Жұптық және топтық жұмыстар


Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы 10 мин.
Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
«Шаттық шеңбері» (жүгіру - қыздырыну жаттығуының орнына)
- Оқушылар екіге бөлініп, екі қабат шеңбер жасап, жүгіре қыздырынады. Жүгіру барысында берілген белгі арқылы тоқтап, ішкі топ сыртқы топқа тілектерін білдіреді.
- Екінші белгі арқылы оқушылар қайта жүгіре үшінші белгі арқылы тоқтап, сыртқы топ ішкі топқа тілектерін айтады.
Топқа бөлу. Мұғалім ұсынған қақпақтар арқылы үш топқа бөлу.
- Үш топқа бөлініп жүру, жүгіру жаттығуларын жасау;
- Жүру арқылы тынысты бір қалыпқа келтіру. Әр іс - әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы.
Ысқырық, секундомер, сусын бөтелкесінің қақпақшалары.
Сабақтың ортасы
25 мин.

«Жұптық және топтық жұмыстардағы тапсырмалар»

Топтық жұмыс. Бекеттерде тапсырма орындау.
Сабақ тапсырмасын түсіндіру және тапсырмаларды карточкалар арқылы ұсыну. (Оқушылар өз топтарында өзара көшбасшы анықтап, ұсынылған тапсырмалар арқылы топ болып берілген тапсырманы өздері түсініп, орындап шығу)

1 карточка тапсырмасы (Көк бекет): Екіге бөлініп, қарама қарсы тұрып баскетбол добын кеуде тұсынан беру, қабылдау;
2 карточка тапсырмасы (Жасыл бекет): Алдын ала дайындалған кедергілерден секіре өтіп, фишкаларды арасынан жүгіру.
3 карточка тапсырмасы (Қызыл бекет): Баскетбол добын серпе жүру.

Бекеттегі жаттығуларды айналмалы әдіспен барлық топ орындап шығу.
Бағалау жүргізу: Тапсырма аяқталғаннан кейін саралау жұмысы. Ашық сұрақ - жауап арқылы оқушылардың тапсырма барысындағы әрекеттерді ортаға салу, кері байланыс беру.

Жұптық жұмыс.
Ептілік, шапшаңдыққа арналған қимылды ойын.
1. Дайындық. Ойыншылар екіге бөлініп жұптасып қарама - қарсы тұрады. Яғни, жұптар бір - біріне қарап тұрады. Екі жұптың арасына бір - бір доптар қойылады.
Ойын ережесі. Мұғалімнің «баста» деген белгісінен кейін оқушылар мұғалімнің атаған дене мүшелерін ұстайды, осының ішінде балалар «доп» деген кезде тез допты алып, жұбын ұтып алуы керек. Ұтқан оқушы келесі жұптың жемпазымен ойын жеңімпазы анықталғанша жалғастыра береді.

2. Жұпта оқушылар бір - бірінің иықтарынан мықтап ұстап, бір - бірін итеріп күш сынасады.
Бұл тапсырмаларды орындауда белгілі бір темп болуы керек. Оқушыларға түсіндіру барысында тапсырманың орындалуын көрсету.
Тапсырманы орындауда жұптарда күш, ептілік, икемділік дағдыларын жетілдіруде іс - әрекет орын алуы керек. Оқушылардан сұрау осы жаттығуларды орындағанда қандай кедергілер кездесті? Ашық сұрақ - жауап жүргізу. Тапсырманы мұқият орындаған жұптарды атап өту.

Әрбір әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

Мұғалімге арналған ысқырық, секунд доптар, фишкалар, карточкалар.
Жаттығуды мұқият орындау.
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу