Агата Кристи | Ғайып болған миллион 2
— Кейінгі кезде облигация ұрлау соншама жиілеп кетті. Пуаро, осы біз қылмыстың бетін ашумен айналыса бергенше, өзіміз неге кірісіп кетпейміз, — дедім мен қолымдағы газетті былай қойып.
— Сен немене, тез баюдың жолын нұсқап отырғаннан саумысың, достым?
— Жә, мына соңғы оқиғаны айтамын да. Лондон — Шотландия бірлескен банкісінің Нью-Йорктен жөнелткен миллион доллар тұратын облигациялары «Олимпиа» кемесінен адам түсініп болмайтын жағдайда ғайып болған.
— Теңіз ауруынан сескенетіндігім болмаса, Левергуэр әдісі бойынша, ұзағырақ жаттығу жасау үшін Ла-Манш бұғазы емес, мұхитты кесіп өтетін жаңағыдай алып кемелердің бірімен саяхат шеккен болар едім, — деп Пуаро армандап қойды.
— Иә, тамаша болар еді, — деп құптай кеттім мен оны. — Ол кемелердің кейбіреуін сәулетті сарай десең де артық болмайды, шомылатын бассейндер, демалыс бөлмелері, ресторандары, пальма ағашы өсірілген саяжайлары жан рахатының бәрі бар. Тіпті теңізде келе жатқаның да мүлдем есіңнен шығып кетеді.
— Ал менің теңізде келе жатқаным есімнен әсте шыққан емес, — деді Пуаро салғырт үнмен. — Сен саусақпен санап өткен ана ұсақ-түйек дүниенің маған майлап берсе де қажеті жоқ. Бірақ, достым, сен бір сәтке сол кемеде келе жатқан, өздерін жан адам білмейтін кемеңгерлерді көзіңе елестетіп көрші. Өзің айтпақшы, су бетінде қалқып жүретін сәулетті сарайлардың ішінен кейбір кезде қылмыскерлер дүниесінің мықтыларын да кездестіруге болады.
— Ә, көмекейің белгілі болды! Әлгі құнды қағаздары жымқырып кеткен «серімен» семсер серпіскің келіп отыр ғой, сірә?
Осы кезде бөлмеге үйін жалға беріп отырған әйел кірді де, сөзімізді бөліп жіберді.
— Сізге бір бикеш келіп тұр, Пуаро мырза. Мына бір қағазды беріп жіберді.
«Мисс Эсми Фаркуар» деген қағаздағы сөздерді көзі шалған Пуаро столдың астына еңкейіп, еденге түскен нанның қиқымын жинап қасында тұрған себетке еппен салды да, қожайын әйелге бас изеп, «келген қонақты кіргізіңіз» дегендей ишарат білдірді.
Көп ұзамай үйге бір көрікті қыз кіріп келді; сұңғақ бойлы қоңыр көздері үлкен, дене бітімі сымбатты, киген киімі, жүріс-тұрысы ерекше жарасымды.
— Төрлетіңіз, бикеш. Мына кісі — менің досым капитан Гастингс, әрі кішігірім істерді шешуде қол ұшын беретін көмекшім.
— Ал мен бүгін сізге өте бір үлкен мәселемен келдім, Пуаро мырза, — деді бикеш отырар алдында иіліп тәжім еттім. — Газеттен өзіңіз де оқып үлгерген боларсыз. Айтып тұрғаным — «Олимпиа» кемесінде ұрланған облигациялар жайлы.
Пуароның аң-таң болып тұрғанын сезе қойған болуы керек, қонақ қыз сөзін тез жалғастырып кетті.
— Менің байқауымша, сіз қазір «Мына бикештің Лондон-Шотландия банкісіне қандай қатысы бар», — деп дал болып тұрған сияқтысыз. Иә, бір жағынан менің ол мекемеге титтей де қатысым жоқ, ал екінші жағынан қатысым да бар. Олай дейтінім, Пуаро мырза, мен Филип Риджуэйдің қалыңдығы едім.
— Иә, иә! Ал, Филип Риджуэй мырза...
— Облигациялар ұрланған кезде жауапкершілік соның мойнында болатын. Әрине, оған тікелей айып тағылып отырған жоқ. Бұл жерде ол кінәлы да емес. Дегенмен, қатты мазасызданып жүр. Ал нағашысы болса, Филиптің өзі байқаусызда облигацияларды алып бара жатқандығын біреу-міреуге сездіріп қойған дегенді қайта-қайта айта береді. Бұл Филиптің жұмысына үлкен кесірін тигізетін сәтсіздік болып тұр.
— Нағашысы кім еді?
— Вавазуар мырза ғой — Лондон-Шотландия банкісі директорының бірі.
— Фаркуар бикеш, сіз мәселенің мән-жайын ашыңқырап айтпайсыз ба?
— Жақсы, айтайын. Оқиға былай басталды. Жаңағы айтып отырған банк өзінің Америкадағы кредитін өсіре түсу үшін құны бір миллион доллар облигация қағаздарын жөнелтпекші болып шешім қабылдайды. Вавазуа, Әлбетте, сіз туралы хабарым мол, Пуаро мырза, — мырза бұл жауапты миссияны жиеніне тапсыру лайық деп табады. Өйткені Филип бұл банкте көп жыл бойы біздің басымызға түскен іс жайында Эсми сізбен кызмет етіп келе жатқан жауапты адамдардың бірі. Оның үстіне Нью-Йорк банкілерінің талай рет есігінен кіріп, тесігінен шығып, істің ұңғыл-шұңғылымен әбден танысып, машықтанып алған болатын. «Олимпиа» кемесі жолға айдың жиырма үші күні Ливерпул қаласынан жүзіп шығады. Облигацияларды Филипке жолға шығатын күні таңертең Лондон-Шотландия банкісінің екі бірдей директоры, Вавазуар мен Шоу мырзалардың өздері табыс етеді. Облигацияларды көзінше санап, пакетке салып мөрмен бекітіп бергеннен кейін, Филип пакетін чемоданына салып кілттеп қояды.
— Чемодандікі жай құлып па еді?!
— Жоқ. Шоу мырза Габбс фирмасына барып, арнайы құлып жасаттырған. Нью-Йоркке жетуге бірнеше сағат уақыт қалғанда чемоданның түбіне салынған пакетті ұрлап кетеді. Кеменің барлық бұрышы бірі қалмай тексеріледі, бірақ пакет сол күйінде зым-зия жоқ болады Кәдімгі буға айналып, ауаға тарап кеткен секілді.
Пуароның жүзі құбылып кетті.
— Дегенмен, қағаздар із-түзсіз жоғалып кетпепті. Менің естуімше, оларды «Олимпиа» Нью-Йоркке келіп жеткеннен кейін жарты сағаттың ішінде бөлшектеп-бөлшектеп сатып жіберген. Қалайда Риджуэй мырзамен кездесуім керек.
— Мен де сізге Чешир Чиз ресторанына бірге тамақтанайық дегелі отыр едім. Филип те сол араға келеді. Алайда Филип менің сізбен ақылдасып жүргенімді әлі білмейді.
Қыз шақырған жерге баратын болып сөз байластық та таксимен тартып кеттік.
Филип Риджуэй уәделі жерге бізден бұрын келген екен, қалыңдығының мүлдем бейтаныс екі адаммен бірге келіп түскеніне бір түрлі таңданып қалғандай. Ол бойшаң, жақсы киінген, әдеміше келген жас жігіт екен. Жас шамасы отыздан көп аса қоймағанмен, самайын қырау шала бастапты.
Фаркуар бикеш жігітінің қасына келіп, қолынан ұстады.
— Өзіңмен ақылдаспай, іске кіріскеніме кешірім өтінем, Филип,— деді ол.— Эркюль
Пуаро мырзамен танысып қой. Бұл кісі туралы өзің де көп естіген боларсың, қасындағы жолдасы капитан Гастингс.
Риджуэй қатты таңданып қалды.
— Әлбетте, сіз туралы хабарым мол, Пуаро мырза,— деді Филип онымен қол алысып жатып.— Бірақ менің... иә біздің басымызға түскен іс жайында Эсми сізбен ақылдасады деген ой басыма келген емес.
— Сен рұқсат етпейді ғой деп қорқып едім,— деді
Фаркуар бикеш бәсең үнмен.
— Демек, алдын-ала қам жасаған екенсің ғой,— деді Филип күлімсіреп,— Пуаро мырза бұл сұмдық жұмбақтың сырын ашар деген үміттемін. Шынымды айтсам, не істерімді білмей әбден мазам кетіп жүр.
Расында да өңі жүдеу, жағы суалыңқы еді. Қатты қиналып, мазасызданып жүргені жүзінен айқын сезіліп тұр.
— Бәрі де түсінікті,— деді Пуаро.— Қанеки, енді тамақтаналық. Бұдан былай не істеу керек екенін ас үстінде ойласа жатармыз. Оның үстіне әңгімені Риджуэй мырзаның өз аузынан естігім келіп отыр.
Біздер дәмді даярланған ресторан тамағын сөз етіп отырғанда Филип облигациялардың қандай жағдайда ұрланғанын баяндап берді. Фаркуар бикеш екеуінің айтқандары бір жерден шықты. Филип сөзін аяқтаған кезде, Пуаро әңгімені қайта сабақтады.
— Риджуэй мырза, облигациялардың ұрланғанын сіз қалай біліп қойдыңыз?
Филипті ызалы күлкі кернеп:
— Қалайша білмейін, ап-анық көрініп тұрса, Пуаро мырза. Каютамдағы төсектің астында тұрған чемодан жартылай бері шығып қалыпты. Бұзып ашпақшы болған көрінеді. Құлыптың кілт салатын жері айқыш-ұйқыш сызылып, қажалып қалыпты.
— Бірақ менің түсінуімше, ұры чемоданды кілтпен ашқан дейді ғой?
— Иә, солай. Ол алдымен құлыпты бұзбақшы болған, бірақ бұза алмаған. Ақырында бір амалын тауып ашқан болуы керек.
— Ғажап екен,— деді Пуаро, әдеттегіше көзі от шашып.— Тіпті ғажап! Алдымен құлыпты бұзбақшы болып әуре болады да, содан соң ойына кілт түседі... Габбс фирмасында жасалған құлыптардың кілттері бір-біріне мүлдем ұқсамайды ғой.
— Дәл солай. Сондықтан да ұрыда кілт болуы мүмкін емес. Күні-түні кілтті бір сәт те қолымнан шығарған емеспін.
— Оған сеніміңіз мол ма?
— Ант етуге бармын. Егер ұрының кілті болса, уақытын босқа өткізіп мықты құлыпты бұзуға әрекеттенбес еді ғой?
— Иә, иә! Бұл бәріміздің де көкейіміздегі жұмбақ. Мұның шешуін тапсақ бәрі де анықталар еді. Мен сізге тағы да бір сауал қояйын деп отырмын. Тек ашулана көрмеңіз. Сіз чемоданыңызды ашық тастап кетпегеніңізге кәміл сенесіз бе?
Филип Риджуэй оған қарап еді, Пуаро қолын көтеріп «кешіре гөр» дегендей сыңай танытты.
— Иә, бұл сияқты оқиғалар болып тұрады, сеніңіз маған! Жарайды, сонымен облигациялар чемоданнан ұрланды делік. Ал ұры оларды қайда жібереді? Жағаға қалай алып шығады?
— Міне, соны айтсаңызшы! Қалай ғана алып шыға алады? — деп Филип дауысын көтерді.— Таможня басшыларына да хабар берілген болатын. Олар кемеден түскен жолаушының бірін қалдырмай қойны-қонышын түгел тексеріп шықты.
— Оның үстіне облигациялар салынған пакеттің көлемі де кішігірім болмаса керек қой?
— Әрине, үлкен пакет. Ұры оны кеменің бір жеріне тығып кеткен жоқ. Ол белгілі. Өйткені кеме келіп тоқтаған соң жарты сағаттан кейін облигациялар сатыла бастаған. Бір алып-сатар тіпті құнды қағаздардың біразын «Олимпиа» портқа кірместен бұрын сатып алдым деп ант-су ішті. Бірақ облигациялардың телеграф арқылы жіберілуі мүмкін емес.
— Иә, мүмкін емес, алайда кемелеріңнің қасынан буксир кемелердің өткенін көзіңіз шалмады ма?
— Ондай болды, бірақ дабыл соғылғаннан кейін жұрттың бәрі елеңдеп, еш нәрсені қалт жібермей қадағалап тұрған кезде келді. Мен де бақылап тұрдым, бірақ сезік тудыратын нәрсе байқамадым. Қиыны сол, Пуаро мырза, жұрт енді ол қағаздарды менің өзім ұрлады деген қауесет тарата бастапты. Жынданып кететін шығармын!
— Бірақ жағаға шыққанда сізді де тексерген болар?— деді Пуаро сыпайылап.
— Тексергенде қандай.
Филип Пуароға таңдана қарады.
— Байқауымша сіз мені дұрыс түсінбедіңіз-ау деймін,— деді Пуаро жұмбақтай күлімсіреп.— Енді біраз мәселені банкінің өзіне барып анықтағым келіп тұр.
Риджуэй өз аты-жөні жазылған кішкентай қағаздардың бірін суырып алып бірнеше сөз жазды.
— Мынаны нағашымның қолына тигізсеңіз, ол сізді бірден қабылдайды.
Пуаро рақметін айтып, Фаркуар бикешпен қош айтысқан соң, біз Лондон-Шотландия бірлескен банкісінің бас кеңсесіне қарай бет алдық. Риджуэй берген қағазды көрсетіп едік, бізді ығы-жығы столдардың арасымен банк қызметкерлерін жағалатып отырып, екінші қабаттағы бір кішірек кабинетке алып келді. Сол жерде бізді қос директор қабылдады.
Екеуі де салқын жүзді, шаштарын банк жұмысы ағартқан егделеу адамдар екен. Вавазуар мырзаның шоқша ақ сақалы бар, ал Шоу мырза сакал-мұртын жып-жылмағай ғып қырып тастапты.
— Білуімше, сіз қылмысты істерді тексерумен өз еркіңізбен шұғылданатын болуыңыз керек?— деді Вавазуар мырза.— Иә, солай болар. Біз, әрине істі Скотланд Ярдқа тапсырып қойып едік. Оны Макнейл дейтін инспектор тексеріп жатыр. Жаңылмасам, өте қабілетті офицер.
— Оған күмәнім жоқ— деді Пуаро ізетпен.— Жиеніңіз жайында біраз сауал қоюға рұқсат ететін шығарсыз? Мына құлып жайында білейін деп едім. Габбс фирмасына оны жасаттырған кім екенін айтпайсыз ба?
— Оны мен жасаттырған,— деді Шоу мырза жұлып алғандай.— Мұндай шаруаны басқа ешкімге де сеніп тапсыруға болмайды. Кілтке келетін болсақ, бірі Риджуэй мырзада, ал қалған екеуі әріптесім екеумізде.
— Басқа қызметкерлердің кілтке ешбір қатысы болған жоқ қой?
— Кілттер жиырма үшінен бері қарай, сол өзіміз салып қойған күйі сейфте сақтаулы десем, ағат кетпейтін шығармын,— деді Вавазуар мырза.— Өкінішке орай, әріптесім осыдан екі апта бұрын, дәлірек айтқанда, нақ сол Филип жолға аттанған күні сырқаттанып қалған болатын. Ол міне енді ғана тәуір болып отыр.
— Менің жасымдағы адамға асқынған бронхитпен ойнауға болмайды,— деді Шоу мырза мұңайып.— Мен жатып қалғанда Вавазуар мырза жалғызіліктің зардабын әбден көрген сияқты. Оның үстіне «жығылғанға жұдырық» дегендей, мына бір күтпеген жағдайдың сап ете қалғанын қарамайсың ба.
Пуаро тағы біраз нәрселерді анықтады. Менің түсінуімше, ол нағашы мен жиеннің арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты жақын екенін білгісі келді. Вавазуар мырза жауапты сақ әрі қысқа қайырады. Жиені банкінің сенімді қызметкері екен. Әрі ол ешуақытта ақшадан қысылып, немесе біреуге қарыздар болып көрмепті. Бұдан бұрын да осы тектес жұмыстар сан рет тапсырылыпты.
Шаруамыз біткен соң біз олармен қош айтыстық. Сыртқа шыққан кезде Пуаро маған: «Көңілім толмады»,— деді.
— Бәрін алдыңа жайып салады деп қалғансың ғой? Ол шалдарды оңайлықпен қолға түсіре алмайсың.
— Көңілім толмай келе жатқаны сөзге сараңдығы емес, достым. Өзің ұнататын кейбір кітаптарда банкінің директорын жер-көкке сыйғызбай, сондай қырағы, іскер деп әсірелей мақтайтынын білесің. Бірақ оларды пір тұтатын адамың мен емес. Қарным ашатыны — біз шешпекші болып жүрген жұмбақтың осыншама ала өкпе болатындай дәнемесі жоқ екендігі. Бәрі де оп-оңай!
— Оңай?
— Иә, өзің ойланып көр, оңайдың оңайы емес пе?
— Сонда қалай, ұры уысымда деп тұрғаннан саумысың?
— Дәл төбесінен түстің.
— Онда біз неменеге...
— Басыңды босқа қатырма, Гастингс. Әзірше біз әліптің артын баға тұрамыз.
— Сонда не қол қусырып қарап отырамыз ба? Күтетін не бар?
— «Олимпианың» қайтып келуін күтеміз. Ол мұнда Нью-Йорктен сейсенбі күні оралуға тиісті.
— Қылмыскердің кім екенін білсең несіне күтесің? Ол ала аяқ құйрығын ұстатпай кетер.
— Қылмыскерді қайтарып бермейтін Оңтүстік теңіз аралдарының біріне қашып кетеді деймісің? Жоқ, достым, ол ондай жерге шыдай алмайды. Ал менің неге созбақтап тұрғанымды білгің келсе, айтайын. Маған қазірдің өзінде-ақ бәрі ап-айқын. Бірақ елдің бәрінің қабілеті бірдей емес қой. Сондықтан тағы біраз мәселелерді анықтай түскеннің артықшылығы жоқ. Өзіңнен қабілеті төмен адамдардың да жағдайын ескерген жөн болады.
— Құдайым-ау, не деп бөсіп кеттің Пуаро! Дәл осы жолы сенен өткен ақымақ табылса, құлағымды кесіп берер едім. Сендей мақтаншақты көрсем көзім шықсын!
— Сабаңа түс, Гастингс. Байқаймын, сен мені кейде шынымен ұнатпайсың! Мықтылығың үшін таяқ жеген жаман екен ғой бұл дүниеде!
Кішкентай адамның кеудесін кере күрсінгенін көргенде, еріксіз күліп жібердім.
Сейсенбі күні біз Лондон-Солтүстік батыс темір жолының бірінші класс вагонына мініп алып, Ливерпулға асығып бара жаттық. Пуаро тырысқан күйі бұдан былайғы жоспары жөнінде тіс жарып ешнәрсе айтпай қойды. Оның үстіне істің мән-жайына әлі де жете түсіне алмай келе жатқаныма таңданып, мәз боп келеді. Онымен сөз таластыруды ар санап, іштей шыдамым кетіп тыпыршып отырсам да, өзімді тежеп, ешнәрсеге мән бермеген адам сияқты болып отыра бердім.
Трансатлантикалық алып кеме тоқтаған жерге жеткенімізде Пуароға қайта тіл бітіп, қимылы ширап тіріле бастады. Бар бітіргеніміз төрт жолсеріктен біртіндеп алдымен жұмбақ ұрлықтың мән-жайын, одан кейін сол кемемен айдың жиырма үші күні Нью-Йоркке аттанып кеткен Пуароның бір досы туралы сұрастырдық. Пуаро досын егде тартқан, көзілдірігі бар кемтар, каютасынан сүйретіліп әрең шығатын адам деп суреттеп беріп еді, жолсеріктер бірауыздан Филип Риджуэйдің каютасымен көршілес, жиырма төртінші каютадан орын алған Вентнор деген біреудің атын атады. Пуароның Вентнор деген біреудің дәл суреттемесін аяқ астынан қайдан тауып ала қойғаны миыма кірмесе де мен қатты мазасыздандым.
— Айтыңызшы, жанағы адам Нью-Йоркке кеме келіп тоқтаған кезде жағаға бірінші болып шыққандардың ішінде бар ма еді?— деп дауыстап жіберіппін.
— Жоқ, ол мырза кемеден ең соңғылардың бірі болып шықты.
Тауым шағылып үндемей қалдым. Ал Пуаро болса, езуін жимай маған күліп тұр екен. Ол жолсерікке рахметін айтып, қолына ақша ұстатты. Содан соң біз жүріп кеттік.
— Бәрі де дұрыс-ақ— дедім мен ыза кернеп.— Бірақ қаншама жымиғаныңмен ананың соңғы жауабы сенің болжамыңның күлін көкке ұшырды.
— Әдеттегіше, сен дымды да сезген жоқсың, Гастингс. Біле-білсең жолсеріктің соңғы жауабы, керісінше, менің болжамымның дұрыстығының күшті айғағы.
Не дерімді білмей, екі қолымды көтеріп: «Қойдым»,— дедім.
Лондонға поезбен қайтып келе жатқанымызда Пуаро біраз уақыт бойы шұқиып бір нәрселерді жазды да, онысын конвертке салып даярлап қойды.
— Бұл әлгі «қабілетті инспектор» Макнейлге. Скотланд Ярдтың қасынан өткенде тастап кетеміз. Одан әрі Рондиву ресторанына барамыз. Эсми Фаркуар бикешті сол араға бірге отырып тамақ ішейік деп шақырып қойып едім.
— Ал Риджуэй мырзаны ше?
— Оны қайтейін деп едің?— деді Пуаро көзін қысып.
— Сонда қалай, шынымен-ақ оның ұрлыққа қатысы жоқ деп ойлайсың ба? Сенің мұның...
— Дүниенің бәрін мидай араластырып жіберетінің-ай, Гастингс... Қажет болса, мен ол жағын да ойластырып қойғанмын. Егер Риджуэйдің өзі ұры болып шықса, олай болуы да әбден ықтимал,— бұл бір кереметтей ақылмен істелген, шешуі қиын ғажап жұмбақ болар еді.
— Тек Фаркуар бикеш үшін емес, әрине.
— Дұрыс айтасың. Сондықтан да бәрі ойлаған жерден шықты. Ал енді, Гастингс, істің мән-жайына бастан-аяқ бір рет көз жіберіп өтейікші. Жаңылмасам, көкейіңді тесіп отырған осы ғой сенің. Сонымен облигацияларың салынған пакет чемоданнан ғайып болады да, Фаркуар бикеш айтпақшы, буға айналып жоқ болады. «Буға айналып кетті» деген болжамды біз әзірше былай қоя тұрайық, өйткені бұл әлі кездескен жоқ. Сондықтан да басқа жолын қарастырайық. Кемедегілердің топшылауынша, пакетті жағаға ұрлап шығу мүлдем мүмкін емес.
— Солайы солай бірақ біздің білуімізше...
— Ол сіздің білуіңіз шығар, Гастингс. Мен ешнәрсе білмеймін. Менің білетінім, жұрттың бәрі бірдей шындыққа жанаспайды деп отырса, солардікі дұрыс болғаны. Енді қалған екі-ақ болжам бар: не кеменің бір жеріне тығып қойды, не теңізге тастап жіберді.
— Қалтқы байлап суға тастап жіберген демексің ғой?
— Жоқ, қалтқысыз.
Мен оған қарап ойланып қалдым да: «Бірақ қағаздарды суға тастап жіберсе, олар Нью-Йоркте сатылмаған болар еді ғой,— дедім.
— Міне, мына пайымдауың мақтауға тұрады, Гастингс. Теңізге лақтырмаған. Сонымен неге келіп тірелдік?
— Жоқ, бауырым! Пакет теңізге тасталған болса, іле-шала облигациялар Нью-Йоркте сатылған болса, онда пакеттің ішінде болуы мүмкін емес. Оның үстіне облигациялар пакеттің ішінде болды деген дәлеліміз бар ма? Есіңде болсын, пакетті Лондонда қабылдап алғаннан кейін Риджуэй мырза оны қайтып ашқан жоқ қой.
— Иә...
Пуаро қолын тез көтеріп: «Сөзімді жалғастыруға мұрша берші. Ең соңғы рет айдың жиырма үші күні таңертең облигациялардың Лондон-Шотландия банкісінде болғаны рас. Нью-Йоркте олар «Олимпиа» келіп тоқтаған соң жарты сағаттан кейін пайда болған. Ал енді бір адамның айтуынша, оның сөзін құлаққа ілген ешкім жоқ, облигациялар қалаға кеме келіп жетпестен бұрын сатыла бастаған. Ендеше, олар «Олимпиа» кемесінде мүлде болмаған ғой? Нью-Йоркке басқа жолмен жетуі де мүмкін. Дәл солай. «Гигант» кемесі де Саутгемптон қаласынан айдың жиырма үші күні аттаныпты. Ал Атлант мұхитын одан жылдам кесіп өтетін бірде бір кеме жоқ. Егер облигациялар «Гигантпен» жөнелтілсе, олар Нью-Йоркке «Олимпиадан» бір күн бұрын келіп жеткен. Бәрі де түсінікті. Енді жұмбақ өз өзінен шешіле бастайды. Мөр басылған пакет — жалған пакет. Қай кезде ауыстырылса да ол пакет банкінің ішінде ауыстырылған. Күні бұрын даярлап қойған жалған пакет пен шын пакетті ауыстыра қою сол арада тұрған үш адамның қай-қайсысына да қиынға түспес еді. Сонымен, облигациялар қылмыскердің Нью-Йорктегі сыбайласына «Олимпиа» портқа енісімен сатып жібер деген арнайы нұсқауымен қоса жөнелтілген. «Олимпиа» кемесінің бортында белгілі уақытта ұрлықты іске асырушы тағы бір адам болған.
— Оның қажеті қанша?
— Себебі Филип Риджуэй пакетті ашып, оның жалған екенін білсе күдіктің бірден Лондонға ауатыны сөзсіз ғой. Онда бәрі де білініп қалады. Ендеше, кемеде көрші каютада келе жатқан адам ұрлықтың болғанына елдің назарын бірден аудару үшін, чемоданды күштеп ашқан болып, біраз жалған әрекет жасаған да, кілттің екінші данасымен құлыпты ашып, пакетті теңізге тастай салған. Ал өзі жағаға елдің ең соңынан шыққан. Әрине, ол Риджуэй байқап қалмас үшін бет-жүзін көлегейлейтін көзілдірік киген. Кемтар адамның кейпіне енген. Нью-Йоркке келіп түскен бетте, кері қайтатын бірінші кемемен тартып отырған.
— Сонда ол кім?
— Қолында екінші кілті бар, құлыпты жасаттырған, бронхитпен өтірік ауырып қалған, қысқасы, өзің айтпақшы, сөзге сараң Шоу мырза! Қылмыскерлер кейде осылай жоғарыда жүреді, достым. Ә, міне келіп те қалдық. Бикеш, менің жолым болды! Қарсы болмайсың ба?
Қуанышы қойнына сыймай күлімдеген Пуаро есі шыққан бикештің екі бетінен алма-кезек сүйіп алды!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әңгіме Агата Кристи Ғайып болған миллион туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Агата Кристи Ғайып болған миллион на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке