Тамаша – тамаша Шыршамыз тұр жараса

 Тамаша – тамаша  Шыршамыз тұр жараса

Зал іші «Әдемі, мерекеге сай безендірілген. Ортада әдемі шырша тұр, әр түрлі ойыншықтары ілінген. Музыка әуенімен әр түрлі киім киген балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: Төрле - төрле жаңа жыл
Айналамыз тебірене жыр
Төрле - төрле құтты жыл
Халыққа әр күн төгіп нұр
Төрле – төрле құтты жыл
Қуаныштан айналады жыр.
Құрметті ата - аналар, тәрбиешілер, балалар Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
Келе жатқан Жылан жылы бәріңізге бақыт, шаттық, береке бірлік әкелсін дей отырып Ортаңғы топ балаларының Жаңа жылдық ертеңгілігін бастаймыз.
Малвино:
- Буратино, буратино, буратино.
- Ой, Сәламатсыздар ма?
- Буратиноны көрмедіңдер ме? Буратинодан ажырап, адасып қалдым ғой.
- Ой, ой, ой неткен әдемі шырша, неткен самсаған әсем ойыншықтар, неткен сұлулық?
Мыстан кемпір:
- Ха - ха - ха, Малвина? Қайдан жүрсің, қайдан келесің?
Малвина:
Сәлеметсіз бе, әже! Мына шыршаның шамдары неге жанбайды?
Мыстан:
- Ха - ха - ха, бұл тек шырша емес, сиқырлы шырша. Бұл Шыршаның шамдары балалардың күлкісі бар жерде, әсем би бар жерде, ортаны қызыққа бөлеген шақта шамдар жарқырай түседі.
Малвино:
- Ой, әже неткен тамаша, ендеше балаларымызды неге шақырмаймыз?
Мыстан:
- Балаларды ортаға әкелу үшін мына сиқырлы сандықты ашуымыз керек.

Мыстан мен Малвино:
- 1, 2, 3 әсем ән бірге шашылсын, Сиқырлы сандық ашылсын!
(Балалар ортаға көңілді әуенмен кіреді. Сол әуенмен шыршаны айналады!)
Малвино:
- Алақай, алақай, балалар көңілді келеді Жаңа жыл кешін тойлауға!
Мыстан:
- Айттым емес пе саған. Ендеше балғын балалардың өнерін тамашалайық! Жаңа жылға деген тілектерін естиік!
Айзада.
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық
Жаңа жылды жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
Болат.
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.

Гүлсая.
Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Би: Ортаңғы топ бүлдіршіндерінің «Орыс биін» тамашалаңыздар.
Хор: «Шырша жыры» (балалар саз жетекшімен бірге қосылып шырқайды)

Малвино сандықты ақтарып отырып, құман тауып алады.
Малвино:
- Мынау не нәрсе?
Мыстан:
- Бұл құмыра. Бұл құмыраның құпиясын мен ғана білемін. Бұл құмыра қатты - қатты үйкелеп жіберсең, бір ғажайып болады.
-(Малвино құмыраны үйкелей бастайды, сол кезде құмырадан күңіренген дыбыс шығады)
Жын:
- Кім мені мазалап жатқан?
- Малвино қорыққаннан қолындағы құмыраны түсіріп алған кезде, жын ұшып шығады.
( құмырсқаны жерге түсірген дыбысы естілуі тиіс және жын шығатын дыбыс).
Мальвино:
- Олай болса, менің 1 - ші тілегім: досым Буратиноны тауып беріңіз!
Жын:
- Табынамын және орындаймын!
(Мальвино құшақтасу).
Буратино:
- Ой, мен қайда келдім? Неткен әсемдік? Ой, сәлеметсіңдер ме балалар? Кандай сұлу боп кеткенсіңдер?
Мальвино:
- Буратино, не тұрыс, балаларға билеп берейік!
(Мальвино мен Буратино билейді).
Тәрбиеші: балалар бізде де Буратино мен Мальвиноға өз өнерімізді көрсетейік.
Ертегі: «Мақта қыз бен Мысық» ертегісі.
Мақта қыз - Гүлсая
Мысық - Айзада.
Сиыр - Аружан
Терек – Қайырбек
Қыздар – Еркеназ, Ақерке
Тауық – Самғат
Дүкенші - Шырайлым
Тышқан - Нұржан

Абылай.
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтары тізілген
Қандай жақсы шыршамыз,
Кел билейік баршамыз.

Ақжол.
Даңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз
Ақерке.
Көрікті шыршамыз,
Шамдары самсаған
Көңілді ортамыз,
Айтамыз шырқап ән.

Нұрзада.
Балалар ау - балалар,
Мерекеміз басталды
Шат көңілмен бәріміз
Жаңа жылды тойлаймыз.

