингвалды сыңары: Бір-один-one, Екі-два-two,Үш-три-three Салематсызба-здравсвуите hello,Сау бол-досвидание-good bye,Үйшік-домик-houseӘдіс-тәсілдер: тапсырмалар,түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап. Сөздік жұмысы: театрИнклюзивті әлеумет: Ұяң баламен жеке жумыс .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Үйшік

Мотивациялыққозғаушылық Сәлемдесу;
Шаттықшеңберінқұру:
Балаларжылыжұмсақ, жүректердіңжылуынкелгенқонақтарменбөлісейік.
Үлкеншеңберқұрайық. Алақандыұрайық. Күлімдесінкүнде, Күлімдейікбізде. Алақандыашайық, Күнніңнұрынсалайық. Таза ауанысалайық. Жүрекжылуынсалайық. Ендібәрінқонақтарғасыйлайық


Үлкеншеңберқұрайық. Алақандыұрайық. Күлімдесінкүнде, Күлімдейікбізде. Алақандыашайық, Күнніңнұрынсалайық. Таза ауанысалайық. Жүрекжылуынсалайық. Ендібәрінқонақтарғасыйлайық.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Балалар,бүгінгіоқуқызметіміздеертегілерментанысамыз.
-Балалар, сендергеертегіұнайдыма? -Сендерертегібілесіңдерма?
-Бүгін мен сендерге «Үйшік» ертегісінайтыпберейін.
Біздіңбалаларменқосылып, ертегінітамашалауғашақырамыз.

Пойызарқылыорманғасаяхатжасау.
«Санауәні»

(Кейіпкерлер арқылы тапсырмалар орындату).
Ерте,ерте ертеде орманда кіп-кішкентай үйшік тұрыпты.
Бірде оны қасынан өтіп бара жатқан тышқан көреді.
-Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? (ешкімжауапбермейді)
Тышқанныңтапсырмасы. (Геометриялықпішіндердіңатауы, түсінайту.)

Бақаның тапсырмасы: «Жұмбақтың шешуін тап?»
1.Үйін жинап ертеңмен,
Мейіз тауып алыпты.
Мысығы келмеген соң,
Ол өкпелеп қалыпты.
Бұл қай ертегі?

2.Атай өзі салғаның,
Көрді өсіп қалғанын.
Ары тартты, бері тартты,
Тарта алмады.
Бұл қай ертегі?

3.Апасыннан қашып кетті,
Атасынан қашып кетті.
Кездестіріп біраз аңды,
Біраз жолдан асып кетті.
Бұлқайертегі?

Қоянныңтапсырмасы: «Түлкініқұрастыру» Д/о.

Түлкініңтапсырмасы:
«Не артық» логикалықойын.

Аюдың тапсырмасы: «Ормандағы аңдар туралы тақпақ»
Қос тілді сөздікті әр тапсырманы орындату барысында қолдану.

Сергітусәті: «Балдырған» әні .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Ұшақ

Мақсаты: Балалардың ұшақ туралы білімдерін жетілдіре отырып, ұшақ құрылысына тоқталу, ұшақ ұшырылатын жерді аэропорт деп атайтыны, ұшақ пен тікұшақты салыстыруға баулу, ұшақ мағынасына кіретін сөздерді топтастыру жұмыстарына қатыстыру және ұшақ суретін бейнелеуге үйрету.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелесу, мультимедиялық құрал, СТО бағдарламасының «Топтастыру», «Галлереяны шарлау» стратегиялары бойынша жұмыстар, теледидар қарау үлгіге қарай отырып бейнелеу әдісі Көрнекілігі: Ұшақ және тікұшақ макеттері, ойыншық түрлері, мультимедиялық құрал, ойынға керекті қағаздан жасалған ұшақ, суретті көрнекіліктер: ұшқыш, су, жер, әуе көліктері Билингвалды компонент: ұшақ - самолёт, тікұшақ - вертолёт
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Ұйымдасты рушылық оятушылық Тәрбиеші ұшақ туралы жұмбақ жасырады.
Көзді ашып - жұмғанша,
Апарады ұшырып.
Қай жолменен жүргенін,
Жата алмайсың түсініп.
Тәрбиеші балалардан жыл мезгілін, апта күнін, ауа - райын біліп сұрайды. Балалар жұмбақ шешуге қызығушылық танытып, ұшақ екенін қасиеттеріне қарап ажыратады

Балалар жауап береді.
Ұйымдасты рушылық ізденушілік Тәрбиеші: - Балалар біздің бүгінгі оқу қызметіміз ойын түрінде өтеді. Сондықтан бәріміз атсалысып ұйымшыл түрде қатысайық. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Жомарт өлкем

Мақсаты: Музыканы тыңдау, сезіну, сипатын ажырату, динамикасын білу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін дамыту.
Көрнекілігі: Ноталар, нота сызықтары, композитор суреті, музыкалық аспаптар, теледидар, интерактивті тақта
Сөздік жұмыс: Композитор, нота
Билингвальды компонент: Төмен - вниз, жоғары - вверх, үлкен - большой, кіші - маленький
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері: Музыка жетекшісінің іс - әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық: Жетеккші балаларды «Көк тудың желбірігені» әнімен (И. Ескендір) қарсы алады. Балалар қолдарына жалаушаларын ұстап, жүріп келіп орындарында тұрып әуен ырғағымен теңселеді.
Туған жердің жырларын
Қызғалдақтай терейік.
Кең өлкенің қырларын
Жүр аралап келейік - өлеңін оқып береді.
Ақын «Туған жеріне» деген әнін осылай жырлаған екен. Ақын М. Әлімбаевтың суретін интерактивті тақтадан көрсетіп, таныстырады.
Музыка тыңдау«Атамекен» Р. Рымбаева теледидардан тыңдату.
- Қане балалар экранға назар аударайық
- Әншіні танимыз ба?
- Қане кім біледі, кім айтады?
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Роза апамыз. Р. Рымбаева «Атамекен» әнін орындап жатыр Балалар қолдарына жалаушаларын ұстап қозғалып тұрады......
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Көрікті қыс

Саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу
Мақсаты: Балалардың шығармашылық ынтасын ояту, түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу іскерлігіне баулу.
Дамытушылық: Ұжым сурет салуға үйрету, балалардың шығармашылық қасиеттерін сурет салуға деген қызығушылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезім - деріне тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: серуен - саяхат, ғажайып.
Көрнекілігі: қысқы орман көрінісі, сурет салатын түсті қағаз, тіс пастасы, қол сүртетін шүберек.
Блингвалдық компонент: қыс - зима, қар - снег. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Елордасы - Астана

Мақсаты: мектепалды даярлық топ балаларының тіл дамытудан білімдерін, дағдыларын бекіту.
Міндеті:
- Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беруді жалғастыру.
- Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу;
- Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.
- өз еліне деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктері: Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері, бейнетаспа.
Жаңа сөздер: Елорда, Бәйтерек, барыс, өкімет үйі.

1. Кіріспе бөлім.
- Біздің еліміз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
- Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
- Елордамыз - Астана қаласы.

2. Негізгі бөлім.
а) Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін педагог мәнерлеп оқиды.
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның,
Мақтанышым - Астанам.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады). .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Ойлайық та ойнайық

Білімділік: балаларды ойын арқылы сабақтастыра отырып түстерді ажыратуға, пішіндерді ажыратып орналастыра білу шапшаңдылыққа үйрету, жоғары - төмен, көп - аз ұғымдарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Уақыт мезгілін үйрету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: математикалық ұғымдарды қалыптастыруға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, уақыт мезгілінің суреттері.
Сөздік жұмыс: тәулік, сан
Қостілдік: күз - осень, таңертең - утро, күндіз - день, кеш - вечер, түн - ночь.

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
- Тәрбиеші, жыл мезгілдері, ерекшеліктері жайында сұрайды.
- Қазір қай мезгіл?
- Күздің қандай ерекшелігі бар?

Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Балалар, орманшы атай бізге себет беріп жіберіпті, себеттің ішінде не жатқаны жұмбақты шешу арқылы біле аламыз.
1. тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден.
2. Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.

Тосын сәт: Кірпі мен қоян шығып балалармен амандасады.
- Балалар, олардың қарындары аш екен, сүйікті асын сыйлайық.
- Кірпі нені жақсы көреді, ал қоян ше?
- Олай болса кірпіге алма, қоянға сәбіз сыйлайық.
- Балалар кірпіде неше алма? (2)
- Қоянда неше сәбіз? (1)
- Ненің асы көп?.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық