Жерді аялайық

 Жерді аялайық

Тәрбие сағаттың тақырыбы: “Жерді аялайық”
Тәрбие сағаттың мақсаты: оқушыларды жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық, жанашырлық сезімге баулу.
Сайыс-сабақ түрінде өткізілгендіктен, экологиялық карта, экологиялық газеттер, киіз үй, қамшы, жалбыз, түрлі тастар көрнекілікке пайдаланылды.
ЖерАна. /домбырамен сүйемелдеп, күй тартылып тұрды/. О, менің перзенттерім! Менің қойыным кең. Сендерді әр уақытта мейірімді құшағыма аламын. Менің саялы бағымды, мөлдіреген таза кіршіксіз өзен – көлдерімді, сиқырлы сазды үнді құстарымды, жалпы табиғат атаулыны аялап, сүйіңдер. Бұл кейінгі ұрпақ, сендерге аманат.
1 – бастаушы.
Кең далам менің, кеңдігіммен керілген,
Тау тасымен табанды етіп өсірген.
Шөптері мен гүлдері, жұпар иісі аңқыған,
Өзендері мен көлдері анау, Сарыарқаның сазынан жаратылған.

(”Сарыарқа” әні хормен орындалды).
2 – бастаушы. Жер, жалпы табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – баршамыздың міндетіміз. “Жерді аялайық” тақырыбындағы білім сайысы осы міндетті шешуге бағытталады.
Сайыстың тәртібі бойынша қатысушыларды алты адамнан 2 топқа бөлдім: ұлдар және қыздар тобы. Сұрақ қатысушылардың барлығына жалпы берілді. Қойылған сұрақтарға қай топ дайын болса, сол топ жауап беруге келісілді. Бірінші сұраққа ұлдар тобы жауап берді.
1 сұрақ. Халқымыздың тұнғыш ғалымы кім және ол кісі табиғат туралы не айтқан?
Ұлдар тобы. Халқымыздың мақтанышы болып саналатын ғалым, этнограф, зерттеуші Шоқан Уәлиханов, ол кезінде былай деген екен: “Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? Қазақтар дүниеге үлкен мән берді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерледі. Осы айтылғандарды құрмет тұту адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі.”
2 сұрақ. Бұл айтылғандарды пысықтау үшін қандай жыр жолдарын тілге тиек етуге болады?
Қыздар тобы.

Қасиетті сөз береді “Кие” деген,
Киеліге жоламас күйе деген
Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен.
Тірі нәрсе – шөп деген, көгал деген
Көкті жұлса, болады обал деген,
Ата – анамыз жыланға үйге кірген
Ақ сүт құйып басына, “Жоғал” деген.

3 сұрақ. Халық табиғаттағы өздері қастерлейтін жерлерді қалай атаған?
Ұлдар тобы. Халық табиғаттағы қастерлейтін жерлерді “Әулие бұлақ”, “Әулие ағаш” деп, қарлығаш, аққу, ұлар, т.б. құстар мен жануарларды жақсылықтын жаршысы, бақыттың басшысы, тіршіліктің иесі деп олардың ұясын бұзбауға, балапандарын жәбірлеп, өздерін өлтіруге мүлдем рұқсат етпеген, балапандайтын, төлдейтін кездерінде құстар мен жабайы андарды аулауға тыйым салған.

4 сұрақ. Қорқыт атаның артында қалған қандай өсиет сөздерді білесіздер?
Қыздар тобы. Қорқыт атаның өсиет сөздерінде айтылатын “Қара тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын” деген ұғымдар – айналадағыңды аялай біл деген аталы сөз. “Қарағайдың түбінен үйіріп алған қобызым” деген өлең жолдарында үлкен мән бар.
5 сұрақ. Қашаған ақын адам өмірінде орманның қаншалықты маңызды екенін қалай толғаған?
Ұлдар тобы:
Жаның сая табатын
Орман болған бұл - ағаш,
Қорыққанда жалғызға
Қорған болған бұл – ағаш,
Найзасына батырдың
Сап та болған бұл – ағаш,
Кәріп пенен қастерге
Қуат болған бұл – ағаш.
6 сұрақ. Халық табиғаттың ғажап көркі саналатын орман – тоғайды қай өлеңмен қастерлеген және орманды неге теңеген?
Қыздар тобы. “Қараорманым” деген өлең жолдарын арнап, былай жырлаған:
Киінген келіншектей оқалы орман
Секілді жанға сая, малға қорған
Бабамыз бауырында малын бағып
Үй салып, құрық алып, уық жонған.
Осында табиғаттың бар ақылы
Көркейген келбетінен дала сыны.
Ақ қайын, жасыл – желек қарағайлар,
Секілді көзіміздің қарашығы.
7 сұрақ. Табиғатты қорғау туралы ананың қандай өсиет сөздері бар?
Қыздар тобы.
“Ұя бұзба! Балапанға тиме” деп,
Ұрсушы еді, менің анам, күйгелек
“Жас шыбықты сындырма” деп ұрсатын,
Шыққанымда “тұлпарымды” сүйрелеп,
“Ұя бұзба! Бұзба” деймін балама
Өсиетің қандай ғажап, жан ана!

8 сұрақ. Заманымыздың мақтанышы, тау – кен зерттеуші геолог, тұнғыш ғалым, академик Қ.И.Сәтбаев туралы не деген?
Ұлдар тобы. “ Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес”. Оның тағы да табиғатқа арнаған мынадай мақалдары бар. “Жер – байлық көзі”, “Жер – ырыс кеңдігі”, “Жері байдың – елі бай”.
9 сұрақ. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел туған жерінен босып, көше жөнелгенде кім үйін жықпай, жұртта отырған? Оның себебін қалай түсіндіруге болады?
Қыздар тобы. Қарлығаштың ұясында балапаны болғандықтан, үйін жықпай, жұртта отырған Төле би еді. Сондықтан оны “Қарлығаш әулие”, “Қарлығаш би” деп атап, ерекше құрметтеген.
10 сұрақ. Халық даналығында халқымыздың табиғатқа жанашырлық қасиетін аңғартатын аңыздың бірі, асқан ақыл иесі Төле би атамыздың қандай жыр жолдарын білесіздер?
Ұлдар тобы.
Жалбарынар жайым жоқ жан алдында.
Балапандар бар қанша қарауымда.
Сол жетімдер ұшуға жарағанша,
Сыртқа шықпай тұрамын қарауылда.
“Қарлығаш би” атандым сол ұшін де,
Осылармен бір менің өресім де,
Батыр болсаң, жайратып жүре бер, сен,
Жалғыз шалды кездескен жол үстінде.

11 сұрақ. Жезқазған қаласында экологиялық мәселені басты орынға қоюға мүмкіндіктер бар ма?
Қыздар тобы. Экологиялық мәселені басты орынға қоюға себептер жеткілікті десе болады. Мәселен, жаз айларында жиі болатын қапырық ыстық пен қыстың қытымыр аязы тіршілігіңізге қолайсыздық әкелетіні белгілі. Жезқазған қаласы республикадағы ірі қалалардың бірі екенін мойындайтын болсақ, келешекте ұлттық өнер – нақышы бар әдемі биік тұрғын үйлер салынып, жасыл желекке оранған көшелері бой түзеу керектігі мәлім, ал қала орталығына жасыл желек қатарын көбейту орнына бұранғы егілген ағаштарды қорғаудың өзі ойдағыдай емес екенен қалай түсінуге болады? Сондықтан қала басшылары экологиялық мәселені жандандыру шараларын жасап, оны жүзеге асыруы тиіс.
12 сұрақ. Жерана толғауынан қандай өлең шумақтарын білесіздер?
Қыздар тобы.
Қайран далам. Меніңдағы жүрегім тілім – тілім,
Алаңсыз ата – бабам сайраңдаған,
Көсіліп жатырсын –ау, қайран далам.
Толассыз қапылыстың, жарылыстың
Уытын өн бойына жайған далам.
Аң – құсың безіп кетті пана таппай,
Меніңдағы жүрегім тілім – тілім,
Жазылмайтын мәңгіге жарақаттай,
Армансыз ата – бабам сайраңдаған,
Қоңырсып жатырсын – ау, қайран далам.
Өрт шалып өзегіңді тұрған кезде,
Тыныштық бола қойсын, қайдан маған?
Ұлдар тобы. Нулы жерінің нуын, сулы жерінің суын, аққулы көлімнің сәнін алатындай не жазды, қасиетті Абай жері?
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнінде 2000 – жылға дейін арнаулы жоспар жасалғаны белгілі. Бұрын табиғаттың мұқтажына кім назар аударып еді. Табиғат байлықтарын пайдалану мәселелеріне министрліктердің жауапсыз қарауы салдарынан еліміздің бірқатар аймақтары экологиялық дертке душар болды. Басқарудың тиімді экономикалық әдістерін енгізу арқылы, Арал мен Балқаш аралығындағы адам мен табиғаттың өзара
Тыңайтқыштарды ұтымды пайдаланып, қоршаған ортаға лас заттарды бөліп шығаруға жол беріліп, Балқаш көлінің суында мыс, мырыш, бор және азот қоспалары шамадан тыс артып кетті. Аралдан алынған 1000000 текше метр су текке рәсуа болып жатыр. Бұл суды ұтымды пайдаланса, Арал теңізін аман сақтап қалуға болады демекпіз.
14 сұрақ. Табиғат туралы қандай жұмбақтар білесіздер?
Қыздар тобы.
Құрғак жерде сақтайсын,
Онсыз тамақ татпайсын.
/тұз/
Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді.
/күн/

Бір нәрсе бетінде жоқ, ой менен қыр,
Өзіңнің кіндігінен айналып жүр.
Өзіне назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.
/глобус/
“Айт” десе, жүгірмес,
Су тисе, сілкінбес.
/шөп/
Жазда жатсаң – көлеңкесіне алады
Қыста жақсаң – жаның рахат табады .
/ағаш/
Жер көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көл көрдім, өзең көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін.
/карта/
Үлкен – улкен түйені
Тастапты адам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.
/тау/
Әдемі түнде мен жүрсем жүреді бірге.
/ай/.

15 сұрақ. Табиғат туралы қандай мақал – мәтелдер білесіздер?
Ұлдар тобы. Тұған жер - алтын бесік. Жер – ырыстың кіндігі. Жерана, ел – бала. Тозған жерде тоқшылық болмайды. Көлдің көркі – құрақ, таудың көркі – бұлақ. Бір ағаш кессең, он ағаш отырғыз. Орман көп болса, олжаң көп. Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады.
1 – бастаушы.Жас достар, табиғатты сүйіңдер!
Табиғат – Отан байлығы.
«Заман – ай» әні хормен орындалады.
2 – бастаушы. Табиғатты тарылтпайық.
Мөлдір кәусар тынысын.
Пәк табиғат!
Жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар!
Қалай ғана қатыгездік жасайсың.
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.
Отанын, туған жерін сүйетін ұлтжанды азаматтар тәрбиелеуде танымдық ой әрекеттерін дамытатын тәрбие сағаттарының маңызы зор.
Қорытынды: Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет, қош сау-саламат болыңыздар!!!
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру