Сиқырлы сандық

 Сиқырлы сандық

Тақырыбы: Сиқырлы сандық
Мақсаты: Балаларды 1-ден 5-ке дейін ауызша санап есептей білуге, сандар қатарын, сандарды тура санауға, өз бетінше ойлауға, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіте отырып, олардың ойлау қабілеттерін, білімдерін математикалық санамақтар, түрлі ойындар арқылы дамыту.
Әдіс-тәсілдер: Жеке жұмыс, сұрақ-жауап әдісі, дидактикалық ойын, таңғажайып сәт, мадақтау.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Көрнекі құралдар: пішіндер, сандар, асық, сиқырлы сандық.
Көрнекілік: сандар, пішіндер.
Сабақтың барысы:
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың әрекеті
Ынталандыру оятушы Балалар, бүгін ерекше күн. Бізге қонақтар келіп отыр. Олай болса, қонақтармен сәлемдесейік. Сәлем деймін достарға,
Сәлем деймін құстарға,
Сәлем деймін құрдасқа,
Сәлем деймін ұстазға.
Ұйымдастырушылық
Қорытынды Балалар, қолдарымыздан ұстап шеңбер құрамыз.
- Қазір біз неге ұқсадық?

- Енді барлығымыз әуеннің ырғағымен көзімізді жұмып, орнымыздан айналып көрейікші. Бір сиқырлы күш бізді қайда алып келіпті?
- Балалар, мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?
- Балалар, берілген пішіндердің түрі қандай екен? Қайсысы үлкен және кіші айтыңдаршы.
- Берілген қима қағаздағы сандарды тура санатқызу.

«Лото» ойыны.
Ақ қағазға шеңбер түсіріп, оң жақ, сол жақ, жоғары және төменді ажырату, кеңістікті бағдарлау.
Ал, балалар, демалып бойымызды сергітейік.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Артық, кем және тең таңбаларын көрсету. Геометриялық фигуралардан үй, машина құрастыру. (Неше үшбұрыш, неше төртбұрыш қолданғандарын сұрау).
Балалардың еңбегін қарап, мақтау.
Осы кезде ханшайым келеді. Сандық ішінде сан жазылған асықтар болады. Бала көзін жұмып, асықты алады. Санды атайды. Сандарға байланысты кім санамақ айтса, сол балаға
«Ғажайып сандық» сыйлық береді.

- Допқа, шарға, күнге, қауынға т.б.

- Сандар мен пішіндер әлеміне.


- Сандар, пішіндер.
Балалар тақтаға шығып, пішіндерден үй, машина құрастырады.
Әди: Бір дегенім бала,
Санды дұрыс сана.
Сенің қанша атаң бар?
Сенің қанша апаң бар?
Шыңғысхан:
Екі дегенім ешкі,
Таудан келер кешке.
Нұрғиса:
Үш дегенім үйім,
Үйде жақсы күйің.
Мерей:
Жылқы, сиыр, түйе, қой,
Төрт түлігін біліп қой.
Асанәлі: Бес дегенім бесік,
Келеді сәби өсіп. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру