Барлығын жүрегіңмен өлше


І курс колледж студенттеріне
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық
Сабақтың мақсаты: Адамдар үшін жүрек қуанышының маңыздылығын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
- студенттерге өмірде қуана білуге және басқаларды қуанта білуге үйрету;
- шығармашылық жұмыстарды орындауда өзінің өмірлік ұстанымын көрсете білу дағдыларын дамыту;
- өз істерінде жалпы адамзаттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып адамдарға көмек көрсете білуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: бейнеролик, нақыл сөздер, слайдтар, плакаттар, шарлар.

Сабақтың барысы:
1. Жағымды күйге келу. «Жылы жүрек»
Студенттер шеңбер бойынша тұрады. Студенттер, әрбір адам мейірімді де, инабатты болуы керек. Олай болса, бір - бірімізге жылы жүрек сыйлайық. Мысалы, жұмсақ ойыншықты беру арқылы қасыңдағы студентке жылы бір сөз айтып беру. (Айдана сен әдемісің, Шыңғыс сен – ақылдысың).
Студенттер үш топқа бөлініп отырады.
1 – топ: «Қайырымдылық»
2 – топ: «Сүйіспеншілік»
3 – топ: «Адалдық»

Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады. Өмірді сүю, Отанды, туған жерді сүю, білімге құштарлық та сүйіспеншілікке байланысты болады. «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген данышпан халқымыз. Осы орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне арнап келе жатқан Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін - өзі тану» адамгершілік - рухани білім беру бағдарламасының маңыздылығын және сырлы әлемге толы дүние екендігін баршаға жариялау мақсатында бүгінгі сабағымыз «Өзін - өзі тану - махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында өткізілуде.
Ел баласын мәпелеп саялаған
Әр баланы жан тәнімен аялаған
Біледі үлкен кіші бар еңбегін
Бала үшін күш жігерін аямаған.
Жайсаң жанды кең пейіл, асыл ана
Нәзік тұлға шуақ шашқан бар балаға
Елбасына тірек болып қолдап жүрген
Аман саулық тілейміз, Сара анаға - деп бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап – «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Ол «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. 2010 жылдың 1 - ші қыркүйегі «Өзін өзі тану» пәні Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізілді.
«Өзін - өзі тану» пәнінің балаларға, ата - аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор. Бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір біріне деген қарым қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.

2. Дәйексөз
«Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды» - Шәкәрім
1. Жүрегі таза адам дегенді қалай түсінесіздер?
2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

3. Мәтінмен жұмыс
Жүректің есігі

18 ғасырда ұлыбританиялық әйгілі суретші Уилиам Холман Ханттың туындыларынан біреуі Лондонның атақты Академиясында қойылады. Әдемі бақ салынған суретке Хант “Әлемнің сәулесі” деген ат берген екен. Суретте қараңғы түнде қолында шам ұстап тұрған ғұламаға саятын бір кісі салынған. Ғұлама бос қолымен бір есікті қағып, зейін қойып іштен бір үн күтіп тұрғандай.
Суретке үңіліп қараған бір критик Хантқа бұрылып: “Суретіңіз жап - жақсы - ақ, бірақ мағынасын түсіне алар емеспін. Қаққан есік ешқашан ашылмайтын сияқты ғой – есік тұтқасын салуды ұмытыпсыз!” Суретші Ханттың күлімдемесінен бұл сұрақты күткеніні сезіліп тұрды:
“Негізі суреттегі ғұлама жәй есікті қағып тұрған жоқ” – дейді, “Бақшадағы есік, адамның жүрегін тәмсіл етеді. Бұл болса тек ішінен ашылатын есік болғаннан, сыртқы жақтан ешбір тұтқаны керек етпейді“.
Сұрақтар:
1. Суретші неліктен есікке тұтқа салмаған?
2. Мәтінде суретші «ғұлама жәй есікті қағып тұрған жоқ» деген ойын қалай түсінесіздер?
3. Мәтіннен қандай ой түйдіңіздер?

4. Мұғалім сыйы. «Адамгершілік» бейнеролик.

Әңгімелесу. Осы бейнеролик бойыншa төмeндeгiдeй сұрaқтaр қойылaды:
1. Бейнероликте қандай рухани құндылықтар ашылған?
2. Қалай ойлайсыздар неліктен адамдар жақсылық жасау керек?
5. Шығармашылық іс - әрекет. Топтық тапсырма.
Студенттер бірлесе отырып, «Жүрек қуанышы өз қолымызда», «Жүрекке қуаныш сыйлайтын қасиеттер мен құндылықтар», «Бақытқа толы жүрек» тақырыптарында өз шығармашылық жұмыстарын жасау. Таныстыру, талқылау.

6. Топпен ән айту. Е. Хасанғалиевтің "Айналайын"әні

7. Жүректен жүрекке
Студенттер, әр адамның жүрегі нұрлы болсын деп, мына жүрек ішіне ізгі қасиеттерді жазып, жүрек қуанышқа бөлену үшін құндылықтармен толтырайық.

8. Сабақтың аяқталуы.

Құрметті студенттер бүгін сабағымызда адам жүректің қалауымен іс қылса қалағаны болатындығы, жүрек жақсылықтың қолдаушысы, қорғаушысы екендігіне өздеріңізбен бірге жауап іздедік деп ойлаймын. Өмірдің мәні адамның өзгелерге адамгершілік танытып, өнеге ететін жақсы іс - қимылдары, ізгі қасиеттері екенін ұғынғандаймыз. Iсiмiз дe сөзiмiз бeн ойымыздaй, болaтынынa сeнeмiн. Сaбaқтa көрiнiс тaпқaн жaқсы қaсиeттeр жүрeктeрiмiздe сaқтaлып, iс жүзiнe aсырылсын. Жaқсы ой ойлaйық, жaқсы сөз сөйлeйiк, жaқсы iс жaсaйық! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Сіздерге сабақта бірге болғандарыңыз үшін үлкен алғыс айтып және өздеріңізді және қоршаған ортаны тануда үлкен табыс тілеймін.

Өзін - өзі тану пәні мүғалімі: Жұқатаева Дина Бөрібайқызы

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу