Ғабиден Қожахмет | Қыр басына шыққан түлек
Шашқызып шәкіртіне жүрек кенін,
Оятқан ізгілікке жүректерін.
Бұл күнде ел біледі, құрметтейді
Мектептің мақтанышы – Түлектерін.
(«Қожабақы мектебінің вальсі» әнінен)
Мектепті бітіргендеріне 20 жыл толған түлектердің 20 жылдық кездесулерін ұйымдастырмақ мақсатпен алдын ала өзара дастарқан басында ойластықтары өтіп жатыр еді. Бұлар – 1963 жылы дүниеге келген, мектепті 1980 жылы бітіріп кеткен 31-түлектері. Дастарқан басында жиналып отырған ендігі есейіп кеткен кешегі сыныптастардың арасынан төрде отырған Рүстембек Құлжанов сөйледі.
– Біздің орта мектепті бітіргенімізге де 20 жыл уақыт болыпты. Қыр басына шығып кеттік демейміз. Бірақ хал-қадірімізше еңбек еттік. Отбасын құрдық. Бала-шаға өсірдік. Әке, ана болдық. Енді осы төбенің басында 20 жылдық кездесу ұйымдастыруға бастамашы болып отырған жайымыз бар. Осыған бір өлең арналса, – деді Рүстембек Құлжанов.
Рүстембек Құлжановтың сыныптастары, шынында да, 20 жылдық кездесудің бастамышысы болып отырғаны рас еді. Содан кейін-ақ 20 жылдық кездесу өткізу үрдіске айналып жүре берді. Рас, мұндай 20 жылдық кездесу өткізу кеңес заманында дәл сол кездегі мектеп басшысы Амангелді Есетов ағайлардың сыныптастары арасында ұйымдастырылғандығы, оның ауылдық мәдениет Үйінде өткендігі де белгілі. Бірақ нақ осындай кездесулер өткізу тәуелсіздіктен кейін ғана барып үрдіске айналып жүре бергендігі рас.
Дәл осы отырыста Рүстембек Құлжанов ағамыздың өз аузынан шыққан “қыр басына шығу”, “қыр басына шыққан түлек” дегендер кімдер?
Республикада қанша мектеп болса, мейлі, ол қалалық мектеп бола ма, мейлі, ол елді мекендегі мектеп бола ма, өздерінің қыр басына шыққан түлектері болады. Олар өз мектептерінің осыншалық жылдарда істелініп жатқан жұмыстарындағы әлеуетін айқындап, айшықтап тұратын жандар сияқты. “Кімің бар?” дегенде, ең алдымен, сол түлектер ауызға ілігеді. Олар – мектептің медалистері, “Алтын белгі” иегерлері, ғалым-профессорлар, Қазақстан Журналистер одағының мүшелері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, ғылым саласында жазылған көптеген еңбектердің авторлары, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, бизнесте, саясатта, басшылық қызметте үлкен табысқа, жоғары дәрежеге жеткен азаматтар, өнерде, спортта жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып үлкен абырой-атаққа ілінген жандар.
Қыр басына шыққан түлектер, біріншіден, мектептердің мақтаныштары болады, екіншіден, үйде бала тәрбиелеп отырған ата-аналар мен сыныпта сол баланың келешегіне бағыт-бағдар беріп тұрған ұстаздың шәкірт жүрегіне үлгі етіп ұстанатын тұлғалары да солар болмақ. Бұл бір жағынан Абай ата өлеңіндегі оймен де үндесіп жататын секілді:
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
“Ондай болмақ қайда?” деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз.
Дегенмен осы Рүстембек Құлжанов сияқты азаматтардың өздерінің 20 жылдық кездесулеріне бастамашы болып, ұйымдастырып жатуының өзі де бір түлектің қыр басына шығуы секілді еді. Әке, ана болып отырған сананың қыр басына көтерілуі, есеюі, байыпты тартуы секілді болмақ.
Жиырма жылдық кездесу өткізуші түлектер мамырдың 25-і күні салтанатты соңғы қоңырау өткелі жатқан ауылдық мәдениет Үйіне бас сұғып осынау кештің қонағы болды.
Сахнада – жас түлектер. 20 жылдық кездесу өткізуші түлектер де кезінде, дәл осыдан 20 жыл бұрын осы сахнада осы мектеп бітірушілер сияқты тұрған болатын. Бұл сахнадағы талай соңғы қоңырау салтанаттары сол кезеңде талай ақ фартук киген қыздарды толқынысқа түсірген, көз жастарына ерік бергізген кездері де болған.
Сөз 20 жылдық кездесу өткізуші түлектердің арасынан көрші ауылда ұстаз болып қызмет атқаратын Табиғат Жиенәлиеваға берілді. Табиғат Жиенәлиева жас түлектерді құттықтады, сонан соң өздерінің 20 жылдық кездесулеріне, 31-түлектердің құрметіне арналған өлеңді де оқып шықты:
Жиырма жылдық кездесу
Жиырма жыл, жиырма жазың, жиырма көктем,
Жиырма жыл осы шақты жырлап өткем.
Жиырма жыл, жатыр сонда бар тағдырым,
Қас қағым болғандай-ақ зырлап өткен.
Күн келді түлек әні шырқалатын,
Тарихтан жиырма жылдық нұр таматын.
Келді олар артта қалған балалықтың
Ән қылып көтерсем деп шырқап атын.
Тағдырын тура жазып өткеніне,
Келгендей бала кездің көктеміне.
Оралды олар, міне, ұстазына,
Оралды олар, міне, мектебіне.
Сағым жыл жанға алаулы жағар отты,
Олар да күні кеше бала бопты.
Бүгінде жігіттері әке атанып,
Қыздары сәбилерге ана бопты.
Емес пе еді кеше оларды бала көрер,
Өзгертіп уақыт та сала берер.
Есейіп, ержетсе де, ұстаздарға
Әлі сол түлек болып қала берер.
Осы ғой өмірдің де нандырмағы,
Жұлдызын жарқыратып жандырғаны.
Жиырма жыл – жиырма көктем, жиырма жазда
Сан түрлі болды олардың тағдырлары.
Сан түрлі өтті олар өткелдерден,
Ызғарлы, өтті дағы көктем күннен.
Жиырма жыл ғұмырдан соң сағынышпен
Бас қосты сыр айтуға өткен күннен.
Тергендей бала шақтан дала гүлін,
Олардың ұқшы сырын дара бүгін.
Жиырма жыл бұрын қалған осы жерде
Іздеп тұр олар қазір балалығын...
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әңгіме Ғабиден Қожахмет Қыр басына шыққан түлек туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ғабиден Қожахмет Қыр басына шыққан түлек на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке