Сабақ жоспары: Алаштың ұлы тарланы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерді алаш арысы, аудармашы, ғалым, публицист Әлихан Бөкейхановтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру; Тәрбиелік: Студенттердің еліне қорған, халқына қалқан болған тарих тұлғаларынан үлгі - өнеге алуға және елін, отанын сүюге баулу;
Дамытушылық: Студенттерге Әлихан Бөкейхановтың шығармашылықтарына жан - жақты шолу жасату, өткен тарихты ұмытпауға және бағалай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Сабақтан тыс
Сабақтың әдісі: қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой - толғаныс
стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, бейне жазба, слайдтар, смайликтер, планшет, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру (5 мин)
Студенттерді 3 топқа бөлу. Топқа бөлудің әдісі: суреттерді құрастыру арқылы «Темірқазық», «Үркер», «Алаш» атты топтың аттарын шығару (Ә. Бөкейхановтың бейнесін құрастырудан «Темірқазық», 150 санын құрастырудан «Үркер», Шаңырақ суретін құрастыру арқылы «Алаш») Оқытушы сөзі: (3 мин)
Алаш қозғалысының жетекшісі, қоғам қайраткері, көсемсөзші Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланатын болды. Бұл туралы ЮНЕСКО - ның 18 қарашада Парижде аяқталған Бас конференциясының 38 - ші сессиясында жария етілді. Бұл күллі қазақ халқы үшін үлкен абырой. Кешегі алаш зиялыларын әлем мойындағанының дәлелі. Ендеше біз Әлихан Бөкейхановтың мерейтойына орай, сан түрлі өнерді бойына жыйған дарын иесінің бірер қырына арнайы тоқталып, ел есіне сала кеткенді жөн санап отырмыз.
Сонымен, «Алаштың ұлы тарланы» атты сыныптан тыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Бейне жазба көрсету. Ә. Бөкейхановтың өмірбаянына шолу жасау. (4 мин)
Ой қозғау. Ә. Бөкейхановқа жан – жақты топтық талдау жасалынады. (7 мин)
Кім жылдам? (21 мин) Топ мүшелері Ә. Бөкейхановтың жан – жақты қырына берілген тұлғалық қасиеттеріне постер жасап, өздерінің білімділіктерімен қорғайды.
Шығармашылық жұмыс. Әртопқа түстеріне сәйкес тақырыптар беріледі. Сол тақырыпқа постер жасап, топ мүшелері қорғау керек.
Қызыл түске – Ұлтын сүйген ұлы тұлға
Жасыл түске – Экономист
Сары түске – Алаш қайраткері
Қорытындылау. Белсене қатысқан топтарды және топтың мүшелерін ерекше атап, смайлик беру. (5 мин)
Білім ағашына студенттер бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып жапсырады (Ұнаса – ағаштың жоғары бөлігіне, Орташа әсер алса – ортаңғы бөлігіне, ұнамаса – ағаштың дініне)
Источник: bilimdiler.kz
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру