1 Маусым - Халықаралық балалар қорғау күні

 1 Маусым - Халықаралық балалар қорғау күні

Құрметті бүлдіршіндер!

Сендерді 1 маусым " Балаларды қорғау" күнімен құттықтаймыз! Әр уақытта аспандарын ашық , дендері сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларыңа тілектеспіз!

Құрметті балалар, достар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі 1-маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын!Жұртымыз,еліміз тыныш,деніміз сау,басымыз аман,жұмысымыз жемісті болсын! Мектеп оқушыларын бүгінгі мерекелерімен құттықтаймын. Жас ұрпақ, жас буын, жасөспіріпдеріміз аман болсын. Елдің ертеңі болар сол жастарымыз,балаларымыз!Сондықтан тағы да мереке құтты болсын!

1 маусым Балаларымызды қорғау күні құтты болсын!!! Балаларымыз аман, денсаулықтары мықты болсын!!! Балаларымыздың жолы ашық болсын, ойлаған армандарына жетіп, біздердің қуаышымыз болсын!!! Балаларымыз ата-әжелерімен, ата-аналарымен, бауырларымен, ағайын-тумаларымен бірге бәріміз мейрамнан мейрамға аман есен жете берейік!!!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 4
  1. балалар күніне тілек
    1 + 2 -
    Бүгін шаттық, мереке,
    Қуаныңдар шаттана.
    Әрбір күннен шынайы,
    Жүріңдер тек бақ таба.

    Балапандар базарым,
    Қуанышын беретін.
    Құтты болсын мерекең,
    Әр жыл сайын келетін.

    Сендер біздің әніміз,
    Шырқалатын жүрекпен.
    Жанымыз да тек сендер,
    Шаттығыңмен тербеткен.

    -------------------------------------------------------------------
    Сендер елдің ертеңі, болшағы,
    Ата-аналар сендерге жол ашады.
    Бірінші маусым мерекең құтты болсын,
    Балалардың шырқалар жаңаша әні.

    Ғарышкерлер өздерің, әкімдерде,
    Ақын шығар, жарулар хаһімдерде.
    Елге сыйлы азамат болыңдар тек,
    Әрқашанда жүретін жақын елге.

    Жүздеріңнен кетпесін қуаныштар,
    Жақсылыққа лайым әркез бастар.
    Балалықтың бал күні тоқтамасын,
    Балалық шақ шаттығын әркез растар.
  2. балаларға арналған тілек
    1 + 2 -
    Балапандар сүйкімді,
    Құтты болсын мерекең.
    Қуанышта, шаттықта,
    Арта берсін берекең.

    Бірінші маусым бүгінгі,
    Шаттығына бөлесін.
    Балапандар аман боп,
    Бақытымен тербесін.

    Әрбір үйдің базары,
    Таусылмасын, жайнасын.
    Бала оның ажары,
    Берсін шаттық айнасын...


    1 маусым балалар күні

    Құтты болсын балалардың күні бұл,
    Әрбір үйді қуанышқа бастайтын.
    Аман болсын бала үйдің базары,
    Ертеңгі күн ел үмітін ақтайтын.

    Қуанайық балалардың күнінде,
    Сүп-сүйкімді періштелер әр үйдің.
    «Балалы үй базар» дейді халқымыз,
    Күлкісіне тәнті болып сәбидің.

    Әрбір үйдің балалары күлсін тек,
    Әрбір күні қуантып әр баланы.
    Бар жақсылық таба берсін жалғасын,
    Қуанышы әр баланың бағалы...

    /////////////////////////////////////////////
    Құтты болсын балапаным,
    Келіп жеткен мерекең.
    Күлкі торлап жүзіңді,
    Арта берсін берекең.

    Денсаулығың мықты боп,
    Қуана бер жан балам.
    Әрбір күні шырайлы,
    Ата берсін таң балам.

    Бірінші маусым, мереке,
    Сендер үшін тек қана.
    Бақытына бөлесін,
    Келген әрбір күн жаңа.
  3. Балаларды қорғау күні тілек
    1 + 3 -
    Жүрегімен тербейтін,
    Бала біздің әніміз.
    Періштелер ол біздің,
    Шаттықта атар таңымыз.

    Аман болсын балалар,
    Көңілге күй беретін.
    Құтты болсын мереке,
    Жылына бір келетін...

    Періштелер біздердің,
    Қуансын тек шаттана.
    Балалармен шынайы,
    Жүрейікші мақтана...


    ********************************************
    Балалардың мейрамы,
    Құтты болсын бүгінгі.
    Балапандар сүйкімді,
    Жақсы өткіз күніңді.

    Біріншісі маусым мереке,
    Қуанышқа бөлейтін.
    Бала үні әлемді,
    Шаттығымен тербейтін.

    Күлімдесін балалар,
    Бал-бұл жанып жүздері.
    Бұл мереке жалғансын,
    Сәтті өтіп күндері.

    *****************************************
    Бала деген қуаныш,
    Қыран құстай самғайтын.
    Үлкендерге шынайы,
    Махаббатын арнайтын.

    Ел ертеңі балалар,
    Аман болсын тілерім.
    Бар жақсыны арнайды,
    Аналық пәк жүрегім...

    Қиындықтар болмасын,
    Сәтсіздікке бастайтын.
    Күлімдесін балалар,
    Бақытымды растайтын.
  4. Балалар күні құттықтау
    2 + 2 -
    Балалар күнімен

    Бүгін шаттық, мереке,
    Қуанышқа бастайтын.
    Балалардың күні бұл,
    Шаттығымды растайтын.

    Құтты болсын баршаға,
    Бүгінгі күн мереке.
    Балапандар аман боп,
    Арта берсін береке.

    Жүзінен күлкі кетпесін,
    Саулықтары мықты боп.
    Бүгінгі бұл мереке,
    Өте берсін күшті боп.

    -----------------------------------------------------------

    Құттықтаймын баршаны,
    Балалардың күнімен.
    Қуанышқа бөлесін,
    Күлкі кетпей жүзінен.

    Әрбір үйдің базары,
    Бала біздің барымыз.
    Бар бақытын сыйлайтын,
    Бала біздің жанымыз.

    Аман болсын балалар,
    Азамат боп ел мақтар.
    Қуанышқа бөлесін,
    Қызықты өтіп бал шақтар.

    -----------------------------------------------------------
    Баршаңызды бала тілмен баурайтын,
    Балалардың күні бүгін, мереке.
    Балалардың еліне бір барайық,
    Мерекені жалғап бүгін береке.

    Жүздерінен қуаныштар кетпесін,
    Бал-бұл жанған шаттық үнін жалғайтын.
    Бірінші маусым, балалардың күнінде,
    Әрбір минут өтсін болып балдай тым.

    Ағып жатқан мөлдір тұнық бұлақтай,
    Балалардың жұп-жұмсақ пәк жүрегі.
    Шаттығына бөлей берсін мереке,
    Үлкендердің қабыл болып тілегі.