Болашақта кім болам?

 Болашақта кім болам?

Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтың қалай тез өтіп кететінінде байқамай қалады. өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнын табу емес пе? Мен әлі мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушымын , ата-анамның көзінде кішкентай қыз болсам да , өз болашағым жайлы көп ойланамын. Алдағы өмірім қандай болмақ? Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі атанамын? деген сұрақтарға көп ойланамын. Жай ғана ойланудың аз екендігінде білемін. Сондықтанда қазірден бастап алдыма мақсат қойып , оған табанды түрде кірісіп , арманымның жетегіне еріп келемін.

Елбасымыз айтқандай «Болашақ-білімді жастардың колында» демекші біздің болашағымыз өз қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу де өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты , нұрлы да шуақты болуы үшін менің ойымша ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атану. Себебі , әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар. Мысалға ұстаздықты алатын болсақ , Мағжан Жұмабаев «Қазақтың қаны да бір , жаны да бір жолбасшысы-мұғалім» демекші ұстаздық ең жоғарыда тұратын , өте құрметті де қадірлі мамандық. Ұстаз алдындағы шәкіртті қандай жолға түсірсе , шәкірт сол бағытты өмір бойы ұстанып жүреді деп ойлаймын. Жалпы жалғыз ұстаздық қана емес , мейлі шахтер болсын , аспаз , құрылысшы болсын , өз алдында жеке бір мамандық деп білемін.

Ал өзім жайлы айтатын болсам , болашақта қандай салада жұмыс істейсің? деген сұраққа мен ойланбастан биология саласы дер едім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманда биология , химия , физика және математика салаларына жете көңіл бөлінсін» демекші мен жеке биология саласын одан әрі дамытқым келеді. Атақты ғалымдар сияқты жаңалықтар ашу менің басты мақсатым. Әрине бұның барлығы да қазір арман болса да , жоғарыға көтерілу жолында қиындықтар туындайтынын білсем де , мен бұл мақсатыма жететініме сенімдімін. Және де бұл ойымды жүзеге асыру мақсатында қазіргі күннен бастап мен алға қарай қадам басудамын.

Ермукан Дарига 9 сынып оқушысы


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 9
  1. Zharar.com
    Zharar.com 26.01.2022 22:32
    4 + 4 -
    Эссе керемет жазылған !Маған ұнады!!!
  2. Улбосын
    Улбосын 13.12.2020 17:38
    7 + 5 -
    Оте оте маганалы екен??
  3. Жансу
    Жансу 02.12.2020 17:02
    9 + 2 -
    Күшті
  4. Данагул Мендигали
    6 + 3 -
    Маған осы керек еді
  5. Данагул Мендигали
    6 + 2 -
    Өте керемет
  6. Мухамеддин Байшуахов
    4 + 5 -
    негизи али де коп нарсе керек бирак осыда керемет
  7. Ақжібек
    Ақжібек 19.10.2020 20:43
    5 + 2 -
    Мәс саған ??????????
    Керемет эссе???
  8. Ақбота
    Ақбота 19.10.2020 20:42
    3 + 4 -
    [quote=Бейбіт]Бұл тақырып маған қатты ұнады ?
    Кім жассада керемет қылып, әсем қылып жазыпты??
    Жазған адамға көп көп рахметімді айтамын ??





    Ия мағанда бұл тақырып қатты ұнады♥♥♥♥♥
  9. Бейбіт
    Бейбіт 19.10.2020 20:41
    3 + 5 -
    Бұл тақырып маған қатты ұнады ?
    Кім жассада керемет қылып, әсем қылып жазыпты??
    Жазған адамға көп көп рахметімді айтамын ??