Балғабек Қыдырбекұлы Құмалақшы
(этнографиялық әңгіме)
Базарға алып барған он шақты тұяғын ерте сатқан Құрмаш құмалақшы түс ауа қайтқан болатын. Содан біраз ат шалдыру үшін Күрті өзенінің Жаңабай көпірі атанып кеткен жеріне келіп аттан түсті де, осында әлдеқашан біреу еккен, бірақ осы кезде тозып бара жатқан жоңышқаға атын тұсап жіберді. Он-он бес қозылы қойдан басқа маңдайына біткен жалғыз торының жайына қарамаса бола ма? Күз болса келіп қалды. Жаз рет айналып жерге түскендей ыстық болды. Қыс қатты болмаса не қылсын. Мизам ұшқалы, жусан басын шалғалы да екі апта өтті. Күннің аптабы қайтты, сүмбіле туды десе де әлі теріскей жүрсең арқаннан, күнгей жүрсең маңдайыңнан қызу өте шығады.
Құрмаш шапанын шешіп төседі де, үстіне малдасын құрып отырды. Сонан соң қызыл қоржынмен бірге қанжығадан шешіп алған, сырты дорбамен қапталған қарыннан түйе көзіндей ағаш тостағанға айран құйып, бірден демалмастан тартты. Маңдайынан суық тер бұрқ ете түсті. Күн қандай ысыса да қарындағы, местегі, торсықтағы сусынның сұп-суық болып тұратыны несі екен деп ойлады. Сонан соң тостағанға айранды қайта құйып алдына қойды. Дорбадан жаңа базарда сарттан сатып алған, бетіне көкнар дәнін сеуіп пісірген аппақ тандыр күлшенің бірін қолына алы, шетінен үзіп аузына салды. Айранмен айдамаса болмайды, түйілмеу үшін айранды сімірмей, қорып еткізіп бір ұрттап алды. Айран аши бастапты. Тостағандағы ақтың әр жерінен астынан қайнаған бастаудай жылан көзденген ауа шығып. шыға бере бырш етіп жарылып кетіп жатыр. Бір қызығы, басқа қандай ыдысқа құйсаң да қатығы бір бөлек, сары суы бір бөлек болып іртіктеніп кететін айран қарында бір қалыпты ашиды да, жұмсақтығын сақтайды. Ол айранды ұрттап, күлшеден тістей отырып, қызыл қоржынды алдына алып, базардан алған шай-пұлын қайта көрді. Әсіресе мына бір қызыл сәтенді алғаны қандай жақсы болды. Әлгі Ұлбосын Көйлек тігіп киіп, бір қуанып қалады-ау деп кішкентай шоқша сақалын, селдір қоңырқай мұртын бір сипап қойды.
Торының гүрсілдетіп жоңышқаны шалғанына қарап отырып, қалғып кетті. Сонан соң алған дүниесін қызыл қоржынға қайта салып, аузын түймеледі де, қоржынды басына жастап жантайды. Іле басын қайта көтеріп алды. Кеткеніне екі-үш күн болды, бала-шағасы аман ба екен. Ол дереу ішкі төс қалтасына қол салып, түюлі шүберек алды. Оны шешіп, ішіндегі добияны алақанына салып біраз отырды. Сонан соң шүберекті жазып төседі де, добия құмалақты бір кезек шашып тастады. Қайта жинап алды да, төрт-төрттен қойып, құмалақты түгендеді... Төрттен қойғанда он жерде, біреуі қолында қалды. Құмалақ қырық бір, түгел екен.
Құмалақты үшке бөліп, алғашқы жолын тартқанда-ақ Құрмаштың бет құбылысы өзгеріп, соңғы екі жолын тартпай қисая кетті. Кек торғын аспанға қарап әжептәуір уақыт үнсіз қалды. Жуан торының гүрсілдетіп жоңышқаны үзгеніне де бір көз тастады. Басын қайта көтерді де, құмалақты қолына тегіс жинап алып, қайта тарта бастады. Құмалақтың басқы жолы тура алдыңғыны қайталады. «Қауіп бар», деп тұр. Тәуекел! Не болса да аяғына дейін тартып шықты.
Құмалақшының көзі шарасынан шығып кетті. «Не пәле болды, бұл»,— дейді ішінен. Бет-ауызы жыбырлап, шоқша сақалды иегі тұштандаңқырап, жанында қатты күйзеліс пайда болды. Сасып қалып орнынан қарғып тұрды. Қайта отыра кетті. Құмалақ жаюлы қалпымен тұр. Бәрі сарнап сөйлеп тұр. «Жолға жүрсең не атың өледі, не езің өлесің. Үйіңе барсаң не атың еледі, не қатының өледі». Бір кезек құмалақты уыстап алып, өзен жағасына шашып жібергісі келді. Бірақ құмалақ ашқан өзі. Оған құмалақ қанша кінәлі!
— Япырмай, ә?— дей берді ол күрсініп.— Не істесем екен.
Құрмаш құмалақты жинап алды. «Жазған құлда шаршау жоқ». Құмалақты қайта тартты. Тағы да құмалақ сол сезден танбайды. «Үшеуіңе де қауіп, үшеуіңнің бірің өлесің»,— дейді. Құмалақты маңдайына, тұмсығына, иегіне тигізіп, тәу етті. Шашып жіберіп қайта біртіндеп шымшылап жинап алды да, үшінші рет қайта салды. Құмалақта өзгеріс жоқ. Алғашқы сезді айтып сарнап тұр: «Үйіңе барсаң не атың өледі, не қатының өледі, жолға шықсаң не атың өледі, не өзің өлесің». Құмалаққа қарағысы келмей, беттемей қалды. Ажалының, азабының бәрі құмалақта тұрғанын көріп, жинамай, тіпті енді құмалақты ұстаса қолы күйетіндей болып отырды. Құмалақ салулы жатыр. Бұл орынынан тұрып, біраз бойын жазды.
Төңіректен жусанның ашқылтым, қош иісі шықты. Шіркін, осы тынымсыз дүниенің маған ақырының таянып-ақ қалғаны ма?! Ең болмаса шиеттей жеті баланы жеткізе алмай кететін болдым-ау деген ойына келгенде иманы ұшып, үрейлене түсті. Әйелі болса жас басынан тізесінен сарып болып жүргені анау. Баланың алды тоғызға жаңа келді. Ең болмаса әйелі сау болса екен-ау. Егер «жаман айтпай жақсы жоқ» мұның көзі жұмыла кетсе,«балаларыңды асырай ғой, байқұс» дейді дейсің бе, бай ағайынның бірі Ұлбосынды қатын үстіне алып, оны күң, балалардың барлығын шетінен малшы-қосшы етері хақ, оған бөркіңді баса ки, солай болары сөзсіз. Ал әйелі өлсе ше? Осы жерге келгенде оның жүрегі дүрсілдеп соғып, айдалада отырып қара суға түсіп терлеп кетті. Әйелі өлгені не, өзі өлгені не, балалары үшін оның бәрі бір.
Ол жаюлы жатқан шапанының үстіне жалп етіп отыра кетіп, орамал үстінде үйездеген қойша екі-үштен, үштен-төрттен жатқан әдемі бұршақ-добияны қолына жинап алды. Не де болса құмалақты Ұлбосынның өз басына ғана салып көргісі келді.
...Әйелі қағанағы қарқ, сағанағы сарқ тып-тыныш отырғанға ұқсайды. Бірақ құмалақ оған да қауіп бар екенін тағы да зарлап айтып жатыр. «Әйелің өледі дейді ә, деп ойлады Құрмаш.— Жеті баланың алды тоғызда, артына үш ай. Сонда бесікте қалған жеткіншектің күні не болады? Басқа ши борбайлар, жалбыр шаштардың күні қараң емес пе!? «Әкемді алсаң ал құдай, шешемді қой, шекпен тоқып берсе де өлмеймін ғой» деген емес пе. Онда өзімнің өлгенім-ақ жөн ғой. Ал торы ат өлсе ше? Алатын құдай оны менен сұрап тұра ма?! Дегенмен, оның өлгені мені бір кеміп кетпей ме. Қара жаяу қалу қай қазақтың көнетін қорлығы еді». Нақ осы бір кезде мен еле қоймаспын дегендей торы керіліп тұрып, шорылдатып зар төкті. Сонан соң аяқтарын жинап, оң бүйірінде қанжығада байлаулы тұрған атдорбаны бұрылып тұрып иіскеді де, бір-екі мәрте үріккендей қорс-қорс етті. «Жануар, онысы несі, елеріне көрініп тұр ма. Ат бүйіріне қараса еледі дейтін еді. Шынымен-ақ жануар жаяу тастап кетпек пе».
Жамандатқан жылқы шынында жатқан жерінде бұрылып тұрып бүйіріне қарағанын Құрмаштың талай кергені бар-ды. Жуан торы тағы мойнын он жағына бұрып, бүйіріне қарап, атдорбаны тағы иіскеді, тағы қорс-қорс етті. Ақыры қайта отқа кірісті. Торы оттағанын қоя салып, тапыр-тұпыр ете қалды. Ал мынаның ажалы жеткен екен деді Құрмаш. Жанына келіп көріп еді, бүгелектеп тұр екен. Иесін бір піскен қойып, қайта отқа кірісті.
Шынымен атым өле ме? Құрмаш қайта орнына келді де, отырып торыға құмалақ ашты. Құмалақтың айтары бір сөз: Үшеуіңнің біреуіңе қауіп төніп тұр дейді. Бірақ мына бір жалғыз құмалақтың айтып тұрған шұбар аты не? Неғылған шұбар ат, ол?
Бесінде келген Құрмаш құмалақты тарта-тарта күн ұясына таяп қалғанын да байқамады. Құмалақ жаюлы тұр, құмалақшы мөлиіп, мойыны салбырап кеткен, екі көзі сонда. Нақ осы бір шақта торыға кезі түсіп еді, ол әлде қайда құлағын қадап қалыпты. Торы құлағын тіккен жаққа қарап Құрмаш бір атты кісінің келе жатқанын көрді. Өз басына өлім қаупі төніп, ажал құрығын салайын деп тұрғанда Құрмаштың көлденең кек аттыда жұмысы не. «Түйесі жоғалмаған, ақылы түгел адам» мұны қайтсын. Біреудің қайғысын біреу қайғырушы ма еді. Құрмаш мөлиген күйі, бүкшиіп отыра берді. Тіпті ұнжырғасының түсіп кеткені сонша, атты кісінің жанына келгенін де байқамады.
— Оу, батыр, кеш батып барады, нағып отырсың. Құмалағың не Дейді?— деді келген адам ат үстінен. Қасы түксиіп, қабағы түсіп кеткен Құрмаш оның бетіне қарамаған күйі солғын жауап берді:
— Құмалақ жолға шықсаң не атың еледі, не өзің елесің дейді, үйіңе барсаң не атың өледі, не қатының өледі дейді. Содан бесіннен бері мазам кетіп жүре алмай, айдалада отырғаным.
Атты кісі аттан түспеді, қайта тіл қатты:
— Қане, құмалақшым, құмалағыңды көрсетші, басынды тартшы!
Құрмаш келген кісіге енді ғана қарады. Астында шұбар аты бар, қара сүр, шоң мұрынды, сепкіл бетті кісі екен. Күректей ақ сақалын әбден тараған ба, желп-желп етеді. Киімі жұпыны. Сен не білуші едің дегендей, Құрмаш құлықсыз ғана шалқайып отырды. Шұбар атты кісі ат үстіне сөйлеп кетті.
— Құмалақшым, құмалақшы-ақ екенсің. Тұр, орныңнан, тұр да анау атдорбаңды барып алып түбінен ұстап сілкіші,— деді. Құрмаш орнынан сенімсіздеу тұрып, атының оң жағына байлаған атдорбаны шешіп алды да, түбінен ұстап сілкіп қалды. Жеңді білектей қара шұбар жылан сылқ етіп жерге түсті де, сумаңдап жоңышқа арасымен ирелеңдей жөнелді. Жыланнан қорқып қалған Құрмаш сүлесоқ, қаққан қазықтай қатып қалды.
— Ал енді сені алатын жау жоқ, үйіңе жүре бер. Құмалақшым, құмалақшы-ақ екенсің, қырық құмалақтың тілін біледі екенсің де, біреуін білмейді екенсің.
Шұбар атты жерде салулы жатқан құмалаққа ат үстінен қайта үңілді де:
— Құмалақтың отыз тоғызын кәміл біледі екенсің. Қырқыншысын шала білесің. Анау құмалақ шұбар атты кісі келеді, сол сені құтқарады деп тұрған жоқ па?— деп сәл үнсіз тұрды. — Сені сегізінші күші құмалақпен ауыздандырған екен. — Құрмаш оның айтқанын жақсы түсінді. Қойдың бір құмалағы жусан басына ілініп қалса керек-ті. Сол құмалақты шөп басынан жеті күн дегенде алып, жаңа туған баланы сонымен ауыздандырса керек. Шұбар аттының айтқаны сол. Шұбар атты қайта сөйледі;
— Бір жарым құмалақтың тілін білмейтінің сол. Ал енді сені алатын жау жоқ, қош бол, бауырым!— деп шұбар атты тебініп қалып, жорғасын жолға салып, көйкелте жөнелді. Оның Тайторы Қосдәулет құмалақшы екенін Құрмаш екі жылдан кейін ғана білді. Бірақ Құрмаш үйіне аман жеткен соң құмалақ ашуды біржола қойып кетті.
1983

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әңгіме Балғабек Қыдырбекұлы Құмалақшы туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Балғабек Қыдырбекұлы Құмалақшы на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке