Алғашқы бәйшешектер

 Алғашқы бәйшешектер

Күні, айы, жылы: 18.04.2018ж
Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу, сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Алғашқы бәйшешектер»
Мақсаты: Заттардың үлгі бойынша пішінін, түсін ескере отырып салады. Балаларға көктем туралы, гүлдер жайлы түсініктерін қалыптастыру. Балалардың сурет салуға деген қызығушылығын арттыру. Сурет салудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Көрнекілігі: мультфильм, видеоролик, бәйшешек алаңқайы, гүлдер суреті, үлгі, витражды бояу, сүрткіш, шыны, түрлі түсті құм, ермексаз, ақ қағаз.
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу, ойын.
Технология түрі: ойын, АҚТ технологиясы
Билингвалды компонент: көктем – весна-spring, құстар-птицый –birds, ағаш- дерево –tree ,гүл цветок-flower, бәйшешек – подснежник-snowdrop
Барысы:
Балалар үш тілде сәлемдеседі.

Балалар, көңіл күйлерің қалай?
-Жақсы.
Балалар, бүгінгі сурет салу оқу қызметімізді қызықты өткізейік. Ол үшін қызықты мультфильм көріп алайық. Мұқият тамашалаймыз.

Балалар, мультфильм не жайлы екен. Кішкентай ханшайым және көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек жайлы екен.
-Балалар, бәйшешек гүлі тек ақ түсті ғана болады ма? Ал сендер бәйшешек гүлін көрдіңдер ме?
-Қанекей, балалар назарымызды тақтаға аударайық. (Видеоролик)

-Балалар бәйшешек гүлінің сары және күлгін түстері де болады екен, ол өте нәзік.
Балалар, бәйшешек гүлі ерте шығып көп уақыт тұрмайды екен. Сол үшін өзімізге естелікке бәйшешектер суретін салып көрейік. Суретті жәй салмаймыз, түрлі әдістерді, құралдарды пайдаланып саламыз.
Билингвалды компонент: көктем – весна-spring, құстар-птицый –birds, ағаш- дерево –tree ,гүл цветок-flower, бәйшешек – подснежник-snowdrop.

Салу жолдарын көрсетіп,түсіндіремін. Ақ түсті бәйшешек гүлін витражды әдіс арқылы шыны бетіне саламыз. Күлгін түсті бәйшешек гүлін құммен саламыз. Сары түсті бәйшешек гүлін ермексазбен саламыз.
Олай, болса менің табақшамда бәйшешек гүлінің үш түрі бар кім қай түсті таңдайды сол түсті гүлі бар алаңға жайғасады.
Балалар жұмыс жасайды. (Жәй музыка ырғағымен)

Сергіту сәті.
Жайқалады бәйшешек,
Жайқалады қызғалдақ.
Су құямыз себелеп,
Өссін биік, биіктеп.
Біз гүлдерді жұлмаймыз.
Қамқор болып қорғаймыз.
Әсем болып өскенде,
Үлкендерге сыйлаймыз.

Балалар, қанекей жұмыстарымызды талдап, бағалап көрейік. Үш топтан бір баладан шығып жасаған әдістерін айтып, топтағы балалар суреттерін бағалайды.

Жарайсыңдар, балалар жақсы жұмыс жасадыңдар. Оқу қызметімізді «Бәйшешек алаңы» ойыны арқылы қорытындылап жіберейік.
Балалар қараңдаршы біздің бәйшешек алаңқайымызда түлі түсті бәйшешектер бар екен. Мен сұрақ қоямын , сұраққа толық жауап берген бала өзіне ұнаған түсті алып келген қонақтарға сыйлайды.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың көктем мезгілі.
-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер, табиғат құбылыстар болады?
-Күн жылынады, құстар қайтып оралады, қар мұз ериді, жылғалардан су ағады.
-Ұйқыға кеткен аңдар, жәндіктер оянады, ағаштар бүршік жарады,ең алғаш бәйшешек гүлі шығады.
-Гүлдер нешеге бөлінеді?
-Гүлдер үшке бөлінеді: бақша гүлі, дала гүлі, бөлме гүлі.
-Біз бүгін қандай гүлдің суретін салдық?
-Дала гүлі бәйшешектің суретін салдық.
-Бәйшешек гүлі жайқалып өсіп тұрады ма?
-Жоқ, бәйшешек гүлі ерте көктемде шығып тез жоқ боп кетеді.
-Бәйшешек гүлін қандай әдіспен салдыңдар? Әр бала өз әдісін айтады.

Жарайсыңдар, балалар барлығың оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар, суретті жақсы салдыңдар. Сендерге көп рахмет. Келген қонақтармен қоштасамыз. Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:
Түсінеді: Көктем мезгілі, бәйшешек гүлі жайлы.
Қолданады: сурет салуда түрлі әдістерді пайдаланып. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру