Наурыз көже

 Наурыз көже

Тақырыбы: Наурыз келді.

Мақсаты: Наурыз туралы түсінік беру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз - қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.

Көрнекіліктер: Бейнетаспадан «Наурыз» мерекесін көрсету.

Шаттық шеңбері.

Бақша-біздің үйіміз

Тату-тәтті жүреміз

Баулып апа,ағамыз,

Құстай қанат қағамыз

Жақсы болып өсуге,

Біз тырысып бағамыз.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем.

- Көктем мезгілінің қай айы?

- Наурыз.

- Дұрыс айтасыңдар балалар,қазір көктем мезгілінің наурыз айы.

- Көктем мезгілі үш айдан тұрады.

- Олар Наурыз,Сәуір,Мамыр.

Ай аттарын балалар бірге қайталайды.

- Көктем мезгілінде табиғат қандай өзгеріске ұшырайды?

- Көктемде қар еріп,күн жылынады,ағаштар бүршік жарып алғашқы гүл –бәйшешек шығады.

Көктемде үлкендердің көмегімен балабақша ауласында гүл егеміз,ағаштардың түптерін қопсытамыз.Көктем мезгілінің Наурыз айы адамдардың асыға күтетін мерекелерінің бірі.Бұрынғы кездің адамдары қыстан аман-есен өтіп,көктем мезгілінде қауышады екен.

Сондықтан Наурыз жыл басы деп аталады.Бұл күні барлық адамдар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді..Бір-біріне «Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын» деген тілектер айтады.Араз адамдар бір-біріне деген өкпесін ұмытып,бірін-бірі кешіреді.

Суретпен жұмыс.

- Балалар қараңдаршы,адамдар Наурыз мерекесін қарсы алып жатыр.

- Көптеген ағаш үйлер тігіліп,мереке тойланып жатыр.Бірнеше ұлттық ойындар ойнатылып,қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі-Наурызкөже пісіріліп жатыр.

- Балалар Наурызкөжені 7 түрлі тағамнан дайындайды.

«Наурыз мерекесінде үйге қаншама адамдар келіп,наурызкөжеден дәм татса,үй иесіне соншама жақсылық келеді» деген ниетпен адамдар бір-бірін қонаққа шақырады.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Біп-биік боп өседі.

(Мазмұнына қарай қимыл-қозғалыс жасайды).

Ойын: «Көкөніс пен жемістер»

Шарты:Балалар көкөніс пен жеміс аттарын жаңылмай айтып шығуы тиіс.

Балалар бірігіп ойнайды.

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Ағаш жапырақтарын ретімен қалай жапсыру керектігін түсіндіреді.

- Көктемде қандай өзгерістер болады?

- Қар ериді.

- Қандай мереке тойлаймыз?

- Наурыз мерекесін.

- Наурызкөже неше түрлі тағамнан дайындалады?

- Жеті.

Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Наурыз ұлттық мереке екенін.

Түсінеді: Наурыз мерекесінде бір-біріне тілек айтуды.

Меңгереді: Ұлттық ойындар мен ұлттық тағамдарды. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру