Алтын қайырымды жан құрбым

 Алтын қайырымды жан құрбым

Менің алтын қайырымды жан құрбым Тілеубектегі Анарбекқызы Жүсіпнемересі Гүлсананың бойындағы ең бір ерекше ұнайтын қасиеті – оның ақкөңілділігі мен асқан мейірімділігі. Әрқашан күліп жүретін ол досқа адал, ағайынға бауырмал, адам біткенге қайырымды қыз. Ешқашан ешкімге жоқ демейтін, қолындағы барын беруге даяр, ол имандылықты өз өміріне ту етіп, адамгершілікті берік ұстанған. Мен Гүлсананың әрдайым күліп жүретін көңілді мінезін, өміршеңдік қасиетін жоғары бағалаймын. Әсіресе, жоқшылықтан жүдеген отбасыларын үнемі қолпаштап жүреді. Айта өтсем, Павлодар қаласындағы 4 баласымен қалған жалғызбасты әке Кайр Кошелековке, Алматы қаласында 4 бірдей мүгедекті бағып, ыстық-суығына төзіп отырған жігіт Данияр Губайдуллинге, Алматы қаласындағы бір қызымен қалған жалғыз басты анаға, үш кісінің жүрек отасына, қос бүйрегінен айрылған Жамила Байсеріковаға, дендра саябағының жанында көмір, отын сақтайтын қуыстай жерді паналап отырған отбасыға, 1 қыз 2 ұлымен қалған жалғыз басты анаға, бірнеше отбасына қолынан келгенше жәрдем бергеніне өзім куә болдым. Ал, Шымкент қаласы Түркістан сарайында Ербол Байырбеков ағамыздың «Сүйгеніңді бағала» атты шығармашылық кешінде 70 билет сатып алып, қарттар үйімен жасөспірімдер үйіне үлестіріп берді. Өз туған өлкесі Мақтаарал ауданы Қырықжылдық ауылындағы мешітке соңғы үлгідегі есік терезе орнатты. Гүлсана екеуміздің таныстығымызға 5 жылдай уақыт болды. Осы уақыт ішінде оның қаттылығын немесе адамдарға ашуланып, кейіген кезін көрген емеспін. Гүлсана әрқашан ауруларды аяп, балалар үйіндегі бүлдіршіндерді жақсы көріп жүреді. Науқас жандарға көмек, жылы сөз, адами қарым-қатынас емес пе керегі? Гүлсананың атақтары мен марапат қағаздары көп-ақ. Әрине, құрбым мақтанғанды жаны сүймейді, бастысы бұл емес, «ата анасы кенетте қаза болып, туыстары далада қалдырған 3 қыз, 4 ұлды бауырына басып, 14 немеренің қуанышына бөленген, бүгінде шөбере сүйіп отырған жас әже», Гүлсана Анарбекқызының жас пен кәріге көмек қолын созып, ақ қанатты періштедей адам жанына жылы сөзімен, мейірімді жүрегімен өмірге деген құлшынысын арттырған, халықтың алғыс-сауабын арқалаған жан. Құрбымның осы жолда қанаты талмаса екен, көңілдер тарылған заманда адамдарға қайырымды қолын соза берсе екен деп тілеймін.

Элеонора Джулик
Астана қаласы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру