Заттардың қасиетін қайталау ойыны
Сабақтың тақырыбы: Заттардың қасиетін қайталау ойыны
Сабақтың мақсаты: Заттың қасиеттерін, геометриялық фигуралар мен олардың белгілері туралы білімдерін қайталау. Саусақ қимылын, ойлау қабілетін, қиялдарын дамыту. Үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап , көркем сөз, ойын.
Іс-әрекет кезеңдер: Тәрбиешінің іс-әрекеті,; Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
1, 2, 3
Біз жинаймыз күш
Терезені ашамыз
Таза ауа жұтамыз
1, 2, 3
Отырамыз тып-тыныш.
«Өз орныңды тап» ойынын ойнаймыз. Сендер сандарды алып, ретімен қатарға тұруларын керек.
Балалар қимылдарды орындайды
Өз орындарын табады
Ұйымдастырушы ізденушілік
Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіміз сәл өзгешелеу болады. Өйткені біз сабағымызды саяхат түрінде өткіземіз.
Бірақ немен, қалай барамыз? Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сол жұмбақты сендер шешіңдер.
Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
- Дұрыс, балалар, бұл түйе. Түйе – үй жануары. Түйеден біз қандай пайда көреміз?
- Түйе туралы кім тақпақ біледі?
- Біз бүгінгі сабақты түйе туралы әңгімеден бекер бастамадық. Біз қазір түйелермен саяхатқа шығамыз.
- Балалар, тыңдаңдар. Баяғы заманда үлкен ел болыпты. Ол ел бірнеше кішігірім ауылдардан тұрыпты. Әр ауылдың өз сиқыршысы болыпты. Ауылға барған қонақтарға сиқыршылар тапсырма береді екен. Сол тапсырмаларды дұрыс орындаған адамдарды сиқыршылар қонақ қылады екен.
- Міне, балалар, біз де қазір сондай ауылдарға барамыз. Сол ауылдардың сиқыршылары бізге тапсырмалар береді. Егер де біз сол тапсырмаларды дұрыс орындасақ, сұрақтарға дұрыс жауап берсек, олар бізді киіз үйге шақырып, есіктерді ашып, қонақ қылады. Ал егер біз тапсырманы орындай алмасақ киіз үйдің есігі ашылмай қалады. Балалар, сендер дұрыс жауап бересіңдер ме?
- Ендеше саяхатқа шығайық.
Балалар түйеге мініп жолға аттанады.
- Балалар, мен алдымызда бір ауылды көріп келемін. Киіз үйлер тұр. Киіз үйдің түсі қандай?
- Тоқтап, жол сұрасақ қалай қарайсыңдар.
Алдарынан сиқыршы шығады.
- Қош келдіңіздер менің Сарыбай ауылыма. Бұл түстер ауылы.
Сұрақтар:
Суреттегі ойыншықтардың түстері қандай?
Түстері бірдей ойыншықтар бар ма?
Көкөністер мен жемістердің түстерін атаңдар.
Жарайсыңдар, балалар, жауаптарың дұрыс таптыңдар. Мен сендердің жауаптарына өте ризамын.Киіз үйдің есігін аштыңдар. Өзімнің сиқырлы жол көрсететін жұлдызымды берейін, жол жалғастыруға көмек көрсетейін. Сау болыңдар.
- Рахмет. Келесі ауылға жолды жылдам табатын болдық.
- Тағы бір ауыл көрініп келеді. Киіз үйдің пішіні қандай?
Алдарынан сиқыршы шығады.
- Қош келдіңіздер менің Дөңгелек ауылыма. Бұл пішіндер ауылы.
Менің тапсырмам геометриялық фигураларды жіктеуге арналады. Сендерге геометриялық фигуралар мен түрлі түсті сандықшалар берілген. Пішініне қарай оларды тиісті сандықшаларға орналастырыңдар. Қызыл сандықшаға төртбұрыш, сарыға – үшбұрыш, жасылға – дөңгелек.
- Жарайсыңдар, балалар, тапсырманы дұрыс орындадыңдар.
Мен сендерге көмек ретінде өзімнің сиқырлы дөңгелегімді берейін. Сау болыңдар.
Балалар қоштасып, жолдарын жалғастырды.
- Балалар, алдымызда тағы бір ауыл көрінеді. Мұнда екі киіз үй тұр. Киіз үйлердің өлшемдері қандай?
Алдарынан сиқыршы шығады.
- Қош келдіңіздер менің Үлкен ауылыма. Бұл өлшемдер ауылы. Менің тапсырмам осындай.
Көлемі әртүрлі түрлі түсті шеңберлер қойылады.
- Бұл фигураларға не ортақ?
- Барлығы неше шеңбер бар?
- Олардың ішінде нешеуі үлкен? Нешеу кіші?

Мен сендерге аман есен мектептеріңізге жол табу үшін көмек ретінде өзімнің сиқырлы таяқшамды берейін. Сау болыңдар!
-Сиқырлы таяқшаның көмегімен сыныбымызға қайтайық.
Міне , балалар сыныбымызға да келдік.
Біз саяхатқа қайда бардық?
Кімдер бізді қарсы алды?
Жақсы. Ал, енді санамақ айтайық.
Кел санайық екеуіміз,
Бас бармағым - әкем,
Балан үйрек - анам,
Ортан терек - ағам,
Шылдыр шүмек - мен
Кішкене бөбек - сен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Түйе
Балалар жауап береді.
1-2 бала түйе туралы тақпақ айтады
Иә.
Сары.
Жасыл, қызыл, көк, сары, қызғылт.
Иә, бар. (көрсетеді)
Қызыл алма, сары банан, жасыл қияр....
Сау болыңыз!
Дөңгелек
Педагогтың көмегімен тапсырманы орындайды.
Сау болыңыз!
- Кішкентай, аласа. Үлкен, биік.
Пішіні. Бұл шеңберлер.
Санайды. Алты.
Екеуі – үлкен
Төртеуі – кішкентай
Сау болыңыз!
Ауылдарға.
Сарыбай, Дөңгелек, Үлкен ауылдарына саяхатқа бардық
Сиқыршылар
Санамақ айтады.
Іс-әрекетті
бағалау
кезеңі
Балалар оқу іс-әрекеті соңында қолдарына берілген гүлдерді (қызыл, жасыл) үйшіктің айналасына жапсырып , сабақтың қалай болғанын білдірейік.
Сендерге оқу іс-әрекеті ұнаса, қызыл түсті гүлдерді жапсырасыңдар.Гүлдерді үйшіктің айналасына жапсырады.......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: балабақша балалар арналған Заттардың қасиетін қайталау ойыны ойын ойындар балабакша, балабакша ойын турлери балалар, балаларға арналған ойындар, подвижные игры для детей на казахском языке, Заттардың қасиетін қайталау ойыны