25 қазан Республика күніне құттықтау тілектер барлық туысқандарға

25 қазан Республика күніне құттықтау тілектер барлық туысқандарға

1) Құттықтаймын Республика күнімен

Жаны жайсаң азат елім, қазағым,
Құттықтаймын Республика күнімен.
Көк туымыз көгімізде желбіреп,
Қазақ елі нұр таймасын жүзіңнен.

Ашық болып аспаның Қазақ елі,
Төрт құбылаң тең болсын әрқашанда.
Республика күні бұл бақыт сыйлап,
Тек қуаныш әкелсін барша адамға.

Тұғырлы боп азаттық күніміз бұл,
Тыныштығын сыйласын елімізге.
Жаратқаным жар болып қолдап әркез,
Бейбіт күнін мәңгі етсін жерімізде...

2) Құтты болсын Республика күні бұл

Құтты болсын Республика күні бұл,
Шаттығымен, бақытымен тербеген.
Елімізде сыйластық жандансын бұл,
Адамдары бір-біріне дем берген.

Ынтымақ пен бірліктен айырмасын,
Елімізді Жаратқан ешқашанда.
Тәуелсіздік тұғыры мәңгі болып,
Азаттығын сыйласын әрқашанда.

Республика күнінде жанданайық,
Әрбіріміз ел үшін дұға етіп.
Жұдырықтай біз бірге жұмылайық,
Тыныштықта әр күнді көңілді етіп...


3) Республика күнімен (атаға)

Республика күнімен,
Құттықтаймын аташым.
Ортамызда жүрші аман,
Мерекеде аташым.

Еліміздің көк туы,
Көгімізде тербесін.
Байрағымыз желбіреп,
Самал желмен тербелсін.

Республика күнінде,
Жанданайық аташым.
Бар бақытын сыйласын,
Шуақты таң ататын.

4) Республика күнінде (әжеге)

Республика күнінде,
Жарқыраңыз Әжетай.
Құтты болсын мереке,
Шаттық сыйлап Әжетай.

Әр жыл сайын тойлаңыз,
Республика күнін бұл.
Әжетайым, асылым,
Денің сау боп аман жүр.

Қуанышын сыйласын,
Көңіліңнің көктемі.
Азатты күн жасасын,
Болмай күннің өктемі...

5) Республика күнімен Әкетайым (әкеге)

Республика күнімен Әкетайым,
Құттықтаймын мен сізді шын жүректен.
Көк байрақтың тұғыры берік болсын,
Әр жүректің төрінен орын тепкен.

Өміріңіз жандансын Әкетайым,
Республика күнінде әр жыл сайын.
Алға қадам баса бер Әкешім сол,
Алаңдау мен көңілде жоқ боп уайым.

Еліміздің мерейі үстем болып,
Тыныштығын сыйласын Жаратқаным.
Әкетайым асылым аман болшы,
Қуанышпен тербелеп атар таңың.

6) Құтты болсын Анашым келіп жеткен (анаға)

Құтты болсын анашым келіп жеткен,
Республика күні бұл қуанышты.
Байрағымыз желбіреп көгімізде,
Көк аспанды шарласын қыран құсы.

Отбасымыз аман боп жан анашым,
Республика күнінде жанданайық.
Еліміздің тұғыры биік болып,
Амандықта Анашым ән салайық.

Республика күні бұл бақыт беріп,
Қуанышқа бастасын жан анашым.
Республика күнінде әр жыл сайын,
Жалғайықшы ақ таңға таңды анашым.

7) Құтты болсын ағатай (ағаға)

Құтты болсын ағатай,
Республика күні бұл.
Қазағымның бітпесін,
Әні менен жыры бұл.

Республика күнінде,
Бірге қанат қағайық.
Жарқыраған аспанда,
Жұлдыздайын жанайық.

Бірлігіміз жарасып,
Мерекені тойлайық.
Республика күнінде,
Тек жақсыны ойлайық!

8) Құтты болсын әпкешім (әпкеге)

Құтты болсын әпкешім,
Республика күні бұл.
Мерекеде жыл сайын,
Денің сау боп аман жүр.

Тыныш болсын еліміз,
Атып әпке таң күліп.
Республика күнінде,
Жүрейік біз ән қылып.

Ынтымақ пен сыйластық,
Бола берсін әрдайым.
Көгімізде туымыз,
Желбіресін күн сайын.

9) Құттықтаймын сіңілім (сіңіліге)

Республика күнімен,
Құттықтаймын сіңілім.
Тәуелсіздік айбынды,
Ұзақ болсын ғұмырың.

Тұғырлы боп азаттық,
Аман болсын еліміз.
Жаратқаным жар болсын,
Тыныш болып жеріміз.

Жаны жайсаң сіңілім,
Мерекеле гүл жайна.
Республика күні бұл,
Жалғай берсін айды, айға...

10) Құтты болсын бауырым

Құтты болсын бауырым,
Келіп жеткен мереке.
Әрбір үйде әрдайым,
Арта берсін береке...

Республика күнінде,
Шаттана түс бауырым.
Жасай берсін бірлікте,
Туған туыс ауылым.

Аспанымыз ашық боп,
Бақ-береке орнасын.
Бар жақсылық бауырым,
Таба берсін жалғасын...


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу