Арманым көп ту қылып қойған алға мың

 Арманым көп ту қылып қойған алға мың

Ақтөбе облысы
Хромтау ауданы
Бөгетсай мектеп-гимназиясы
9-класс оқушысы
Қалбанова Нұршат

Мен Тәуелсіз Қазақстан азаматы болғанымды мақтан тұтамын.Тарихымызды парақтап қарасақ ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолында қар жамылып,мұз жастанып,ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ұрпақ үшін,ел үшін еліміз бен жерімізді қан қырғын жаугешілік заманында қалай қорғағанына тәнті боламыз.Қаншама жылдар бойы тәуелсіздікті аңсап,арманда кеткен ата-бабаларымыз көре алмаған тәуелсіздік мына біздің еншімізге бұйырып отыр.Тәуелсіздік деген не?Біз, қәзіргі балалар,осы тәуелсіздіктің қәдірін қалай бағалаймыз?осы жайлы ойланып көрейікші.Тәуелсіздік өз-өзінен оңай келе салдыма?әрине олай емес!басқа мемлекеттермен салыстырып қарайықшы.Небір мемлекеттерде бір үзім нанға зар болып,оқу дегеннің не екенін білмейтін де балалар бар екенін ұмытпайық.Ал біз ше? Біздің еліміз-Тәуелсіз Қазақстан.Батыстан шығысқа қарай, сонау Каспийдің жағалауынан Алтайдың баурайына дейін созылып жатқан кең байтақ жерімізде емін-еркін, алаңсыз өмір сүріп жатырмыз.Қәзіргі ел басқарып отырған мемлекет қызметкерлері,бізге тәлім-тәрбие беріп,барлық жағдайымызды жасапотырған ата-аналарымыз,жаңа технологиялық құралдар арқылы саналы тәрбие мен сапалы білім беріп отырған аяулы ұстаздарымыз біздің болашағымыздан зор үміт күтіп отыр.

Олай болса,осындай Көк Байрағы биікте желбіреген еліміздің еңсесін түсірмей,барлық мемлекеттермен бәсекеге лайық болатын еліміздің ертеңі болу-біздің парызымыз.С.Торайғыров атамыз кезінде:»Алдыма толған мақсат,толған таңдау,Алайын анасын ба,мынасын ба?» деп толғағандай, менде болашағым жайлы көп ойланып, көп толғанып отырамын.Арманым көп ту қылып қойған алға мың. . .Кім болсақ та,қандай мамандық иесі болсақ та елімізге қызмет ету біздің қолымызда.Сондықтан да,бос уақытты құр босқа өткізбей,білім сусынын молынан сіміріп,ертеңге,ертеңге нық қадаммен алға ұмтылуымыз керек.Ата-баба аманатын алға қарай жеткізіп,ұлттық салт-дәстүр,әдет-ғұрып пен әдебиет,тарих,мәдениетімізді келер ұрпаққа біз жеткізуіміз кеерк.Сондықтан да, мен-қатар құрбыларымның болашақта еліміздің мәңгілік ел болуына өз үлестерін қосуын қалаймын.Сондықтан бәріміз тынбай еңбек етіп,мақсатымызға жетуіміз керек.Болашақта елді басқаратын-біз,Тәуелсіз қазақстан Республикасында дүниеге келген жастар мен балалар.

Сол себепті,еліміздің ауыз біршілігі мықты болуы үшін,қазақтың қасиетті тілін,ата-бабадан келе жатқан дәстүр,салтымызды, тарихымызды біліп қана қоймай,қастерлеп сақтауымыз тиіс деп ойлаймын.Қазақстанда тұратын тұрғындардың орташа өмір сүру жасын75-ке дейін жеткізу,әрбір Қазақстан азаматын тегін дәрігерлік көмекпен қамтамасыз еткім келеді,елімізде тұратын қазақ ұлт өкілдерінің кем дегенде 95%-ы қазақ тілін жетік меңгеруі тиіс мектеп бағдарламасындақазақ тілінің сабағының орны ерекше екенін түсіндіру.Сонымен қатар,қазақ тілі мектепте ғана емес,бүкіл халыққа қызмет көрсету орталықтарында ең негізгі тіл болуын қалаймынҚәзір ,қазақ тілінен гөрі,ағылшын тіліне өте қатты көңіл бөлінеді. Мен,сен,Сіз,ол-еліміздің ертеңіміз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру