Қасым Қайсенов Жерді сатпау туралы

Қасым Қайсенов Жерді сатпау туралы

..О, ағайын, жер өзіміз қолымыздан өсірген мал емес, қолымыздан жасаған бұйым емес қой! Жер - өзімізді дүниеге әкелген анамыз, өзіміз бауырында жүрген баспанамыз. Жерді сату деген - өзіңді тапқан анаңды сату.

Бұл заманда сатылмайтын нәрсе қалмағаны рас. Аға ұрпақтың маңдай тер, табан етімен жасалған байлықтарын жанталасып сатып, оңды-солды шашып, талап жатыр. Барлығын сатсаңдар да, жерді сатпаңдар, Құдайдан қорқыңдар дер едім мен. Ұрпаққа еш нәрсе қалдырмасаңдар да, олар басып жүретін жерді қалдырыңдар! Оларға жерді қиыңдар! Халық қалаулыларына алдын-ала ескертіп айтарым осы?!..

? Қасым Қайсенов "Естеліктер мен жазбалар" кітабынан алынды.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу

Ілмектер: Қасым Қайсенов