Күзгі бал – 2022 сайысы
Күзгі бал – 2022 сайысы
Жүргізуші:
Қайырлы кеш достар! Күз патшайымы сіздерді соңғы сиқырлы сәтін, күзгі гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын, әрине күзге тән ойшыл және сонымен қатар қуанышты көңіл күй сыйлау үшін шақырды.
Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас,
Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі Күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару.
Жүргізуші:
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз!- дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз.
----------------------
Жүргізуші:
Әділ – қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерші, кім мықты? – деп, әділ – қазы алқасымен таныстырып өтейік.
Әділ – қазылар мүшелері.
-------------------
Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.
Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік
1 – тур: Таныстыру
2 – тур: «Күзгі вальс»
3 – тур: «Өнерің өрге жүзсін»
4 – тур: «Сән үлгісі» және шаш үлгісі
5 – тур: Көрме. Үздік сурет және икебана.
Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз «Таныстыру» сайысы! Ортада 1 – ші жұп!
Жүргізуші:
Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі күз кешінде
Би билейік бәріміз, - деп келесі 2 – тур: «Күзгі вальс»
Ортаға үш жұпты билеуге шақырамыз. Содан кейін келесі үш жұп билейді. Әділ қазылар әр тур өткен сайын бағалап отырады.
Жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,
Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе «Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.
Ал, әділ қазылар өнерінің бағасын беріп отырайық.
Жүргізуші:
Модельер болу оңай ма?
Қиналып жатсаң мұңайма.
Әр мамандық өзгеше,
Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі кезекте «Сән үлгісі» сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі киімдер дайындап келуі тиіс еді. Табиғи материалдар пайдалануына да болады.
Әр жұп дайындаған киімдерін киіп мода көрсетеді.
Ал ендеше ортаға әр жұптың сынып жетекшілерін шақырамыз. Сынып жетекшілер! Қазір сіздер өз қыздарыңызға шаштаразшы боласыздар. Шаштарына сәндейсіздер, ендеше тапсырма түсінікті болса, бастаймыз.
- Ал көрермен ата - аналар, сіздер ойын ойнауға қалай қарайсыздар?
- Дайынбыз, жақсы ойнайық (ата - аналардың жауабы)
- Онда ортаға қатысушы жұптардың ер балалары мен және олардың аналарын шақырамын.
Жүргізуші:
Тапсырма мынадай: менің қолымда жеміс – жидектердің аты жазылған жапырақтар бар, соның біреуін таңдап алып, өз балаңызға ыммен түсіндіру керексіз. Түсіндіріп, баласы дұрыс жауап бергендер ойыннан шыға береді.
Жүргізуші:
5 – тур: Көрме. Үздік сурет және «Икебана» байқауына көшейік. Бұл «Күзгі бал» сайысының ең соңғы қорытынды байқауы!
Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,
Қатысу да бір жеңіс, жаң болсаң сен ұғатын.
«Күзгі бал» байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі кезек әділ қазыларда!
---------------------------------
Жүргізуші:
Осылайша «Күзгі бал» сайысы өз мәресіне жетті. «Күзгі бал - 2022» байқауының жеңімпаздары -- Бас жүлде: Хазрет Байқадам – Қайырғали Айсұлуды қошеметпен ортаға шақырамыз. Ең бастысы жоғарыда айтып кеткенімдей біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару. Олай болса олар да анықталды.
«Күз ханзадасы»:
«Күз ханшайымы»:
Жүргізуші:
Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстауым менің, достарым менің
Бәрінде аман болыңдар!
Осымен «Күзгі бал» атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош - сау болыңыздар!
Түпқараған ауданы, Ақшұқыр селосы
М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің
бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Даулетбаева Нағима Қожабайқызы
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру