Көптілділік - Қазақстандағы халықтар достығының негізі

 Көптілділік - Қазақстандағы халықтар достығының негізі

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы,
№48 жалпы орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі
Омарбекова Алия Жексембековна


Тақырыбы: Көптілділік - Қазақстандағы халықтар достығының негізі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мақал-мәтелді дұрыс қолдана білуге үйрету, сөз байлығын арттыру. Патриоттық тәрбие беру, ойлау қабілетін дамыту, қазақ тілін құрметтеуге баулу.
Сабақтың көрнектілігі: Қабырға газет буклет. (Ана тілі – азығым. Таусылмас қазығым)
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды
1. Ана тілі – кімнің тілі?
2. Тілді адамдар, ең алдымен кімнен үйренеді?
3. Қазақ тілі бұл күнде қандай мәртебеге ие болды?
4. Қазақ халқының мағынасы не?

Кіріспе сөз: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілін білу - әрбір азаматтың
міндеті. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді үйрену – Қазақстан Республикасында өмір сүрудің басты шартына айналып отыр. Бүгін қазақ тілін үйрену барысында қол жеткізген табысымыздың бірін көрсетпекшіміз.

I бөлім. Ойын. «Кім табады». Қоржынның ішіндегі сұрақтарға жауап беру.
1. Қазақ тілі қандай тіл?
2. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды?
3. Тіл туралы Заң қашан шықты?
4. Тіл туралы Заң неше тараудан тұрады?
5. Қазақ алфавиттік негізде құрылған?
6. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
7. Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?
8. Қазақ тілінде неше жуан дауысты дыбыс бар?
9. Қазақ тілінде неше жіңішке дауысты дыбыс бар?
10. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

II бөлім. Әдеби монтаж
Дина:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмей өскен - әңгүдік
Өсер балаң, байтақ дала тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

Нұртас:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрән біл,
Өз тіліңді құрметте!

Ақбота:
Қазақ осы
«Өнер алды - тіл» дейтін.
Қазақ осы
Қарасың ба, ақсың ба, қоңырсыңба,
Жатырқауды білмейтін
Қазақ осы
Ашық – жарқын қабағы,
Қонақ келсе шабылып бір қалады.
Шоқан:
Сүйемін туған тілім, анам тілін
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.
Ақбота:
Туған тілім – тіршілігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өлсе тілім менде бірге өлемін.
Мейрлан:
Туған тілім – бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім – анам тілі - өз тілім!
Туған тілім – далам тілі - өз тілім!
Туған тілім – адам тілі - өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар!
Ернұр:
Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгін де,
Сөйлеп тұрсың менің ана тілімде.
Қазақ болып туғаннан соң бөбегім,
Қазақ болып өлген жақсы түбінде!
Мадина:
Қазақ тілі!
Ол – менің ана тілім!
Қазақ тілі!
Байсалды баба тілім!
Сол байлықтан аз емес алатыным.

Айгүл:
Қуан далам, қуанатын күн бүгін
Серпіп таста, мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы Заңым енді күшіне;
Паш еткендей, кескен дала кіндігін.
Қазақ тілі борандатқан дауыл күй,
Қазақ тілі - өлең – жыр мен ән мен күй
Байқасаңдар қазақ тілі осындай
Аққан судай, ескен желдей табиғи.

III бөлім. «Жалғасын тап»
Мұғалім бастап айтқан мақалдарды аяқтау.
1. Арқанның ұзыны, /тілдің қысқасы жақсы/
2. Ең тәтті де тіл, /ең ащы да тіл/
3. Ер жігіт елі үшін туады, /елі үшін өледі/
4. Жақсы жолдас жаңға серік, /жаман жолдас малға серік
5. Тіл тас жарады, /тас жармаса, бас жарады/
6. Шебердің қолы ортақ, / шешеннің тілі ортақ/
7. Сөз сүйектен өтеді, /таяқ еттен өтеді/
8. Оқу – білім бұлағы, /білім - өмір шырағы/
9. Білім қымбат, /білу қиын/
10.
11. Білім таппай мақтанба, /өнер таппай баптанба/
Ойын «Асық шашар». Бес оқушы шығады. Кімге асық жетпесе, сол оқушы мақал-мәтел, жұмбақ, өлең айтады.
Ортаға жұмбақшылар шығады.
1. Ой маржанын тере білген
Әр жазушының, әр ақынның
Әр сөзіңді емемін мен
Ана сүті... /ана тілім/
2. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді – тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем /кітап/
3. Тіл – ырысың, өрісің де
Тіл – көктегі ғажап Күнің де
Ғажап күнсің мен үшін де
Бабам тілі... /қазақ тілі/

Ән «Ана тілім»
Анамнаң тілі айбыным менің,
Қазақтың тілі айбыным менің.
Сүйемін байтақ елімді туған.
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
М. Шахановтың «Төрт ана» өлеңі.

Қорытынды: Хор: «Менің елім - Қазақстан»


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру