Күз-береке, күз-мереке
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл күй орнату.
Көрнекілігі: түрлі – түсті шарлар, жапырақтар, ағаштар т. б.
Барысы: Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі «Күз - береке, күз - мереке» атты берекелі де ырысты алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Мерекемізге арналған ертеңгілігімізді бастаймыз. Хор: «Апорт деген тәтті алма». Осы мерекелік ертеңгілігімізге бүлдіршіндеріміздің жемістерге арналған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
Жүзім - Раяна:
Жапырақ ұшты
Суықта түсті
Сонда да бізге
Қызық көп күзде
Анар - Бағжан:
Бұтақтан үзілген
Жарылса анарым
Моншақтай тізілген
Дәндерін аламын
Алмұрт – Айғаным
Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды
Қараса егер салғырт кім
Өрік - Ерқанат Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін
Алма – Кәусар
Пісіп тұрған алмамын
Тамсандырар, бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым
Шие - Дінислам:
Мен шиемін, шиемін
Басымды мен иемін
Ән: «Көкек» (Нұрқанат)
Қүз ханшайымның келуі.
Алтын күз: Ой, Сәлеметсіздер ме, балалар! мен қайда келдім? Жүргізуші: Сәлеметсіз бе! Сіз "Назым" балабақшасының
"Балдырған" тобының «Күз - береке, күз - мереке» атты ертеңгілігімізге келдіңіз.
Алтын күз: Ееее балалар мен сендерді дәл тауып келіппін.
Мен — Алтын күзбін!
Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге.
Сәбіз, картоп, тәтті алма!
Оған достым таң қалма!
Жапырақ та сиқырлы,
Ойын ойнар түр - түрлі!
Ойынның аты:«Кім тез жапырақтарды жинайды?»
Ойын шарты: Шашылған сары алтын жапырақтарды әуен аяқталғанша жылдам жинап себетке салу, кім көп жапырақ жинаса сол жеңімпаз атанады.
Жүргізуші: Күзде өздері пісетін, Тамаққа кеп түсетін
Мақтанбақшы сендерге, Көкөністер сан түрлі!
( Ортаға «көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды).
Пияз - Ерасыл: Асханадан шықпаймын,
Атым — пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын!
Қызанақ - Нұраят:
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен - қызанақ,
Күнге қарап ұялып!
Қос картоп - Дінмұхамед:
Картоп - біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз!
Сәбіз - Нұрбек: Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз!
Қарбыз - Арнұр: Ала шапан киініп Үлкейіпті қарбыздар Жесең тілді үйіріп Сусыныңды қандырар!
Қауын - Айбар: Қауын иесін баптаған Күтіп жатыр сарғая Еңбегіңді ақтаған Қауын деген қандай ә!
Асқабақ - Айтөре: Күзді күтіп жатырмын Жиып нәрді бойыма Асқабақпын жараймын Қыстай сақтап қоюға!
Қияр - Нұрқанат: Көктеп ерте шырмалып Өсемін мен бүр жарып Атым қияр теріп ал Жиі - жиі суарып!
Қызылша - Ислам: Ақ түсім бар қант алар Қызыл түсім қанға нәр Зияным жоқ біліп қой Қызылшамын пайдам бар!
Алтын күз: Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесіз бе?
Алтын күз: Білмейді екем…
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз. Ойын: «Көкөністерді ажырат» Ойын шарты: Ортаға екі бала шығып жерде шашылған жемістер мен көкөністерді екі бөлек себетке салады. Кім дұрыс жинаса сол жеңімпаз. Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңіз бе, Алтын күз, біздің балалар қандай епті, жылдам. Олар сізге қолшатырмен би билеп бермекші.
Би: Қолшатыр (Бағжан, Гаухар, Кәусар, Лаура) Алтын күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар! Қолшатырларың қандай керемет! Қандай ақылды балаларсыңдар!
Гауһар: Осень, осень в гости просим
Осень, осень погости недель восемь
Сұлу: Листопад, листопад
Листья желтые летят
Покружились, покружились
И на землю опустились
Лаура: Наступила осень
Пожелтел наш сад
Листья на березе
Золотом горят
Жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі бақшаның,
Сайысын біз бастайық.
Ән: «Жау - жау жаңбыр» (Бағжан)
II - Бөлім «Күз ханшайымы» атты ата - аналар арасындағы байқау.
Ортаға сайысқа қатысушы аруларды шақыру.
Байқау шарттары:
1.«Менің ата - тегім»
«Өзін - өзі таныстыру» бөлімі
2. «Шебер қолдар» (ата - аналармен бірлесіп жасаған жұмысы)
Хор: Күзге сәлем
3.«Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету
Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты,- деп ең алдымен сіздерді әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1. Айгүл - ата - аналар комитетінің төрайымы, 2. Жанар - мүшесі, 3. Жазира - мүшесі, 4. Бейбіт Әлімжанқызы - балабақша меңгерушісі.
Жүргізуші: Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Еліміздің ертеңі,
Үміт етер өздерің.
- дей отырып, бүгінгі «Күз ханшайымы» сайысын аяқтаймыз.
Әділ - қазылар қорытынды шығарғанға дейін балаларға биге кезек береміз.
Күн мен Бұлт тату болса
Бәрі де көңілді.
Орманда да әр жерден
Саңырауқұлақтар көрінді. Би: Саңырауқұлақтар
«Күз ханшайымы» сайысы бойынша аруларға берілген атақтар бойынша мадақтау қағазы беріледі.
1. «Күз ханшайымы» -
2. «Ұшқыр қиял» -
3. «Сымбатты ару»-
Алтын күз: Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!
Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады. Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді).
Келген қонақтарымызға «Сау болыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
Қызылорда қаласы,
"Назым" балабақшасының
тәрбиешісі Тайрова Жанмира
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру