Бастауыш | Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

 Бастауыш | Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

Орал қаласы №19. ЖББОМ.
Бастауыш сынып мұғалімі
Мырзажанова Айдана Биманбетовна


Тәрбие сағатының тақырыбы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру; еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту; еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекіліктері: слайдтар
Тәрбие сағатының өту барысы:
Психологиялық дайындық
Үлкенге де "Сіз",
Кішіге де "Сіз".
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Шаттық шеңбері
Ән: Болайықшы осындай.
Сөзі мен әні –А. Меңжанованікі.
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досы-ай!
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Мақал:
Еңбек – бәрін жеңбек
Әңгімелесу:
Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?
Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді.
Мәтінмен жұмыс
Б.Әділов «Еңбексіз өмір — сүреңсіз» мысал әңгіме
Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
«Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап. Абай
Сахналау:
«Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө. Тұрманжанов
Автор:
Дастарханда шашылып
Жатты аппақ бауырсақ
Бауырсаққа қызығып
Қарап тұрып көзін сап.
Қуыршақ:
-Қайдан келдін бауырсақ?
Бауырсақ:
-Дүкеннен келдім нан сатқан.
Қуыршақ:
Дүкенге келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
-Наубайдан келдім нан жапқан
Қуыршақ:
-Наубайға келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
Диірменнен келдім ұн тартқан.
Қуыршақ:
-Диірменге келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
Даладан келдім жан-жақтан.
Жер-анам менің көсілген
Дихандар мені өсірген
Жүректен жүрекке
Бір – біріне жүрекжарды тілектерін айту
Үйге тапсырма:«Еңбек – бақыт бастауы» тақырыбында әңгіме жазу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру