Ғабиден Қожахмет | Сценарий
Тойменен әрленгендей шамшырағы,
Жиналып туыс, көрші-қоңсылары.
Ағайын-жекжат - бәрі жиылды да,
Ұзатып салады енді Қаршығаны.
Дәстүрім жетті-дағы бүгінгіге,
Жастары бойға оны сіңірді де.
Қаршыға ұзап барады өз үйінен,
Ағайын, ортаңыздан бүгін, міне.
- Аға! - деді Еркін асабаға жүгіріп келіп. - Біз деген он жылдық кездесудің дастарқанына жиналып отырмыз ғой. Бұл он жылдықтың тойы ғой?!
- Не ғой, - деді асаба күлімсіреген сыңай танытып. - Он жылдықтың сценарийі бар еді, қалып қойыпты ғой. Орнына қыз ұзату тойының сценарийін алып кетіппін.
- Қаршыға деген кім?
- Қаршыға деген қызды ұзатқандағы сценарий ғой. Он жас үлкен жігітке ұзатылған еді ғой жаңағы Қаршыға деген қыз. Сценарийдің ішінде "өзіңнен он жас үлкен жігітке бара жатсың" деген жерлері бар еді. Соған қарап он жылдықтың сценарийі шығар деп алып кеткенмін ғой. Не ғой, біз әр түрлі тойлар өткізе береміз. Қайта сүндет тойдың сценарийі кетіп қалмағанына шүкір де. Абыройларың бар екен ұлыңның да, қызыңның да.
- Енді не істейсіз?
- Енді бірдеңе қылып лаждаймын ғой. Сен отыра берсей. Мұның өлеңдерін бірдеңе қылып келтіріп жіберу керек.
- Аға, енді ыңғайсыз болып қалмай ма?
- Отыра берші, отыра берсей. Ақшаңды беріп пе едің?
- Не ақша?
- Он жылдыққа жинаған ақшаңды беріп пе едің деймін?
- Әрине!
- Онда отыра берсей кластастарыңның арасына барып, ақшаңды берсең. Іш те, же де отыра бер. Өзім лаждаймын ғой.
***
- Ағайын, дәл осыдан он жыл бұрын "Білім берген, ой берген, ақыл берген" мектебінің бір топ шәкірті мектеп бітіріп, өмірге жолдама алған еді. Енді осы шәкірттердің де мектепті бітіргендеріне он жыл толыпты. Біз осы қуанышқа жиналып отырмыз.
Ойлады да алдағы сынақтарды, Ойлады да зор мақсат, мұраттарды.
Қимастық бір көңілмен ұзатылған
Қаршыға бүгін толқып, жылап қалды.
Қаршыға, көңіл енді босамасын,
Осынау тойыңды да жасағасын.
Ұзаған соң мектептен түлек болып,
Қызметтің аттарсың босағасын.
Ағайын, осынау отырған қыз-жігіттер бір кездегі "Білім берген, ой берген, ақыл берген" мектебінің түлектері еді. Түлек те бір мектебінен ұшқан құс қой деп, сондықтан біз оны ұзатылған қызға теңегендей етіп алып жатырмыз. Әуеде ұшып жүрген құс қаршығаға теңеп жатырмыз. Осыны дұрыс түсініңіздер, ағайын!
Іздесең, бағың алдан табылады,
Өмірдің шамшырағы жағылады.
Қаршыға, босамашы, түлек болдың,
Құт болар кабинеттің шаңырағы.
Қарамай әлі албырт жастығыңа,
Сені өмір өз әніне қосты мына.
Қызметке сіңіп кет, барған жерде
Сәлем салып жүргейсің бастығыңа.
Сені де келер әлі бағалар күн,
Өзің де бұл тойыңда бағаландың.
Қадірің болып жүрсін өз ортаңда,
"Алғыс хатын" алып жүр ағалардың.
Осынау қыз-жігіттерге біз осыдан он жыл бұрын ғана осылай тілек тілеп, шығарып салған едік. Олар, шынында да, өмірде қаршыға құстай самғады. Қызметке сіңді. Енді өз мектебіне оралып отыр.
Қаршыға қош деді енді жұрағатқа,
Жетсін деді елі оны ұлағатқа.
Қаршығаның осы сәт әкесінің
Көңілі босап тұрды мына жақта.
Қаршыға қауышқандай көктемімен,
Қоштасты балалық шақ өткенімен.
Көңілі босап тұрды әкесінің,
Түлегі ұшып кетті мектебінен.
Осыдан он жыл бұрын ғана осы қыз-жігіттер түлек болып ұшып бара жатқанда, мектепті Зейін ағамыз басқарып отыр еді. Сол түлектердің әкесіндей болған Зейін ағамыз қазір ортамызда отыр. Зейін аға, шәкірттеріңізге бір тілегіңізді айтып жіберсеңіз.
Қаршыға үздік болды, баласынба,
Үш түсірмеді аттестат бағасына.
Барады ұзап енді шаңырақтан,
Толқып тұрды осы сәт анасы да.
Дегендей мектебіңнің таныт тегін,
Қуанар әлі өзі де алып келін.
Анасы толқып тұрды, қызына ол
Үйреткен еді өмірдің әріптерін.
Осында отырған қыз-жігіттердің бір кездегі әріп үйреткен алғашқы ұстаздарын анасындай емес еді деп кім айтады? Ендеше, ортамызда отырған он жылдық иелерінің алғашқы ұстаздары Пернегүл апай мен 3ейнегүл апайға тілек айту кезегін береміз.
Осылай той күні де жеткен еді,
Той күні бір толқыныс ап келеді.
Қаршыға ұзап кетті өз үйінен,
Шығарып салып тұрды әпкелері.
Осы сәт әпкені де мұңайтады,
Үміт тек көңілдерді нығайтады.
Түлектің де ұстазын, жетекшісін
Әпкедей емес еді кім айтады?
"Білім берген, ой берген, ақыл берген" мектебінде ұстаздық ететін Бәтес апай мен Ақжарқын апайлар - талай түлекті мектептен ұзатып салған, олардың әпкесіндей болған жандар. Бүгінгі қыз-жігіттерге де класс жетекшілік жасаған Бәтес апай мен Ақжарқын апайлар, сөз кезегі өздеріңізде!
Өмір деген, шынында, асқаралы ән,
Әр ісі тұрар шағын бастамадан.
Қаршығаның бұл тойға, міне, ағайын,
Нағашысы келіпті Астанадан.
"Дәуреннің үйіне барсақ, нағашымыздың үйіне барғандай боламыз" дейді бүгінгі кеш иелері өз кластастары - Астанада тұратын Дәурен жайында. Ендеше, Астанадан келіп отырған Дәурен өзінің кластастарына тілегін айтсын...
Кеш жалғаса берді.
***
Кештен кейін асабаның жанына Еркін келді.
- Көрдің бе? - деді асаба Еркінге қарап. - Алып шықтық қой.
- Рақмет, - деді Еркін жымиып.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әңгіме Ғабиден Қожахмет Сценарий туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ғабиден Қожахмет Сценарий на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке