Өмір - мәңгілік жасампаздық (қарым - қатынас)


Рухани - адамгершілік тақырыбындағы әңгіме (4 сынып)
Тақырып: Өмір - мәңгілік жасампаздық (қарым - қатынас)
Құндылық: қиянат жасамау
Мақсаты: Өмірдің мән - мағынасын ашып, ешкімге қиянат жасамай өмір сүруге бейімдеу.
Міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға дұрыс өмір сүру – қиянат жасамау құндылығы екендігін ұғындыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың бойында сүйіспеншілік, қамқорлық қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өмірді бағалай тәрбиелеу.

Әңгіме барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгендеу
5 «Т» ұстанымын еске түсіру.
1. Тәртіп
2. Талап
3. Тыныштық
4. Тазалық
5. Татулық
1. Жағымды күй
Тыныштық сәтi: «Орманға ойша серуен»

1. Мұғалім сөзі.
Дәйексөз
Ақыл - дария алсаң да таусылмайды,
Жер – қазына саусаң да сарқылмайды
Халық нақылы
1. Дәйексөзді оқыту.
2. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінеcіңдер?
3. Қорытынды

3. Өсиет әңгіме.
Өсиет әңгіме
Алатаудың көк майсалы баурайында тәкаппар бір терек өсіп тұрады. Ол ешкімді менсінбейді. Төңірегіндегі мәуелеген жеміс ағаштары мен гүл бәйшешектерді көзіне де ілгісі келмеді. «Дүниеде маған тең келер ешкім жоқ. Мен тамырларыммен жерді шеңгелдеп ұстап тұрмын. Ұшар басым көкті құлатпай тіреп тұр», - деп лепірді терек. Оның асқақтығы шектен асты. Күнді жақтырмады: «Осының не керегі бар? Жапырақтарымды сарғайтып жіберетін болды – ау», - деп тыжырынды.
Терек суды да жаратпады: «Су тамырларымды шірітіп жіберетін болды», - деп налыды. Ол желге де мін тақты: «Жел жапырақтарымды шуылдатып, тыныштық бермеді», - деді.

Мектеп: «Өзін - өзі тану» гимназиясы
Мұғалiм: Жетписбаева Ләззат Жұмашқызы
[url=http://bilimdiler.kz/engine/go.php?url=aHR0cHM6Ly95YWRpLnNrL2kvV1NhVXY2YTFKMFZxNnc%3D]Өмір - мәңгілік жасампаздық (қарым - қатынас). жүктеу[/url]


Источник: bilimdiler.kz
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу