Жеті шелпек
Аса діндар жанұядан шыққан менің бір құрбым (кедей болса да, оның атасы Меккеге қажылықпен үш рет жаяу барып келген), бозбала ұлын арап тілінің үйірмесіне апарып жүрді... Бірнеше сабақтан соң ұлы оны «ағарта» бастады: жеті шелпек пісіріп, о дүниелік жанды еске алу мұсылмандыққа жатпайды екен. Ол пұтшылдық рәсімі, оны ұстану нағыз мұсылманға жат, ондайдан бас тарту керек... дегендей.
Шелпек пісіруді маған әжем үйреткен. Қамырды илеуден бұрын рәсім жолымен тазару керек, ниетіңді бағыштап, о дүниелік туыстардың қайырымын еске ала отырып, іске кірісу қажеттігін....