Жеңге туған күніңізбен! Жеңгеге, жеңешеге туған күнге арналған әдемі тілектер

Жеңге туған күніңізбен! Жеңгеге, жеңешеге туған күнге арналған әдемі тілектер

Жеңге туған күніңіз құтты болсын! 

Ертелі-кеш тынбастан томпаңдайтын, жеңешем,
Қас-қабаққа қарайлап жаутаңдайтын жеңешем.

Қыз Жібектің өзі деп аға алған,жеңешем,
Пері ме? деп көпшілік аң-таң қалған, жеңешем.

Жерге тиер тік тұрсаң қолаң шашың,жеңешем,
Еске салар Айды қалам қасың, жеңешем.

Талай жігіт қалды-ау Әттең-айлап, жеңешем,
Бұйырмастан біздерге кеткені-айлап, жеңешем.

Ыстық буы палаудың шұбатылды, жеңешем.
Қыз-ғұмырың кейіннен ұзатылды, жеңешем.

Енді отырсың үйіңнің құрап басын, жеңешем.
Төртеу еттің ағамның бір-ақ басын, жеңешем.

Әлі күнге қайныңыз сүр бойдақ жүр, жеңешем,
Сұлу сіңлің болса егер бізді ойлап жүр, жеңешем.

Сөз таба алмай қыздарға отырамын, жеңешем,
Қол ұстатсаң ар жағын қатырамын, жеңешем...

Кемел Кеніш

Қажетті сілтемелер:




Нәзіктік бойыңызға жарасқандай,
Бикештер өзіңізбен таласқандай.
Келбет пен жан сұлулық қатар келіп,
Тәңірім барын сала қарасқандай.

Жанары төгетұғын ерекше нұр,
Жеңгейге арналады бөлекше жыр.
Бүгінгі туған күнің құтты болсын!
Құлпырып шыға келші белеске бір!

Жыл сайын қуанышқа бөленіңіз,
Бақытқа отбасылық кенеліңіз!
Жұмыста еңбегіңіз бағаланып,
Шаттықта, қуанышқа кенеліңіз!


Қадірлі жеңгей!

Сізді адам өмірінің айтулы белесі 60 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер өз замандарыңызда елге, халыққа қызмет еткен, ұрпақ өсірген буынсыздар. Енді соның жемісін –бейнеттің зейнетін көрер кез келді. Бұл әркімнің-ақ қызығар тойы. Үлкені бар үйдің құты бар. Біздің қадірменді Жеңгеміз ретінде Өзіңізді ортамыздың құты, ағайынның ырысы, бала-шағаның берекесі деп білеміз. Үлкені бар елдің қазынасы бар деп бекер айтылмаған. Сізге әрқашанда зор денсаулық, ұзақ жас, өмірдің, ұрпақтың қызығын көре беруді тілейміз.



Ашып өмір есігін нұрланды күн,
Шашу шаштық сол үшін жырдан бүгін.
Өзіңе де, өзгеге шуақ сыйлар,
Құтты болсын, ..., туғанкүнің!

Бақытты отбасының кеш ғұмырын,
Өмір өзі жазады отты жырын.
... дәм-тұзың құп жарасып,
Ақ сүтіңді ақтасын құлындарың.



Жеңгеге тілек (қайны, қайын сіңлілер тілегі)

Арнап кетпей гүл-өмірдің жатқа әнін,
Біздің үйдің босағасын аттадың.
Сондықтан сен ең әдемі жеңгесің,
Өзің де әр кез сол қалпыңды сақтадың.

Ағамызға дедің де бақ құсыңмын,
Жүрегіңнен қадірлі орын ұсындың.
Жабырқаған болса біздің сәтіміз,
Жеңге болып сен алдымен түсіндің.

Сенің жаның - әсемдіктің әлемі,
Мінсіз мінез - болар соның дәлелі.
Жанарыңда күлімдейді бақ сәуле,
Айтылатын әзілің де әдемі.

Әдемі әр кез сенің салған әнің де,
Бұл әулетте иесің сен сенімге.
Сен естідің, сен тыңдадың әрқашан
Қандай алғыс болса айтылар келінге.

Кеудемізден арайлы арман ұшырдың,
Сол арманға ортақтастың - түсіндің.
Өкпелесіп қалған сәттер болса да,
Сен иілдің, сен алдымен кішірдің.

Біз салатын әнді бірге жырластың,
Бізбен бірге талай қиял қырға астың.
Біздің жүрек төрімізден сыр ұғып,
Жібек мінез қалпыңменен сырластың.

Көңіліңде айтылар көп ән, дастан,
Жырлай берші тоқтамастан, тынбастан.
Сенің нәзік жүрегіңе махаббат
Ізгілік боп ұя салған әу бастан.

Артық түсер бір ісінен бір ісі,
Әр тірлігің - біздің үйдің тынысы.
Десе жұрттар біздің үйдің келіні,
Дейміз біздер біздің үйдің ырысы.

Сондықтан да көңіл әр кез көктесін,
Нәзік жаның мұңның сазын шекпесін.
Жүректегі үзілмесін әсем ән,
Жанарыңнан сол бақ сәуле кетпесін.

Нұр жүзіңнен сол бақ сәуле сөнбесін,
Отауыңа мұңның табы келмесін.
Өйткені сен қайын сіңлі, қайнының
Шаттығына жаратылған жеңгесің.

Арман бағың айқын болып көрінсін,
Дейміз бізге лайықты сенімсің.
Өйткені сен біздің үйдің бағы мен
Бақытына айнала алған келінсің.

Сені біреу ренжіттім демесе,
Сенің бәрі көңіліңді елесе.
Біздің үйдің босағасын аттауың -
Қандай жақсы болған сол кез, жеңеше!

Ғабиден Қожахмет


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. ZHARAR 19.10.2020 16:14
    14 + 5 -
    ЖЕҢГЕ ТІЛЕГІ
    Тамада кітабынан
    Көтеріп қайным бүгін нардың жүгін,
    өзінің тапқан екен жар-жұлдызын.
    Гүл болып жайнай берсін әр көктемің,
    Жеміске толы болсын әрбір күзің.

    Шуағын,
    Төге берсін,
    Тәңір нұрын.
    Жарыңа сен де сыйла жанның нұрын.
    Үйіңе үбір-шүбір,
    Ұл-қыз толып,
    Басыңа бақ сыйласын қалыңдығың.