Бекназар.
Жасыл шырша жанында
Көңілдіміз бәріміз.

Би: «Көңілді қояндар»
(Ақжол, Бекназар, Ержігіт, Бибігіүл, бейбарыс, Абылай, Шырай)
Ән: Хор. «Жаңа жыл»

Би. «Қуыршақтар»
Малвино:
- Әже, мен жынға ІІ - ші тілегімді айтайыншы.
Мыстан:
- Жоқ, екінші тілекті өзім айтамын.
- Балалар келетін Жаңа жыл ненің жылы еді?
- Доңыз жылы.
- Ендеше жынды шақырайын.
Мыстан:
- Жын, жын!
Жын:
- Не бұйырасыз әміршім!
Мыстан:
- Биыл доңыз жылы. Ендеше, біздің ортамызға доңызды әкеліңіз.
Жын:
- Табынамын және орындаймын.
(Ортаға екі бишісі бар, сыбызғы тартқан қыздар келеді, екеуі ойнай бастайды)

Қапшықтағы доңыз басын көтереді де:
Доңыз:
- Мені неге мазалайсыздар?
- Ханым, айып етпесеңіз биылғы жыл сіздің жылыңыз екен
- А, солай ма? Менің сағаттарым кейін жеткен екен ғой.
(Доңыз ортаға шығып, биші қыздарымен билейді және тілегін айтады)
Доңыз:
Келдім міне сіздерге жақсы тілек тілеуге,
Жандарыңа жамандық жоламасын,
Дендеріңе саулық көп қоныстансын!
Жылдан - жылға жетіңіздер шат күлкімен,
Күн көзіндей жандарың жадырасын!
Тәрбиеші:
Балалар келген Жаңа жыл, Доңызға да өз өнерімізді көрсете отырайық.
Жеке ән: «Қошақаным» Орындайтын: Байырхан Айзада.
Нұржан
Келді тағы Жаңа жыл,
Қуантуға біздерді
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді.

Бейбарыс
Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға

Ержігіт
Төрлет - төрлет жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.

Малвино мен Мыстан:
3 - ші тілекті тілеуді балалардың өздерінен сұрайық.
- Балалар бүгінгі Жаңа жыл кешіміздің қонағы кімдер еді.
- Балалар Аяз ата мен Ақшақар деп айқалайды.
Мыстан:
- Жын, жын!
Жын:
- Не бұйырасыз әміршім!
Мыстан мен Мальвино:
- Жаңа жыл мерекесінің көркі, Аяз Ата мен Ақшақар төріміздің қонағы болсын! – дейді балалар.
Жын: - Табынамын және орындаймын! ( Сол кезде залға Аяз Ата мен Ақшақар өздерінің көңілді әуендерімен ішке енеді).
Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе, Аяз Ата мен Ақшақар?! Төрлетіңіз. Қош келдіңіздер! Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз сіздерге арнап ән, тақпақтарын айтады. Қане балалар өз өнерлеріңді ортаға салыңдар!
Самғат: Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып,
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынған.
Жантөре: Жаңа жыл қош келдің еліме,
Жақсылық әкелсін жеріме.
Ақниет: Көрікті шыршамыз,
Айтамыз шырқап ән.
Әлихан: Жаңа жыл жол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Шырай: Бар баланың қонағы,
Төрлет ата жоғары.
Жұрттың бәрі атадай,
Қашан мырза болады.
Нұрбек: Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Ақмырза: Жаңа жылда жаңаша,
Болсын риза балаша.

Алижан: Жаңа жылды қарсы алып,
Би билейміз бәріміз.
Бибигүл: Тамаша - тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Аружан:
Келіңдер, келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт аяз атадан,
Сыйлық алып көріңдер.
Би. «Ақшақарлар»
Хор. «Аяз ата»
Аяз ата. – Рахмет, балапандарым, өнерлерің өрге жүзсін! Талаптарыңа
Нұр жаусын! Менің кететін уақытым таяп қалды. Мені де сендер сияқты бақшадағы өнерлі балаларым күтіп қалар. Сендерге ризамын.
Қапшық толы сыйлықтарымды Ақшақар немерем үлестіріп береді.
Сау болыңдар, балақайларым! Келесі кездескенше, аман болыңыздар! Еліміз тыныш, жүзіміз шат, берекеміз арта берсін! Сау болыңыздар
Балақайлар!
Балалар: - Сау бол аяз Ата, Ақшақар!
Тәрбиеші:
Міне құрметті ата - аналар, балалар, қонақта 2019 жылы Доңыз жылы да келіп жетті.
Құрметті қонақтар осымен Жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқтала келді, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру